KRAFT TCH-UMD8201W [55/76] Пайдалану

KRAFT KF-UME6201W [55/0] Пайдалану
55
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
КІР ЖУАТЫН МАШИНА АВТОМАТ
ЭЛЕКТР ҚУАТЫН БЕРУ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСУ
Бұл тұрмыстық аспап электрмен қоректендіру бауында орнатылған жерге қосылатын
ашамен жабдықталған. Сондықтан ол қысқа тұйықтаудан қорғау үшін тиісті электр
розеткасына қосылуы керек.
Электр жүйесін орнату, қосу және жерге қосу еуропалық стандарттардың
ережелеріне, сондай-ақ қолданыстағы жергілікті нормативтерге сәйкес келуі тиіс. Жерге
қосу кабелі айырғышпен ажыратылмауы тиіс.
Егер сіздің пәтеріңізде жерге қосу мүмкіндігі қарастырылмаған болса, оны орнату
үшін білікті электрик көмегіне жүгініңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр желісінің розеткасы еркін қол жететін
жерде болуы керек, кір жуатын машина электр энергиясы желісіне оңай
қосылуы керек.
Кір жуатын машинаны пайдаланған кезде максималды ток 10 А құрайды, үйіңіздегі
электр жүйесі (ток, кернеу және сымдар) жұмыс істейтін кір жуатын машинаның та-
лаптарына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Желідегі қуат кернеуі машинаның номи-
налды кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз (220 В).
Кір жуатын машинаны жерге дұрыстап тұйықталған розеткаға қосыңыз. Қысқа
тұйықталу жағдайында жерге қосылу электр тогына соғылу қаупін азайтуы мүмкін.
Қоректендіру ашасы жалғанатын розеткаға сәйкес болуы тиіс.
Ашаны дымқыл қолдарыңызбен қоспаңыз немесе суырмаңыз.
Ашаны шығарған кезде, оны розеткадан ұстап тұрып, абайлап суырып алыңыз.
Электр қоректендіру бауын тартқыламаңыз.
Егер электрмен қоректендіру бауы бұзылған болса, ол сервис орталығында ауысты-
рылуы тиіс.
ПАЙДАЛАНУ
ҚОСАР АЛДЫНДА
Кір жуатын машина тек тұрмыстық мақсатта пайдалануға арналған, оны тек машина-
да жууға болатын маталарды жуу үшін ғана пайдалануға болады. Кір жуатын машина
кілемдерді жууға арналмаған.
Кір жуатын машинаңызды тек салқын суға қосуға болады. Тек машинада жуу үшін
пайдалануға болатын, көбікті аз түзетін тұрмыстық кір жуғыш ұнтақты таңдаңыз.
Су беру және электрмен жабдықтау кір жуу аяқталғаннан кейін тоқтатылуы тиіс.
Кір жуатын машинаны пайдалануға арналған қоршаған орта шарттары:
1. Қоршаған ауа температурасы: 0-40°С.
2. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 25°С кезінде кемінде 95%.
ЖУАР АЛДЫНДА
Таңдалған бағдарлама үшін кірді жүктеу нормасынан асырмаңыз.
Машина мен киімдерді бүлдірмес үшін киімдердің қалтасынан барлық бөгде
нәрселерді, мысалы, монеталар және т.б.алып тастаңыз.

Содержание

Похожие устройства