Samsung HW-J8501 [42/99] Қашықтан басқару құралы

Samsung HW-J8501 [42/99] Қашықтан басқару құралы
9
KAZ
СИПАТТАМАЛАРЫ
ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫ
Anynet+
Anynet+ функциясын қосу немесе өшіру үшін Anynet+ түймесін басыңыз.
(Əдепкі : Auto Power Link OFF, ON - ANYNET+ / OFF - POWER LINK немесе
OFF - ANYNET+ / ON - POWER LINK). Anynet+ функциясы Soundbar
жүйесін Anynet+ функциясымен үйлесімді Samsung теледидарынан
қашықтан басқару құралы арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Soundbar
жүйесі теледидарға HDMI кабелі арқылы жалғануы керек.
* Auto Power Link
Soundbar құралын Optical ұясы арқылы оптикалық байланыспен
қадамдастырады, сонда ол теледидарды қосқанда автоматты түрде
қосылатын болады. (19-бетті қараңыз)
Сондай-ақ, Wi-Fi SETUP функциясын қашықтан басқару құралындағы
Anynet+ түймесін 7 секунд бойы басып тұру арқылы белсендіре аласыз.
ҚАЙТАЛАУ
USB құрылғысынан əуенді ойнату кезінде ҚАЙТАЛАУ функциясын орнатуға
болады.
OFF - REPEAT : Қайта ойнатуды тоқтатады.
TRACK - REPEAT : Жолды қайталап ойнату.
ALL - REPEAT : Барлық жолдарды қайталап ойнату.
RANDOM - REPEAT : Жолдар кез келген ретпен ойнатылады.
(Ойнатылған жол қайта ойнатылуы мүмкін.)
ДЫБЫСЫН ӨШІРУ
Түймені басу арқылы дыбыс деңгейін 0-ге апаруға болады.
Дыбысты алдыңғы деңгейде қосу үшін қайтадан басыңыз.
SOURCE
Soundbar жүйесіне қосылған дыбыс көзін таңдау
үшін басыңыз.
Алға қарай өту
Ойнатылып жатқан құрылғыда екі немесе одан көп файл болса жəне
$ түймесі басылса, келесі файл таңдалады.
SOUND CONTROL
(*Дыбыс деңгейін реттеу үшін
#
,
$
түймелерін
пайдаланыңыз.)
TREBLE, BASS немесе AUDIO SYNC режимін таңдау үшін басыңыз.
Одан кейін,
#
,
$
түймелерін басып, Жоғары жиілік, Басс
режимдеріндегі дыбыс деңгейлерін -3 жəне +3 аралығында реттеңіз.
Əр жиіліктер диапазоны үшін дыбысты реттеу үшін SOUND CONTROL
түймесін шамамен 5 секунд бойы басып тұрыңыз. 150 Гц, 300 Гц, 600 Гц,
1,2 кГц, 2,5 кГц, 5 кГц жəне 10 кГц параметрін таңдауға болады жəне
əрқайсысын -6 жəне +6 арасындағы параметрге реттеуге болады.
Soundbar жүйесі сандық теледидарға қосылған кезде бейне
дыбыспен
синхронды ойнатылмаса, оларды синхрондау үшін SOUND CONTROL
түймелерін басыңыз. Дыбыс кідірісін 0 мс жəне 300 мс арасында орнату
үшін, #,$ түймелерін қолданыңыз. USB режимінде, TV режимінде жəне
BT режимінде, Audio Sync (дыбысты синхрондау) функциясы жұмыс
істемеуі мүмкін.
Soundbar — Samsung компаниясы өнімінің фирмалық атауы.
Теледидарды өзінің қашықтан басқару құралымен басқарыңыз.
HW-J8500_J8501_KAZ_0225.indd 9HW-J8500_J8501_KAZ_0225.indd 9 2015-02-25  5:19:212015-02-25  5:19:21

Содержание