Gorenje GTW6INI [48/52] Тазарту жəне күтіп ұстау

Gorenje GTW6INI [48/52] Тазарту жəне күтіп ұстау
48
ТАЗАРТУ ЖƏНЕ КҮТІП ҰСТАУ
Пісіру панелін тазарту үшін жоғары қысымды тазартқыштарды жəне бу ағынды
тазартқыштарды пайдаланбаңыз, өйткені бұл қысқа тұйықталуды тудыруы мүмкін
жəне электр тогына ұрынуға əкеп соғады.
Аспапты жиі тазартыңыз, əр пайдаланғаннан кейін оны арнайы суытып алып
тазартқан жөн.
Су дақтары мен əк шөгінділерін болдырмау үшін, сумен тазартылған беттерін
құрғатып сүрту үшін
жұмсақ матаны пайдаланыңыз.
Ағып кеткен тамақ жанарғы элементтері мен тотықпайтын болаттан жасалған
плитаның түссізденуін тудыруы мүмкін. Барлық кірленулерді бірден кетіріңіз.
Өз құрылығыңыздың сыртқы беттерінің ақаулануын болдырмау үшін
мыналарды пайдаланбаңыз:
құрамында сода, сілті, аммиак, қышқыл немесе хлоридтері бар жуғыш құралдарын,
құрамында қаспақты кетіруге арналған құралдары бар жуғыш құралдарын,
дақ кетіргіштері мен тот кетіруге арналған құралдарын,
абразивті жіғыш құралдарын, мысалы, ұнтақ жəне крем тəрізді жуғыш құралдарын,
ерітінді негізіндегі жуғыш құралдарын,
ыдыс жуғыш машинасына арналған құралдарын,
гриль мен духовкаға арналған жуғыш құралдарын,
шыны тазартуға арналған құралын,
қатты, абразивті щеткаларын немесе ысқыштарын, мысалы, құмыра тазартуға
арналған жөке, бұрын абразивті жуғыш құралымен қолданылған щеткалар немесе
ысқыштарды,
өткір шанышпалы заттарды (олар рама мен үстел бетінің арасындағы
тығыздағышты ақаулауы мүмкін).
Тотықпайтын
болаттан жасалған
беті
Тотықпайтын болаттан жасалған беттерді микрофибрадан жасалған майлықпен
немесе жуғыш құралының шағын көлемі қосылған, оны жұмсақ ысқыш көмегімен жаға
отырып, жылы судың ерітіндісімен тазартыңыз. Қиын кетірілетін кірленулерді бірінші
кезек суға малып қою керек. Тазартқаннан кейін барлық беттерін таза шүберекпен
құрғатып сүртіңіз.
Тотықпайтын болаттан жасалған плитаның рамасын тазарту барысында қажет
болған жағдайда
тазартқыш құралын пайдалануға болады. Оны «дəндер» бағыты
бойынша біркелкі жағу керек. Тазартқаннан кейін өз аспабыңыздың жақсы сыртқы
түрін сақтау үшін жəне кірленуді болдырмау үшін тотықпайтын болатты күту бойынша
өнімді пайдалануға болады. Ораудағы нұсқаулықты ұстана отырып, жұмсақ шүберек
көмегімен баяу пайдаланыңыз.
Боялған беттері
Егер кірленулерді (мысалы, тамақпен немесе құрамында тұз, зəйтүн майы бар
сұйықтықпен) жедел кетірмесе, боялған беттері ақауланып қалуы мүмкін.
Барлық кірленулерді жедел кетіріңіз.
Беті боялған тотықпайтын болаттар үшін жуғыш құралдарын пайдаланбаңыз. Бұл
бояуды өшіруі мүмкін.
Торлар жəне басқару
тұтқалары
Тұғырықты жуу үшін ыдыс жуғыш машинасын пайдаланбаңыз.
Торларды шешіп алыңыз. Тор мен басқару тұтқасын жұмсақ жуғыш көмегімен, оны
жаға отырып, жуғыш құралының шағын көлемі қосылған жылы судың ерітіндісімен
тазартыңыз. Қиын кетірілетін кірленулерді бірінші кезек суға малып қою керек.
Тазартқаннан кейін барлық беттерін таза шүберекпен құрғатып сүртіңіз.
Жанарғылар
Жанарғының кез келген бқлшектерін жуу үшін ыдыс жуғыш машинасын
пайдаланбаңыз.
Жанарғы бұралып алынып, содан кейін жұмсақ ысқыш көмегімен жағылған жуғыш
құралының шағын көлемі бар жылы судың ерітіндісін пайдалана отырып, қолмен жуу
керек.
Кетіруге болмайтын жанарғының бөлшектерін тек ылғал матамен сүрту керек.
Жағу шамдары мен тұтантуды сөндіруге арналған құрылғысы жақсы сығылған
шүберекпен мұқият сүртілуі керек.
Тұтанту құрылғысының сулануына жол бермеңіз. Егер ол суланып қалса, ол
жанбайды. Тазалағаннан кейін барлық беттерін таза матамен сүртіңіз.
Жанатын кеңістік таза жəне толық құрғақ екеніне көз жеткізіңіз. Жанарғының беті
уақыт өте күңгірттенеді. Бұл қалыпты құбылыс жəне пісіру панелінің жұмыс істеуіне
əсер етпейді.

Содержание

Скачать