Samsung HW-J8501 [62/99] Бағдарламалық құралдарды жаңарту

Samsung HW-J8501 [62/99] Бағдарламалық құралдарды жаңарту
29
KAZ
ФУНКЦИЯЛАР
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ
ЖАҢАРТУ
5V 0.5A
AUX IN
LAN HDMI IN
OPTICAL IN
HDMI OUT
(TV-ARC)
5V 0.5A
SPK ADDWi-Fi SETUP
DC 24V
USB ҚҰРЫЛҒЫСЫМЕН ЖАҢАРТУ
Samsung болашақта Soundbar жүйесінің ішкі бағдарламалық құралдарына жаңартулар ұсынуы мүмкін.
Жаңарту ұсынылса, ішкі бағдарламалық құралдарды Soundbar жүйесіндегі USB портына ішкі
бағдарламалық құрал жаңартуы сақталған USB құрылғысын жалғау арқылы жаңартуға болады.
Бірнеше жаңарту файлы бар болса, оларды USB құрылғысына бір-бірлеп жүктеп, ішкі бағдарламалық
құралдарды жаңарту үшін бір уақытта бір файлдан пайдалану керек екенін ескеріңіз.
Жаңартылған файлдарды жүктеп алу туралы ақпарат алу үшін, Samsung.com сайтына кіріңіз немесе
Samsung байланыс орталығына хабарласыңыз.
1. Soundbar құрылғысы өшірулі кезде жаңарту микробағдарламасы бар USB сақтау құрылғысын Soundbar
құрылғысының USB портына қосыңыз.
2. Soundbar құрылғысын қосыңыз, UPDATE хабары дисплейде көрсетіледі жəне жаңарту 3 минут ішінде
басталады.
Жаңарту аяқталғаннан кейін Soundbar құрылғысы өшіп, автоматты түрде қосылады.
+ Егер UPDATE хабары көрсетілмесе
1. Soundbar құрылғысын өшіріп, жаңарту файлдары бар USB сақтау құрылғысын Soundbar құрылғысының
USB портына қосыңыз.
2. Қуат сымын ажыратып, оны қайта қосыңыз, одан кейін құрылғыны қосыңыз.
Микробағдарлама жаңартуы бар USB құрылғысын негізгі құрылғыдағы USB портына кіргізіңіз.
USB сақтау құрылғысында Soundbar қолдайтын дыбыс файлдары сақтаулы болса, ішкі
бағдарламалық құралдарды жаңарту дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Жаңартулар қолданылып жатқанда қуатты ажыратпаңыз немесе USB құрылғысын шығарып
алмаңыз. Ішкі бағдарламалық құралдарды жаңарту аяқталғаннан кейін, негізгі құрылғы автоматты
түрде өшеді.
HW-J8500_J8501_KAZ_0225.indd 29HW-J8500_J8501_KAZ_0225.indd 29 2015-02-25  5:19:552015-02-25  5:19:55

Содержание