Redmond rbm-m1909 [35/52] Батырмасы кейінге қалдырылған старт уақытын әзірлеу

Redmond rbm-m1909 [35/52] Батырмасы кейінге қалдырылған старт уақытын әзірлеу
35
KAZ
RBM-M1909, RBM-M1919
Техникалық сипаттамалары
Үлгісі ................................................................................... RBM-M1909, RBM-M1919
Қуаты ....................................................................................................................... 550 Вт
Кернеуі ................................................................................................220-240 В, 50 Гц
Электр тоғымен зақымданудан қорғау ................................................... I дәреже
Пісіруге арналған қалып көлемі .......................................................................... 3 л
Пісірме салмағы................................................................................ 500/750/1000 г
Басқару тақтасы .......................................................................................... сенсорлық
Корпус материалы ...................................................................тот баспайтын болат
Пісіруге арналған қалып жабыны .................................................... күюге қарсы
СК-дисплей ...............................................................................................монохромды
Қуаттан тәуелсіз жады ................................................................................. 10 минут
Габариттік өлшемдері ................................................................ 369 × 267 × 306 мм
Таза салмағы ................................................................................................5,3 кг ± 3%
Электрлік сым ұзындығы .................................................................................... 1,2 м
Функциялар
Дайын тағамдар температурасын сақтау
(автожылыту) .......................................................................................1 сағатқа дейін
Стартты кейінге қалдыру ............................................................. 15 сағатқа дейін
Қабықша түсін таңдау ............................................................................................. бар
Ингредиенттерді қосу ..................................................дыбыстық белгі бойынша
Жинақталу
Нан пісіргіш ................................................................................................................ 1 д.
Пісіруге арналған қалып ........................................................................................ 1 д.
Багеттер пісіруге арналған қалып ...................................................................... 1 д.
Өлшеуіш стақан ......................................................................................................... 1 д.
Өлшеуіш қасық .......................................................................................................... 1 д.
Қамыр араластыруға арналған қалақша ......................................................... 2 д.
Араластыруға арналған қалақты шығаруға арналған ілмек ..................... 1 д.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық......................................................................... 1 д.
Сервистік кітапша ..................................................................................................... 1 д.
«101 рецепт» кітабы................................................................................................ 1 д.
Өндіруші келесі өзгерістер туралы қосымша хабарландырусыз өз
өнімдерін жетілдіру барысында дизайнға, жинақталуға, сонымен қатар
бұйымның техникалық сипаттамаларына өзгерістер енгізуге құқылы.
Нан пісіргіш құрылымы A1
1. Аспап корпусы
2. Басқару тақтасы
3. Қақпақ ашуға арналған тұтқа
4. Қарау терезесі бар алмалы қақпақ
5. Пісіруге арналған қалып тұтқасы
6. Пісіруге арналған қалып тұтқасы
7. Қыздырғыш камера
8. Желдеткіш саңылаулар
9. Электрлік қоректену сымы
10. Қамыр араластыруға арналған қалақша
11. Багеттер пісіруге арналған қалып
12. Өлшеуіш стақан
13. Өлшеуіш қасық
14. Араластыруға арналған қалақты шығаруға арналған ілмек
Басқару тақтасы A2
1. «Меню» («Мәзір») батырмасы автоматты әзірлеу бағдарламасын
таңдау. Таңдалған бағдарлама нөмірі дисплейде көрсетіледі.
2.
«Вес» («Салмақ») батырмасы дайын өнім салмағын таңдау.
Тағайындалу бойынша салмақ — 750 г.
3.
«Корочка» («Қабықша») батырмасы — өнім қабықшасының түсін
таңдау батырмасы («Светлая» («Ашық»), «Средняя» («Орташа»),
«Темная» («Күңгірт»)). Тағайындалу бойынша «Средняя» параметрі
таңдалған.
4.
«+» батырмасы кейінге қалдырылған старт уақытын / әзірлеу
уақытын арттыру.
5.
«–» батырмасы кейінге қалдырылған старт уақытын / әзірлеу
уақытын азайту.
6. «Варка» («Пісіру») «ВАРКА» бағдарламасын жылдам таңдау.
7.
«Замес» («Араластыру») батырмасы «ЗАМЕС» бағдарламасын
жылдам таңдау.
8. «Старт/Стоп» («Старт/Тоқта») батырмасы әзірлеу бағдарламасын
іске қосу / әзірлеу бағдарламасын уақытша тоқтату / әзірлеу
бағдарламасын тоқтату және күту тәртібіне оралу.
9.
«Мультипекарь» («Мультинаубайшы») батырмасы
«МУЛЬТИПЕКАРЬ» бағдарламасын жылдам таңдау.
10. Дисплей.
Дисплей құрылымы A3
1. Пісірме салмағының индикаторы
2. Әзірлеу бағдарламасының реттік нөмірі
3. Ингредиенттерді алдын ала жылыту индикаторы
4. Әзірлеу үдерісінің индикаторы
5. Автоысыту режмінің индикаторы
6. Әзірлеу үдерісі аяқталу индикаторы
7. «Балалардан қорғау» индикаторы
8. Таңдалған қабықша түсінің индикаторы
9. Әзірлеу кезеңдерінің индикаторы
10. Қамырды көтеру индикаторы
11. Қамырды араластыру арасындағы пауза индикаторы
12. Қамырды араластыру индикаторы
13. Стартты шегеру режмінің индикаторы
I. ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АЛДЫНДА
Бұйым мен оның жинақтаушыларын қораптан мұқият шығарыңыз. Барлық
орам материалдары мен жарнамалық жапсырмаларды жойыңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса)
және бұйымның сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті
түрде сақтаңыз! Бұйымда сериялық нөмірі жоқ болса, оған кепілдік
қызмет көрсету құқығынан автоматты түрде айырыласыз.
Тасымалдаған немесе төмен температураларда сақтаған соң
аспапты қосар алдында кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында
ұстау қажет.
Бұйым корпусын сулы шүберекпен сүртіп, кептіріңіз. Аспапты алғаш
пайдаланған кезде бөгде иістің пайда болуының алдын алу үшін оны
тазалаңыз («Аспап күтімі» қар.).
Қолданар алдында құрылғының ішкі және сыртқы бөліктерінде жарықтар
мен басқа ақаулардың, зақымдардың жоқтығына көз жеткізіңіз. Аспапты
жылу көздерінен, аспапқа су, ыстық май мен басқа кірдің түсуі ықтимал
жерлерден алыста, қатты тегіс көледенең бетке орнатыңыз. Орнату
барысында оның қасында жоғары температурадан зардап шегуі мүмкін
декоративті жабындылар, электрондық аспаптар мен басқа заттардың
болмағанын қадағалаңыз. Нан пешті үстелдің шетіне жақын, сонымен
қатар қабырғалар мен басқа аспаптарға тығыз қоймаңыз. Аспалы жиһаздың
астына орналастырған кезде қақпақты ашу үшін орын жететіндігіне көз
жеткізіңіз.
Алғаш қосқан кезде дайын өнімді консервілеу барысында пайдаланылған
техникалық майлардың жануынан шыққан соған тән иіс немесе жеңіл
түтіннің пайда болуы мүмкін. Бұл зауыт ақауы болып табылмайды.
II. НАН ПІСІРГІШТІ ПАЙДАЛАНУ
Қуаттан тәуелсіз жады
REDMOND RBM-M1909, RBM-M1919 нан пісіргіші қуаттан тәуелсіз жадымен
қамтылған. Әзірлеу бағдарламасының жұмысы барысында электр қуаты
сөндірілген жағдайда баптаулар аспап жадысында 10 минут бойы сақталады.
Электрлік қоректенуді жандандырған кезде бағдарламаның орындалуы
автоматты жалғастырылады.
Қоректену 10 минуттан астам болмаған жағдайда баптаулар өшіріледі. Бап
-
таулар өшірілген жағдайда электр желісіне қайта қосылған жағдайда аспап
күту тәртібіне ауысады.
Егер рецептіде сүтті, етті немесе басқа жылдам бұзылатын өнімдер пайда
-
ланылса, аспапты электр желісінен сөндіріп, салқындағанша күтіңіз. Пісіруге
арналған қалыпты шығарыңыз, оны тазартыңыз және, жаңа ингредиенттер
қолданып, рецептіге сәйкес қайтадан әзірлеуді бастаңыз. Тазартқан кезде
«Аспап күтімі» бөлімінің нұсқаулықтарын қатаң сақтаңыз.
Егер қолданылатын ингредиенттер жылдам бұзылатын болмаса, әзірлеу
бағдарламасын қайтадан іске қосуға болады (егер пісірі үрдісі басталмаса).
Қарау терезесі арқылы өнім дайындығын қадағалаңыз, қажет кезде бағдар-
ламаның орындалуын тоқтатыңыз.
Бағдарламаны қайта іске қосқан кезде әзірленген нан сапасы қалаулы
нәтижеге сәйкес келмеуі мүмкін екендігін ескеру керек.
«Балалардан қорғау» функциясы
REDMOND RBM-M1909, RBM-M1919 нан пісіргішінде қосымша қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін балалардан қорғау функциясы қарастырылған. Ол ба-
тырмалардың кездейсоқ басылуының алдын алады. Балалардан қорғау
функциясын аспап жұмыс жасайтын тәртіптен тәуелсіз (автоматты әзірлеу
бағдарламасын таңдау тәртібінен басқа) іске қосуға болады.
Осы функцияны іске қосу үшін нан пісіргіштің кез келген жұмыс тәртібінде
«Вес» және «Корочка» батырмаларын басып, бірнеше секунд ұстап тұру
керек. Дисплейде индикаторы пайда болады. Балалардан қорғау функ-
циясын қосу үшін «Вес» және «Корочка» батырмаларын қайтадан басып,
бірнеше секунд ұстап тұрыңыз.
Балалардан қорғау функциясын қосу/сөндіру аспаптың бағдарлама-
ларының, функциялары мен тәртіптерінің жұмысына әсер етпейді.
Әзірлеу уақытын орнату
REDMOND RBM-M1909, RBM-M1919 нан пісіргішінде «СУП», «ТУШЕНИЕ»,
«ЗАМЕС С ИЗМЕНЕНИЕМ ВРЕМЕНИ», «ЙОГУРТ», «ДЖЕМ», «БИСКВИТ», «МО-
ЛОЧНАЯ КАША», «ВАРКА» ЖӘНЕ «МУЛЬТИПЕКАРЬ» бағдарламалары үшін
әзірлеу уақытын өздігінен орнатуға болады. Бағдарлама таңдағаннан кейін
әзірлеу уақытын өзгерту үшін «+» және «–» батырмаларын басыңыз. Әзірлеу
уақытының өзгеріс қадамы және ықтимал диапазоны таңдалған әзірлеу бағдар-
ламасына байланысты. Шаманы жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы
басып, ұстап тұрыңыз. Максималды (минималды) шамаға қол жеткізгеннен
кейін уақыттың орнатылуы диапазон басынан (соңынан) басталады.
Бағдарлама стартын кейінге қалдыру
Стартты кейінге қалдыру функциясы нан пісіруге қажетті (бағдарлама жұмы-
сының уақытын ескерумен) уақыт аралығын белгілеуге мүмкіндік береді.
Уақытты 10 минуттық орнату қадамымен 10 минуттан 15 сағатқа дейінгі ди-
апазонда орнатуға болады.

Содержание