Gorenje GTW6INI [43/52] Газға қосу

Gorenje GTW6INI [43/52] Газға қосу
43
Іске қосу схемасы
Аспапты дұрыс қоспау оның бөлшектерінің зақымдануына əкеп соғуы мүмкін. Бұл
жағдайда сіз кепілді қызмет көрсету құқығын жоғалтасыз!
Қосар алдында зауыттық маңдайшада көрсетілген кернеудің желідегі нақты кернеуге
сəйкес келуін тексеру керек. Желідегі жалғау кернеуін маман өлшеу аспабының көмегімен
тексеруге тиіс!
Аспаптың артқы қабырғасындағы жалғау кабелін ол пісіру панелінің артқы қабырғасына
жанаспайтындай төсеңіз, өйткені аспап жұмыс істеп тұрған кезде ол қызып кетеді.
Іске қосу үшін мыналарды пайдалануға болады:
H05RR-F – 3x0,75mm
2
H07RN-F – 3x0,75mm
2
H05RN-F – 3x0,75mm
2
H05V2V2-F – 3x0,75mm
2
H05VV-F – 3x0,75mm
2
ПОД НАПРЖЕНИЕМ = L = КОРИЧНЕВЬІЙ
ЗАЗЕМЛЕНИЕ = = ЖЕЛТО-ЗЕЛЕНЬІЙ
НУЛЕВОЙ = N = СИНИЙ
ГАЗҒА ҚОСУ
Аспап қолданыстағы ұйғарымдарға сəйкес орнатылуы жəне іске қосылуы керек. Ерекше назарды жеткілікті
желдетуге аударыңыз! Аспапты іске қосу жəне пайдалану алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз
Іске қосар алдында жергілікті іске қосу талаптары (газдың түрі мен қысымы) аспапты күйге келтіруге сəйкес
келетінен көз жеткізіңіз.
Пайдалануға болатын газдың санаты мен түрі ʺГаздың басқа
түріне күйге келтіруʺ-кестеде келтірілген.
Аспаптың газды күйге келтіру өлшемдері зауыттық тақтайшасында көрсетілген.
Аспап жанатын өнімдерді өткізуге арналған түтіктерге қосылу үшін арналмаған (мысалы, түтіндік).
Аспап іске қосу жөніндегі қолданыстағы ұйғарымдарына сəйкес орнатылуы жəне іске қосылуы керек. Ерекше
назарды жайды желдетуге арналған талаптарына аударыңыз (a = мін. 100 см
2
).
Іске қосу процесі
Газ көзіне қосуы қолданыстағы ұйғарымдарға жəне жергілікті газбен жабдықтау
кəсіпорнының қосу талаптарына сəйкес жүргізіледі.
Аспаптың төменгі жағынан ISO7-1 R1/2 сыртқы оймасы бар газ көзіне қосылу үшін
газқұбырының түтігі орналасқан.
Аспаптың жиынтығында сұйытылған газға арналған өткізгіш, сыртқы бұрандасы бар
коникалық өткізгіш ажыратқышы жəне металл емес төсемі қоса беріледі.
Іске қосу барысында R1/2 түтігін ол айналып кетпеуі үшін ұстап тұру қажет.
Жалғауларды герметикаландыру үшін рұқсат етілген металл төсемдер мен басқа да
герметикаландыру үшін рұқсат етілген материалдары қолданылады.
Төсемдер тек бір рет қолданыла алады. Тегіс металл төсемдерін қысудың мүмкін
деформациясы 25% құрайды.
Аспап газ көзіне сертификатталған иілмелі шлангысы көмегімен қосылады.

Содержание

Скачать