Bosch 601596000 [129/0] Қызмет көрсету

Bosch GHO 6500H [129/205] Қызмет көрсету
Қазақ | 129
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және
май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар
мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді
қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Қызмет көрсету
u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей
қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
етеді.
Жонғыға арналған қауіпсіздік нұсқаулары
u Аспапты төменге қоюдан алдын кескіш тоқтауын
күтіңіз. Шығып тұрған айналып тұрған кескіш бетке
тиіп басқылау жоғалтуына және қатты
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
u Тоқ кабелін тиіп кету мүмкіндігі себебінен кесу
құрылғысын оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз.
Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе электр
құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны
тоқ соғуы мүмкін.
u Дайындаманы тұрақты ретте ұстау үшін бекіту
және тіреу үшін қамыт немесе басқа жолын
пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен немесе денеге
тіреп ұстау оны тұрақты емес қылып бақылау
жоғалуына алып келуі мүмкін.
u Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде
апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп
кері соғу қаупі пайда болады.
u Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз.
Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.
u Метал заттар, шеге немесе бұрандалар үстінен
жонғыны жүргізбеңіз. Пышақ пен пышақты білік
зақымданып қатты дірілдеуге алып келуі мүмкін.
u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
u Жонғымен жұмыс істегенде табандығының
дыйындамада толық жатуын қадағалаңыз. Кері
жағдайда жонғы қисайып, жарақаттарға алып келуі
мүмкін.
u Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы брус және тақта сияқты ағаш өнімдерін
жонғымен өңдеуге арналған. Ол сондай -ақ қырларды
жону және ою үшін де жарамды.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1)
Жоңқалау тереңдігі шкаласы
(2)
Жоңқалау тереңдігін реттеу үшін айналмалы
реттегіш (беті оқшауландырылған)
(3)
Жоңқаларды шығаруға арналған келте құбыр
(4)
Сөндіргіш бұғаттағышы
(5)
Қосқыш/өшіргіш
(6)
Таспа қаптамасына арналған бұранда
(7)
Таспа қаптамасы
(8)
Жонғы табандығы
(9)
V-ойықтары
(10)
Жұлдыздық кілт
(11)
Бұрандама қысқыштың бекіткіш бұрандасы
(12)
Бұрандама қысқыш
(13)
Пышақ басы
(14)
Жонғы пышағына арналған бағыттауыш ойық
(15)
HSS жонғысының пышағы
(16)
HSS жонғысы пышағының қамыты
(17)
HSS жонғысы пышағының қамытын бекіткіш
бұранда
(18)
HSS жонғысы пышағын қайрау аспабы
(19)
HSS жонғы пышағын реттеу шаблоны
(20)
HM/TC жонғы пышағы
a)
(21)
Параллельді тірек
(22)
Ойық ені шкаласы
(23)
Ойық енін реттейтін сомын
(24)
Параллельдік/бұрыштық панель үшін бекіткіш
бұрандама
(25)
Бұрыштық панель
a)
(26)
Бұрышты реттеу үшін бекіткіш сомын
a)
(27)
Ою тереңдігі планкасы үшін бекіткіш бұрандама
a)
(28)
Ою тереңдігінің планкасы
a)
(29)
Сақтайтын башмак
(30)
Қозғалтқыш белдік
(31)
Үлкен белдік дөңгелегі
(32)
Кіші белдік дөңгелегі
(33)
Тұтқа (беті оқшауландырылған)
Bosch Power Tools 1 609 92A 4LE | (25.03.2021)

Содержание

Похожие устройства

Скачать