Redmond rbm-m1909 [38/52] Қалақты жұмсақ жуу құралын қолданумен ыстық суда жуыңыз егер

Redmond rbm-m1909 [38/52] Қалақты жұмсақ жуу құралын қолданумен ыстық суда жуыңыз егер
38
Нан пісірудің жеке рецептіңізді қолданған кезде осы нұсқаулықта келтірілген
өнімдерді салу және бағдарлама таңдау жөніндегі нұсқаулықтарды қатаң
сақтаңыз. Басқа нан пісіргіштерге арналған аспаздық кітаптардағы рецептілерді
пайдаланған кезде 500, 750 немесе 1000 грамм дайын нан салмағына бейім-
деліңіз. Жұмыс ыдысын ширек бөліктен асыра немесе, аса қажет жағдайда, үштен
бір бөлігінен асыра толтырмаңыз. Өзге жағдайда көтерілген кезде қамыр қалып
жиектерінен қыздырғыш камераға төгіліп, қыздырғыш элементке түсуі және
жетекті ластауы мүмкін, бұл, өз кезегінде, аспаптың сынуына алып келеді.
V. АСПАП КҮТІМІ
Аспапты тазарту алдында аспаптың электр желісінен ажыратылғандығына
және толық салқындағанына көз жеткізіңіз. Әр пайдаланғаннан кейін қалып
пен аспаптың ішкі беттерін мұқият тазартыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап корпусын және электрлік қоректену сымын
суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Нан пісіргіш және
оның бөлшектері ыдыс жуу машинасында жууға жарамсыз.
1.
Қақпақты ашып, пісіруге арналған қалыпты шығарыңыз, ол үшін
оны тұтқасынан аздап сағат тіліне қарсы бұрап, жоғары тарту керек.
2.
Араластыруға арналған қалақты шешіңіз. Егер қалақ біліктен
шешілмесе, пісіруге арналған қалыпқа жылы су құйып, біршама
уақытқа қалдырыңыз. Бұл жабысып қалған қамырды жібітіп, қалақ
жеңіл алынады.
3.
Өлшеуіш ыдысты, өлшеуіш қасықты, пісіруге арналған қалыпты және
қалақты жұмсақ жуу құралын қолданумен ыстық суда жуыңыз. Егер
араластыруға арналған қалақтың ішкі бөлігі ластанған болса, оны
біршама уақытқа ыстық суға салып, кейін ақырындап тазартыңыз.
4.
Бұйымның ішкі беті мен корпусын жұмсақ дымқыл асханалық
майлықпен немесе ысқышпен сүртіңіз. Нәзік тазартқыш құралды
пайдалануға болады. Корпуста су ақпалары мен сызаттардың алдын
алу үшін оны құрғақ қылып сүртуді ұсынамыз. Жуу құралын
ысқышпен немесе шүберекпен толықтай сүртіңіз, әйтпесе кейін ол
пісірме дәміне әсер етуі мүмкін.
Аспапты тазалау барысында қатты сулықтар немесе сіңіргіштер
абразивті паста ларды қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Сондай-ақ кез
келген химиялық грессивті немесе асқа жанасатын заттармен бірге
қолдануға кеңес берілмеген басқа да заттарды қолдануға болмайды.
Нан пісіргішті қайта пайдаланар алдында немесе оны сақтауға жинар ал-
дында барлық бөлшектердің құрғақ екендігіне көз жеткізіңіз.
Пісіруге арналған қалыпты пайдалану
Пісіруге арналған қалыпқа және қалақшаға дақтардың пайда болуының
алдын алатын және нанның алынуын жеңілдететін күюге қарсы жабын
жағылған. Беттің зақымдануының алдын алу үшін төменде келтірілген нұсқа-
улықтарды сақтаңыз.
1. Нанды ыдыстан алған кезде металл немесе өткір аспаптарды (мысалы,
пышақ немесе айыр) пайдаланбаңыз.
2.
Нан бөлкесін кесу алдында оның ішінде араластыруға арналған қалақтың
жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қалақ іште болса, нан салқындаған-
ша күтіп, қалақты арнайы ілмекпен шығарыңыз. Араластыруға арналған
қалақпен абай болыңыз, себебі ол ыстық болуы мүмкін.
3.
Пісіруге арналған қалыпты және қалақты тазартқан кезде жұмсақ
ысқышты пайдаланыңыз. Қандай да бір абразивті заттарды (мысалы,
тазартқыш ұнтақ) немесе қатты ысқыштар пайдаланбаңыз.
4. Қатты, ірі дәнді немесе ірі ингредиенттер (мысалы, иленбеген ұн, қант,
жаңғақтар немесе дәндер) әзірлеуге арналған ыдыстың күюге қарсы
жабынын зақымдауы мүмкін. Ингредиенттердің көп мөлшерін пайда-
ланған кезде оларды шағын бөліктерге бөліңіз. Рецептілерде көрсетіл-
ген, ұсынылған көлемдерді және әрекет ету тәртібін сақтаңыз.
Қалыпты жүйелі пайдаланған кезде оның ішкі күюге қарсы жабынының түсі
толықтай немесе ішінара өзгеруі мүмкін. Бұл іс жүзінде қалып ақаулығының
белгісі болып табылмайды.
Сақтау
Аспапты жиналған күйінде құрғақ желдетілетін жерде сақтаңыз. Оны елеулі
температура айырмаларынан және тура күн сәулелерінің ұзақ әсерінен
сақтаңыз.
VI. ЫҚТИМАЛ АҚАУЛЫҚТАР ЖӘНЕ
ОЛАРДЫ ЖОЮ ӘДІСТЕРІ
Ақаулық
Ықтимал
себептер
Жою әдісі
Аспап қосылмайды
Электрлік қоректе-
ну сымы розеткаға
жалғанбаған
Электрлік сымның розеткаға қосылғандығына
көз жеткізіңіз
Электрлік розетка
ақаулы
Аспапты жарамды розеткаға қосыңыз
Электр желісінде
тоқ жоқ
Электр желісінде кернеудің бар екендігін тек-
серіңіз. Егер ол жоқ болса, сіздің үйге қызмет
көрсететін ұйымға жүгініңіз
Аспап қосылды,
бірақ араластыру
жүрмейді
Сіз қамырды ара-
ластыруға ар-
налған қалақты
орнатпадыңыз
Пісіруге арналған қалыпты тазартып, қалақты
қалып түбіне орнатып, үрдісті қайтадан ба-
сыңыз
Дисплейде «ННН»
хабарламасы пай-
да болды
Нан пісіргіш ішінде
өте жоғары темпе-
ратура
Аспапты электр желісінен сөндіріңіз. Аспап
қақпағын ашып, іштегі температура бөлме
температурасына дейін төмендегенше күтіңіз.
Нан пісіргішті қосып, бағдарламаны қайтадан
іске қосыңыз.
Дисплейде «LLL»
хабарламасы пай-
да болды
Нан пісіргіш ішінде
өте төмен темпера-
тура
Аспапты электр желісінен сөндіріңіз және оны
температурасы 15°С төмен болмайтын бөлме-
ге апарыңыз.
Аспап қақпағын ашып, іштегі температура
бөлме температурасына дейін көтерілгенше
күтіңіз. Нан пісіргішті қосып, бағдарламаны
қайтадан іске қосыңыз.
Дисплейде «ЕЕ0»
немесе «ЕЕ1» ха-
барламасы пайда
болды
Температуралық
қадаға жұмысын-
дағы ақаулық
Аспапты электр желісінен сөндіріп, ол салқын-
дағанша күтіңіз. Нан пісіргішті электрлік желі-
ге қосып, бағдарламаны қайтадан іске қосыңыз.
Егер хабарлама қайталанса, авторландырылған
сервис орталығына жүгініңіз.
VII. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Осы бұйымға сатып алынған сәттен 2 жылды мерзіміне кепілдік беріледі.
Өндіруші кепілдік кезеңі ішінде жөндеу, бөлшектерді ауыстыру немесе бүкіл
бұйымды ауыстыру жолымен материалдар немесе құрыдың сапасы жетіспе-
ушілігінен туындаған кез келген зауыттық ақауларды жоюға міндеттенеді.
Кепілдік тек сатып алу күні түпнұсқалық кепілдік талонында дүкен мөрімен
және сатушы қолымен расталған жағдайда ғана күшіне енеді. Осы кепілдік
тек бұйым пайдалану бойынша нсұқаулыққа сәйкес қолданылған, жөнделме-
ген, бұзылмаған және онымен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде зақымдан-
баған, сонымен қатар бұйымның толық жинағы сақталған жағдайда танылады.
Осы кепілдік бұйымның табиғи тозуына және шығын материалдарына тарал-
майды (сүзгілер, шамдар, қыш және тефлондық тығыздауыштар және т. б.).
Бұйымның қызмет мерзімі мен кепілдік міндеттемелердің жарамдылық
мерзімі өндірілген кезден бастап немесе бұйым жасалған кезден бастап
есептеледі (егер сатылған күнін анықтау мүмкін болмаса).
Аспаптың өндірілген кезі бұйым корпусындағы сәйкестендіру жапсырмасын
-
да орналасқан сериялық нөмірден табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден
тұрады. 6-ші және 7-шы белгілер айды, 8-ші құрылғы шыққан жылды білдіреді.
Өндіруші бекіткен аспаптың қызмет ету мерзімі бұйымның пайдаланылуы
осы нұсқаулық пен қолданылатын техникалық стандарттарға сәйкес жүруі
жағдайында сатып алынған күнінен 5 жыл құрайды.
Орамды, пайдаланушы нұсқаулығын, сонымен қатар аспаптың өзін қал
-
дықтарды қайта өңдеу бойынша жергілікті бағдарламаға сәйкес пайдаға
асыру керек. Мұндай бұйымдарды әдеттегі тұрмыстық қоқыспен таста-
маңыз.

Содержание