Bosch 601596000 [130/0] Жонғы пышағын шешу a c суреттерін қараңыз

Bosch GHO 6500H [130/205] Жонғы пышағын шешу a c суреттерін қараңыз
130 | Қазақ
(34)
HSS жонғы пышағынан TC жонғы пышағына
ауыстыратын адаптер
a)
a)
Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды
біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
Жонғы GHO 6500
Өнім нөмірі
06015960..
Номиналды тұтынылатын қуат Вт 650
Бос жүріс күйіндегі айналу
жиілігі
мин
-1
16500
Кесу тереңдігі мм 0–2,6
Ойық тереңдігі мм 0–9
Макс. жонғы ені мм 82
Салмағы EPTA-Procedure
01:2014 құжатына сай
кг 2,8
Қорғаныс класы
/II
Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу
және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.
Шуыл және діріл туралы ақпарат
EN62841-2-14 бойынша есептелген шуыл
эмиссиясының көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл
деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым
деңгейі 86дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 97дБ(А). K
дәлсіздігі = 3дБ.
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Жалпы діріл мәндері a
h
(үш бағыттың векторлық
қосындысы) және K дәлсіздігі, EN62841-2-14 бойынша
есептелген:
a
h
= 5,5 м/с
2
, K = 1,5 м/с
2
.
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл
эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша
өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен
салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы
тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр
құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жонғы пышағын таңдау
Электр құралы түрлі жонғы пышақтарымен жабдықталған
болуы мүмкін.
Адаптерді (34) (керек-жарақ) орнату арқылы электр
құралын HSS жонғы пышақтарынан (15) HM/TC жонғы
пышағына (20) ауыстырып қосуға болады.
Пышақ алмастыруда әрдайым екі жонғы пышағын да
алмастырыңыз, әйтпесе әркелкі тербеліс орын алып,
электр құралды пайдалану мерзімі қысқаруы мүмкін.
HSS жонғы пышағын алмастыру
u Жонғы пышағын алмастыруда абай болыңыз.
Жонғы пышағын кесу қырынан ұстамаңыз. Кесу
қыры өткір болып жарақаттауы мүмкін.
Жонғы пышағын шешу (A–C суреттерін қараңыз)
Жонғы пышағын алмастыру үшін пышақ бастиегін (13)
бұрандама қысқыш (12) жонғы табандығына (8)
параллель тұрғанша бұраңыз.
3 бекіткіш бұранданы (11) жұлдызшалы кілтпен (10)
бұрап шығарып, бұрандама қысқышты (12) алып
тастаңыз.
Қапсырманы (16) жонғы пышағымен (15) бірге
пышақ бастиегінен (13) немесе бағыттауыш ойықтан
(14) шығарыңыз.
Пышақ бастиегін 180° шамасына бұрап, 2-ші жонғы
пышағын шешіңіз.
Нұсқау: жонғы пышағын алмастырудан немесе
қайраудан бұрын қапсырманы (16) бекіткіш бұранданы
(17) босату арқылы алып тастаңыз.
HSS жонғы пышағын қайрау (D суретін қараңыз)
Өткірлеу аспабын (18) (керек-жарақ) және стандартты
қайрақ тасты пайдаланып, тозған немесе өтпейтін HSS
жонғы пышағын қайраңыз.
Екі жонғы пышағын қайрау аспабына салып, қатпарлы
бұранданы бекітіңіз. Екі жонғы пышағы тірелгенше
салынғанына көз жеткізіңіз.
Өткірлеу аспабына орнатылған жонғы пышақтарын бір
қалыпта және жай басып, қайрақ тастан өткізіңіз.
Нұсқау: жонғы пышақтарын ең көбі 6мм-ге 23мм
минималды еніне дейін қайрауға болады. Сосын екі
жонғы пышағын алмастыру керек.
Жонғы пышағын монтаждау (E–
Fсуреттерінқараңыз)
Жаңа немесе өткірленген жонғы пышағын қайта
орнатудан бұрын пышақ бастиегін(13) және қажет
болса, жоңғы пышағы(15) мен қапсырманы(16)
тазалаңыз. Қатты шайырланған жонғы пышақтарын спирт
немесе керосинмен тазалаңыз.
Нұсқау: жаңа немесе өткірленген жонғы пышақтарын
орнатудан бұрын әрдайым дұрыс күйге дәлдеу керек.
1 609 92A 4LE | (25.03.2021) Bosch Power Tools

Содержание

Похожие устройства

Скачать