Samsung HW-J8501 [60/99] Multiroom link қолданбасын пайдалану

Samsung HW-J8501 [60/99] Multiroom link қолданбасын пайдалану
27
KAZ
ФУНКЦИЯЛАР
ЖЕЛІ КҮТУ РЕЖИМІН ҚОСУ
ФУНКЦИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ
Егер сымсыз қосылым смарт құрылғы мен Soundbar құрылғысы арасында дұрыс орнатылса, Желі күту
режимін қосу функциясы қолжетімді болады. Смарт құрылғы Soundbar құрылғысына Bluetooth немесе Wi-Fi
қосылымы арқылы қосылу əрекетін орындағанда бұл функция Soundbar құрылғысын автоматты түрде
қосады. Егер Soundbar құрылғысы Bluetooth қосылымы арқылы қосылған болса, оның кіріс режимі BT
параметріне автоматты түрде орнатылады. Бағдарламаны пайдалану арқылы ғана Soundbar құрылғысын
Wi-Fi қосылымы арқылы қосуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін веб-нұсқаулықты қараңыз.
1. Смарт құрылғыны Soundbar құрылғысына қосыңыз.
2. Soundbar құрылғысының қашықтан басқару құралындағы $ түймесін 5 секундтан артық басу арқылы
Желі күту режимін қосу функциясын қосыңыз. $ түймесін қайта 5 секундтан артық басу арқылы
функцияны өшіруге болады.
●Егер Soundbar құрылғысы смарт құрылғының жұптасқан құрылғылар тізіміне кірсе ғана қол
жетімді. (Смарт құрылғы жəне Soundbar құрылғысы бұған дейін кемінде бір рет жұптасқан болуы
қажет.)
Soundbar құрылғысы [BT READY] немесе [WiFi READY] хабарын көрсетіп тұрғанда ғана Soundbar
құрылғысы смарт құрылғының табылған құрылғылары тізімінде көрсетіледі.
Теледидардың SoundConnect режимінде Soundbar құрылғысын басқа смарт құрылғысына жұптау
мүмкін емес.
●Егер Желі күту
режимін қосу функциясын жұмыс істемесе
- Желі күту режимін қосу функциясы Өшірулі күйіне орнатылған.
●Егер Soundbar құрылғысының қуаты ажыратылса немесе қуат өшіп қалса, Wi-Fi қосылымы
тоқтатылады. Soundbar құрылғысын қосып, қайта байланыстырыңыз.
MULTIROOM LINK ҚОЛДАНБАСЫН
ПАЙДАЛАНУ
Soundbar құрылғысы смарт құрылғыға Multiroom қолданбасы арқылы қосылғаннан кейін бірнеше Samsung
Multiroom құрылғыларын бірге сымсыз қосуға болады.
БАСТАМАС БҰРЫН
+ Байланыс негіздері
Интернет Сымсыз маршрутизатор
Смарт құрылғы:
Android немесе iOS
(қолданбаны
басқару)
1. Талаптар: Сымсыз маршрутизатор, смарт құрылғы
2. Сымсыз маршрутизатор Интернетке қосулы болуы қажет.
3. Смарт құрылғы маршрутизаторға Wi-Fi қосылымы арқылы қосулы болуы қажет.
HW-J8500_J8501_KAZ_0225.indd 27HW-J8500_J8501_KAZ_0225.indd 27 2015-02-25  5:19:552015-02-25  5:19:55

Содержание