Brayer BR1606 [52/56] Тазалауы және күтімі

Brayer BR1606 [52/56] Тазалауы және күтімі
52
KZ
Шырынға арналған астаушаның астына (26)
қолайлы сыйымдылықты орнатыңыз.
Шырынсыққыш корпусының (14) астына реттеу
бұрандасы (15) жағынан сығындыларға арналған
қолайлы сыйымдылықты орнатыңыз.
Еттартқыш бастиегіне (7) өнімдерге арналған
астаушаны (6) орнатыңыз.
Қуаттандыру бауының ашасын электр розеткасы-
на салыңыз.
Еттартқышты ауыстырғыш (1) арқылы «1 немесе
2» күйіне орнатып қосыңыз.
Жұмыс істеу кезінде тек жеткізілім жиынтығына
кіретін итергішті (5) пайдаланыңыз. Жемістерді
немесе көкөністерді итеру үшін аса көп күш
жұмсамаңыз.
Жемістерді немесе көкөністерді қолмен немесе
басқа заттармен итеруге тыйым салынады.
Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс режимдері
ауыстырғышын (1) «OFF» күйіне орнатып, ет-
тартқышты өшіріңіз, қуат сымының ашасын электр
розеткасынан суырып алыңыз, содан кейін оны
бөлшектеуге кірісіңіз.
Қақпақты (16) шешіп алыңыз, реттеу бұрандасын
(15) бұрып шешіңіз, шырынға арналған астаушаны
(20) шешіп алыңыз, бұранданы (11) оны сағат тілі-
не қарсы бұрап шешіп алыңыз, шырынсыққыштың
иірмегін (19) шығарып алыңыз, шырынсыққыштың
корпусынан (14) торды (18) шығарыңыз, пластика-
лық сақинаны (14) шығарып алыңыз.
Еттартқыш бастиегін (7) шешіп алу үшін бекіткіш
батырмасына (3) басыңыз, еттартқыш бастиегін
(7) сағат тіліне қарсы бұраңыз және оны шешіп
алыңыз (сур. 24).
Шешілмелі бөлшектерді бейтарап жуу құралы
қосылған жылы сумен жуыңыз. Шайыңыз және
кептіріңіз.
ТАЗАЛАУЫ ЖӘНЕ КҮТІМІ
Жұмыс аяқталғаннан кейін, еттартқышты
сөндіріңіз, ол үшін жұмыс режимдері (1) ауысты-
рғышын «OFF» күйіне орнатыңыз және электр ро-
зеткасынан қуаттандыру бауының ашасын суырып
алыңыз, содан кейін оны бөлшектеуге кірісіңіз.
Жұмысқа пайдаланылған бөлшектерді бейтарап
жуу құралы бар жылы сумен жуыңыз, шайыңыз
және құрғатыңыз.
Еттартқыштың корпусын (2) сәл дымқыл матамен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
Еттартқыш корпусын (2) тазалау үшін абразивті
тазалағыш заттарды немесе еріткіштерді пайдала-
нуға тыйым салынады.
Еттартқыш корпусының (2) ішіне сұйықтықтың
тиюіне жол бермеңіз.
Тұздалған немесе қышқыл өнімдерді өңдегенен
кейін, еттартқыштың пайдаланылған шешілмелі
бөлшектерін сумен шайыңыз.
Бояғыш қасиеттері бар көкөністер (мысалы, сәбіз
немесе қызылша) еттартқыш бөлшектерін бояуы
мүмкін, еттартқыш бөлшектерін өсімдік майына

Содержание

Скачать