Redmond rbm-m1909 [36/52] Аспап қақпағын ашыңыз асханалық қолғапты пайдаланып нан

Redmond rbm-m1909 [36/52] Аспап қақпағын ашыңыз асханалық қолғапты пайдаланып нан
36
Стартты кейінге қалдыру функциясы «СДОБА», «СУП», «ТУШЕНИЕ»,
«ЗАМЕС С ИЗМЕНЕНИЕМ ВРЕМЕНИ», «ЙОГУРТ», «ДЖЕМ», «БИСКВИТ»,
«МОЛОЧНАЯ КАША» және «ВАРКА».
Бағдарлама таңдағаннан кейін стартты кейінге қалдыру уақытын өзгерту үшін
«+» және «–» батырмаларын басыңыз. Шаманы жылдам өзгерту үшін қажетті
батырманы басып, ұстап тұрыңыз. Максималды (минималды) шамаға қол жет-
кізгеннен кейін уақыттың орнатылуы диапазон басынан оңынан) басталады.
Назар аударыңыз, стартты кейінге қалдыру уақытын орнатқан кезде
әзірлеу уақытын орнату кезіндегі батырмалар қолданылады. Алайда
стартты кейінге қалдыру уақытын орнату кезінде уақыт шамасының
индикаторы дисплейде жыпылықтамайды.
Егер рецептіде жылдам бұзылатын өнімдер (жұмыртқа, балғын сүт,
ет, ірімшік және т. б.) болса, cтартты кейінге қалдыру функциясын
пайдалану ұсынылмайды.
Дайын тағамдақ температурасын сақтау (автожылыту)
«Автоподогрев» функциясы бағдарлама жұмысы аяқталғаннан кейін авто-
матты түрде қосылады және дайын тағам температурасын 1 сағатқа дейін
сақтай алады.
Автоподогрев ылғалдың сіңірілуінің алдын алады және өнімдерді біршама
уақыт ішінде жұмсақ күйінде сақтауға көмектеседі. Алайда мінсіз сапалы өнім
алу үшін нанды әзірлеу үрдісі аяқталғаннан кейін бірден шығару ұсынылады.
Қажет кезде автожылытуды «Старт/Стоп» батырмасын басу және бірнеше
секунд ұстап тұру арқылы сөндіруге болады.
Автожылыту функциясы «СУП», «ТУШЕНИЕ», «ЗАМЕС», «ДРОЖЖЕВОЕ
ТЕСТО», «ЗАМЕС С ИЗМЕНЕНИЕМ ВРЕМЕНИ», «ЙОГУРТ», «ДЖЕМ»,
«БИСКВИТ», «МОЛОЧНАЯ КАША», «РАССТОЙКА И ВЫПЕЧКА» және
«ВАРКА» бағдарламаларын пайдаланған кезде қол жетімсіз.
Автоматты бағдарламаларды пайдаланған кездегі
әрекеттердің жалпы тәртібі
1.
Қамырды араластыруға арналған қалақшаны пісірмеге арналған
қалыптағы өзекке орнатыңыз. Қосылыстың берік екендігіне көз
жеткізіңіз. Әзірлеуге арналған ыдысты және қалақты маймен майлаңыз.
2.
Таңдалған рецептіге сәйкес қажетті ингредиенттерді өлшеп, оларды
тостағанға салыңыз. Нан пісірген кезде және қамырды дайындаған кезде:
рецептіге сәйкес негізгі және қосымша ингредиентерді дайындаңыз.
Егер рецептіде басқаша көрсетілмесе, барлық ингредиенттер бөлме
температурасында (25-35°С) болу керек. Негізгі ингредиенттерді нан
пісіруге арналған қалыпқа рецептіде көрсетілген реттілікте салыңыз.
3.
Нан пісіруге арналған қалыпты абайлап нан пісіргіштің қыздырғыш
камерасына енгізіңіз, осы кезде оны аздап сағат тіліне қарсы бұрау
керек. Қалып жетекті білікпен түзу, қиғаштықсыз жалғасу керек.
Қалыпты тірелгенше сағат тілі бойынша бұрап, оны бекітіңіз. Қарау
терезесі бар қақпақты жабыңыз.
Алдымен қалыпта сұйық ингредиенттерді у, сүт) және/немесе
жұмыртқаларды араластырыңыз. Су бөлме температурасында болу
керек, себебі жоғары температура қамырдың көтерілуіне жағымсыз
әсер етеді. Стартты кейінге қалдыру тәртібін пайдаланған кезде
тек құрғақ сүтті пайдаланыңыз, өзге жағдайда сүт әзірлеу
басталғанша ұйып кетуі мүмкін.
Ашытқыны немесе қопсытқышты соңғы кезек қосыңыз. Бұл
компоненттер сұйықтықтармен жанаспау керек, әйтпесе ашу үрдісі
тым ерте басаталады: нәтижесінде қатты, қатаң және қатқыл нан
дайындалады. Ашытқы тұзбен жанаспау керек. Ұн үйіндісінде ойық
жасап, сонда ашытқыны немесе қопсытқышты салу ұсынылады.
4.
Нан пісіргішті электр желісіне қосыңыз. Аспап дыбыстық белгі береді
және күту тәртібіне ауысады: дисплейде бағдарлама нөмірі
(тағайындалу бойынша 1) және оның жұмыс уақыты пайда болады.
5.
«Меню» батырмасы көмегімен әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз,
оның нөмірі дисплейде пайда болады.
6.
Қажет кезде әзірлеу уақытын өзгертіңіз немесе стартты кейінге
қалдыру уақытын орнатыңыз.
Әзірлеу уақытын қолмен реттеу мүмкіндігі бар бағдарламаны
пайдаланған жағдайда уақыт шамасын орнатқаннан кейін «Старт/
Стоп» батырмасын алғаш басу енгізілген шамалардың расталуына алып
келеді. «Старт/Стоп» батырмасын қайта басу бағдарламаны іске қосады.
7. «Вес» батырмасы көмегімен дайын пісірме салмағының шамасын
орнатыңыз. Рецептілер кітабындағы нұсқауларға және тостағандағын
ингредиенттер мөлшеріне сүйеніңіз. Пісірме салмағының
индикаторы дисплейдің жоғарғы бөлігінде орналасады. Өнім
салмағын таңдау мүмкіндігі барлық бағдарламаларда
қарастырылмаған.
8.
Өнім қабықшасының қалаулы реңкін (ашық, орташа, күңгірт) таңдау
үшін «Корочка» батырмасын басыңыз. Қабықша түсінің индикаторы
дисплейдің теменгi белiктерiне. Тағайындалу бойынша «Средняя»
шамасын орнатылған. Қабықша түсін таңдау мүмкіндігі барлық
бағдарламаларда қарастырылмаған.
9.
«Старт/Стоп» батырмасын басыңыз. Таймер әзірлеу уақытының кері
санағын бастайды.
10. Араластырудың алғашқы 5 минуты ішінде қамырдың сыртқы түрін
бақылау керек. Одан дөңгелек тегіс түйір түзілу керек. Егер түйір
түзілмесе, ингредиенттер дұрыс араласпаған.
Бағдарламаның орындалуын баптауларды өзгертусіз уақытша
тоқтату үшін «Старт/Стоп» батырмасын басыңыз. Дисплейде уақыт
шамасы жыпылықтай бастайды. Бағдарлама жұмысын жалғастыру
үшін «Старт/Стоп» батырмасын қайта басыңыз.
Нан пісіргіш қақпағын тек араластыру кезінде (жұмыс жасап жатқан
мотор дыбысы естіледі) ашуға болады. Қамыр көтерілген немесе
пісірілген кезде қақпақты ашу дайын өнім сапасының төмендеуіне
алып келеді.
11.
Әзірлеу бағдарламасының аяқталуы туралы сізге дыбыстық белгі
хабар береді. Осыдан кейін, таңдалған бағдарламаға сәйкес, аспап
автоматты түрде автожылыту тәртібіне немесе күту тәртібіне ауысады.
12.
Бағдарлама жұмысын немесе автожылыту тәртібін тоқтату үшін
«Старт/Стоп» батырмасын басып, ұстап тұрыңыз.
13.
Әзірлеу аяқталғаннан кейін нан пісіргішті электр желісінен
ажыратыңыз.
Дайын нанды шығару
1.
Аспап қақпағын ашыңыз. Асханалық қолғапты пайдаланып, нан
пісіруге арналған қалыпты қолға алыңыз және оны сағат тіліне
қарсы бұраңыз, кейін қыздырғыш камерадан шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Есте сақтаңыз, әзірлеу үрдісі аяқталғаннан кейін
нан, қалып және қыздырғыш камера өте ыстық! Абай болыңыз, күйік
шалудың алдын алу үшін асханалық қолғапты пайдаланыңыз! Нан
салынған ыстық қалыпты дастарханға, пластикті немесе тұтануы
немесе балқуы мүмкін басқа термосезімтал беттерге қоймаңыз!
2.
Пісіруге арналған қалыпты аударып, дайын нанды қалыптан
шығарыңыз, оны торламаға немесе тағамға қойыңыз. Нан
салқындағанша 20 минут күтіңіз.
3.
Пісіруге арналған қалып және аспап салқындағаннан кейін оларды
«Аспап күтімі» бөліміне сәйкес тазартыңыз.
Нан пісіргіш құрылымы пісірменің тостағаннан шығарғаннан кейін
араластыруға арналған қалақтың қалып ішінде білікте қалуы
керектігін қарастырады. Егер бұл орын алмаса және ол нанда қалып
қойса, бұл ақаулық болып табылмайды. Қалақты жинаққа кіретін
арнайы ілмек көмегімен алып тастаңыз.
III. АВТОМАТТЫ ӘЗІРЛЕУ БАҒДАРЛАМА-
ЛАРЫНЫҢ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ ЖӘНЕ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. «КЛАССИЧЕСКИЙ ХЛЕБ» («КЛАССИКАЛЫҚ НАН») бағдарламасы
Классикалық ақ нанды пісіру үшін қолданылады. Бағдарлама қамырды ара-
ластыруды, көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Өнім салмағын және қабық-
ша түсін таңдауға болады, стартты кейінге қалдыру және автожылыту функ-
циялары қол жетімді. Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
2. «ФРАНЦУЗСКИЙ ХЛЕБ» («ФРАНЦУЗДЫҚ НАН») бағдарламасы
Қытырлақ қабықшалы жеңіл француздық нанды пісіру үшін қолданылады.
Қамырдың ұзақ уақыт араластырылуын және көтерілуін қамтиды. Бағдарлама
қамырды араластыруды, көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Қосымша ин-
гредиенттерді қосу уақыты туралы дыбыстық белгі хабар береді. Өнім салмағын
және қабықша түсін таңдауға болады, стартты кейінге қалдыру және автожылы-
ту функциялары қол жетімді. Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
Француздық нан жылдам қатқылданады, сондықтан оны бір күннен
астам сақтамаған жөн.
3. «ЦЕЛЬНОЗЕРНОВОЙ ХЛЕБ» («ТҰТАС ДӘНДІ НАН») бағдарламасы
Осы нан үшін қолданылатын ұн ауырлау болғандықтан, бағдарлама қамырды
араластыру алдында 5 минут ішінде ингредиенттерді алдын ала жылытады
және қамырды ұзақ уақытқа «икемделуге» қалдырады. Дәнді ұннан жасалған
бөлкелер әдетте өлшемі жағынан кішірек және жоғарырақ тығыз болады.
Бағдарлама қамырды араластыруды, көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Қо
-
сымша ингредиенттерді қосу уақыты туралы дыбыстық белгі хабар береді. Өнім
салмағын және қабықша түсін таңдауға болады, стартты кейінге қалдыру және
автожылыту функциялары қол жетімді. Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
4. «СДОБА» («ТОҚАШ») бағдарламасы
Әр түрлі қоспалар қосылған тәтті нан пісіруге арналған бағдарлама. Бағдар-
лама қамырды араластыруды, көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Қосымша
ингредиенттерді қосу уақыты туралы дыбыстық белгі хабар береді. Өнім
салмағын және қабықша түсін таңдауға болады. Уақытты қолмен реттеу және
«Стартты кейінге қалдыру» функциясын пайдалану мүмкіндігі жоқ.
5. «БЕЗГЛЮТЕНОВЫЙ ХЛЕБ» («ГЛЮТЕНСІЗ НАН») бағдарламасы
Глютенсіз ұннан нан пісіруге арналған. Бағдарлама ингредиенттерді жылы-
туды, қамырды араластыруды, көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Қосымша
ингредиенттерді қосу уақыты туралы дыбыстық белгі хабар береді. салмағын
және қабықша түсін таңдауға болады, автожылыту функциясы қол жетімді.
Уақытты қолмен реттеу және «Стартты кейінге қалдыру» функциясын пай-
далану мүмкіндігі жоқ.
Глютен (балауыз) бұл дақылды өсімдіктер құрамындағы және ұнға
жоғары наубайханалық қасиеттер беретін ақуыз. Осы қасиет
арқасында қамыр қатаңдық пен серпімділікті иеленеді. Алайда кейбір
адамдарға глютенді тұтынуға тыйым салынған.

Содержание