Samsung HW-J8501 [35/99] Мүмкіндіктері

Samsung HW-J8501 [35/99] Мүмкіндіктері
2
ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ
МҮМКІНДІКТЕРІ
9,1Ch арасынан келетін тамаша көлемді
дыбыс
Үлкен теледидарға үлкен дыбыс қажет. Curved
Soundbar құрылғысы қисайған теледидарыңызға
350 ватт тамаша 9.1Ch көлемді дыбыс арқылы өте
қуатты дыбыс тəжірибесін береді. Екі жағындағы
динамиктер қабатты жəне əсерлі тыңдау
тəжірибесін қамтамасыз ету үшін көлемді дыбыстың
əсерін арттыру арқылы оңтайлы тыңдау аймағын
кеңейтеді.
Ағындық музыка қызметтері
Curved Soundbar құрылғысы Wi-Fi мүмкіндіктерінің
арқасында барлық таңдаулы музыкаларға оңай
терең бойлауға мүмкіндік береді. Ағындық музыка
қызметтерінің Интернеттегі ең үздік жазылымды
пайдалану үшін жай ғана Samsung Multiroom
қолданбасына кіріңіз.
TV SoundConnect
Теледидарды жəне Soundbar құрылғысын TV Sound
Connect мүмкіндігі бар Bluetooth байланысы арқылы
оңай қосыңыз. Soundbar құрылғысы мен
теледидардың арасында сымдар болмағандықтан,
тұратын ортаңызда таза сыртқы көрінісін сақтай
отырып, екі жүйенің де жіңішке жəне əдемі
дизайнын көрсетуге мүмкіндік береді. Soundbar
құрылғысы мен теледидарды бір теледидардың
қашықтан басқару құралынан оңай басқарыңыз.
Музыка көзін ортақ пайдалану
(= Multiroom Play)
Бір музыка көзін бірнеше аудио құрылғылары
арқылы əр түрлі орындарда бақылау жəне ортақ
пайдалану Multiroom Link қолданбасымен оңай
орындауға болады. Мобильді қолданба жүйедегі
дыбыс деңгейі мен музыканы əр түрлі құрылғылар
арқылы (мысалы, теледидар, Soundbar, үйге
арналған ойын-сауық жүйесі жəне Blu-ray диск
ойнатқышы) қашықтан басқарады. Қажетті аудионы
қажетті жерде тыңдаңыз.
HDMI
HDMI бір уақытта бейне жəне дыбыс сигналдарын
тасымалдайды жəне айқынырақ сурет береді.
Сондай-ақ, бұл құрылғы теледидар дыбысын HDMI
кабелі арқылы Soundbar жүйесінен тыңдауға
мүмкіндік беретін ARC функциясымен
жабдықталған. Бұл функцияны өнім тек ARC
үйлесімді теледидарға жалғанғанда қолдануға
болады.
USB Host қолдауы
Soundbar's USB HOST функциясы арқылы MP3
ойнатқыш, USB флеш-жады, т.б. сыртқы USB сақтау
құрылғыларын жалғап, музыка файлдарын ойнатуға
болады.
Bluetooth функциясы
Жоғары сапалы стерео дыбыспен музыканы
сымсыз тыңдау үшін Bluetooth құрылғысын
Soundbar жүйесіне қосуға болады!
ЛИЦЕНЗИЯ
Dolby Laboratories лицензиясы бойынша жасалған.
"Dolby" жəне қос D таңбасы Dolby Laboratories
компаниясының сауда белгілері болып тaбылады.
DTS патенттері үшін http://patents.dts.com сайтын
қараңыз. DTS Licensing Limited лицензиясына
сəйкес өндірілген. DTS, Таңба, сондай-ақ, DTS пен
Таңба біргетіркелген сауда белгілері жəне DTS
2.0 Channel — DTS, Inc компаниясының сауда
белгісі. © DTS, Inc. Барлық құқықтары қорғалған.
HDMI мен HDMI High-De nition Multimedia Interface
жəне HDMI логотипі HDMI Licensing LLC
компаниясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі
сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері
болып табылады.
HW-J8500_J8501_KAZ_0225.indd 2HW-J8500_J8501_KAZ_0225.indd 2 2015-02-25  5:19:052015-02-25  5:19:05

Содержание