KRAFT TCH-UMD8201W [50/76] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

KRAFT KF-UME6201W [50/0] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
50
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
КІР ЖУАТЫН МАШИНА АВТОМАТ
!
ЭЛЕКТР ТОГЫНАН ЗАҚЫМДАНУ ҚАУПІ
Электрмен қоректендіру бауының ашасын аспапты орнатқаннан кейін ғана розеткаға
тығыңыз. Розеткаға еркін қол жететініне көз жеткізіңіз. Бұл ретте кабель ашасын дымқыл
қолмен ұстауға болмайды. Ашаны әбден құрғатыңыз, оны шаңнан тазартып, розеткаға
абайлап тығыңыз. Шаң, су немесе түйіспенің әлсіз болуы өрттің туындауына немесе
электр тогына соғылуға әкелуі мүмкін.
Орнын ауыстыру, қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде кір жуатын машина электр
желісінен ажыратылуы тиіс. Өшіру үшін ашадан ұстаңыз, электрмен қоректендіру ба-
уынан тартпаңыз және тартқыламаңыз.
Электрмен қоректендіру бауы, розеткасы мен су құю және ағызуға арналған шлангы-
лары бүлінген кір жуатын машинаны пайдаланбаңыз.
Электрмен қоректендіру бауын бұрауға, майыстыруға немесе ұзартуға болмайды.
Оның үстіне ауыр заттар қоймаңыз. Баудың заттың өткір шеттеріне және қызып
тұрған заттарға тиіп кетпеуін қадағалаңыз.
Кір жуатын машинаны көшеде пайдаланбаңыз, жаңбыр, ылғал, тіке түсетін күн
көзінен және басқа да атмосфералық құбылыстардың әсерінен қорғаңыз, сондай-ақ
ылғалдылығы жоғары бөлмелерде қоршаған орта температурасы 0°Cан төмен жер-
де сақтамаңыз. Аспапты дымқыл жерге орнатпаңыз.
Аспаптың кез-келген бөлігіне судың және қандай да бір сұйықтықтың түсуіне жол
бермеңіз. Ешбір жағдайда кір жуатын машинаны, электрмен қоректендіру бауын
немесе розетканы дымқыл қолмен ұстамаңыз. Дымқыл киімді басқару панеліне
тигізбеңіз.
Кір жуатын машинаны электр желісінен ажырату үшін электрмен қоректендіру сы-
мын тартпаңыз, ашаны ұстамаңыз, оны тартпаңыз немесе күшпен суырып алмаңыз.
Егер кір жуатын машина су астында қалған болса, оны пайдалануға тыйым салына-
ды. Кір жуар алдында су ағызатын шлангының дұрыс жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Егер сіз судың ағып тұрғанын көрсеңіз, кір жуу кезінде машинаға жақындамаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Желіге артық жүктеме түсірмес үшін сол тізбек-
те басқа жоғары қуатты құрылғыларды пайдаланбаңыз.
!
ЖАНУ МЕН ЖАРЫЛУ ҚАУІПТІЛІГІ
Кір жуатын машинаны кілемге орнатпаңыз (орнатылатын орны тегіс және қатты бо-
луы керек), сондай-ақ жылу көздерінің жанына орнатпаңыз, басқа электр аспапта-
рына және қызатын заттарға, ашық от көздеріне жақындатпаңыз.
Егер сіз күйген сымның иісін сезсеңіз немесе машина жұмыс істеп тұрған кезде ере-
кше шу естісеңіз, жуу процесін дереу тоқтатып, өшіріңіз және сервис орталығына
хабарласыңыз.
Кір жуатын машинаны қосу үшін бөлек розетканы пайдалану керек. Бірнеше аспап
үшін бір розетканы пайдалану тұтанудың туындауына әкелуі мүмкін.
Электрмен қоректендіру бауының ашасы бүлінбегеніне және майыспағанына көз
жеткізіңіз. Жарамсыз аша қызып, өрттің пайда болуына себеп болуы мүмкін. Аспапты

Содержание

Похожие устройства