KRAFT TCH-UMD8201W [59/76] Жуу бағдарламаларының сипаттамасы

KRAFT KF-UME6201W [59/0] Жуу бағдарламаларының сипаттамасы
59
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
КІР ЖУАТЫН МАШИНА АВТОМАТ
ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
15 жылдам жуу - шамалы ластанған күнделікті киілетін киімдерді жылдам жууға
(небары 15 минутта) мүмкіндік беретін бағдарлама.
Күнделікті жуу 45’ - қосымша шаю циклымен күнделікті киілетін киімді барлығы 45
минутта жууға арналған бағдарлама.
Қарқынды - қатты ластанған бұйымдарды жуу уақытын 3 сағат 48 минутқа дейін
арттыратын бағдарлама.
Джинсы - тығыз маталар мен джинсы киімді жууға арналған арнайы режим.
Микс - шамалы ластанған аралас маталарды жуу.
Сығу - сығуға арналған бөлек бағдарлама. Кір жуатын машинаның багынан су
ағызылып, содан кейін киім сығылады.
Шаю + Сығу -киімді бөлек шайқап алып, соңынан әдепкі берілген, ұсынылған сығу
мәндері бойынша шаю үшін қолданылатын бағдарлама.
Гигиена 90°C - температура әсерінен максималды дезинфекциялық әсерге қол жет-
кізуге арналған бағдарлама.
ЭКО 40-60 - бір циклда бір уақытта 40°C немесе 60°C температурада аздап ластанған
мақтадан алынған мата киімдерді жуу
Сақтықпен жуу - нәзік маталарды (блузкалар, шілтер және жұқа немесе үлбіреген
маталардан) жасалған басқа да заттар үшін 0 немесе 40°С температурада жуудың
ұқыпты режимі.
Мақта суық, 30°C, 40°C, 60°C - 0°С-тан 60°С-қа дейінгі температурада жуу.
Барабанның әр түрлі қозғалу режимдерін пайдалану арқасында кір жуу өте сапалы
жүреді. Ақ және түрлі-түсті мақта-мата және мақта матаны (төсек-орын, пижама-
лар, жейделер, іш киім, т.б.) жууға арналған. Температура режимін киімнің ластану
дәрежесіне байланысты таңдаңыз. Киім неғұрлым қатты ластанған болса, соғұрлым
жоғары температура режимін таңдау керек.

Содержание

Похожие устройства