Unit usp-1070 [14/33] Kazakh kazakh

Unit usp-1070 [14/33] Kazakh kazakh
KAZAKH KAZAKH
26 27
Құралдың қақпағын қысым реттегіштің герметизация жойылған күйде болған кезінде ғана
шешуге рұқсат етіледі.
Ішкі тостағанның түбі мен жылдам пісіргіштің Қыздыру элементін жиі тазалаңыз, олардың
ластануына жол бермеңіз. Ішкі тостағанды осы нұсқаулықта сипатталғаннан басқа тәсілмен
пайдалануға тыйым салынады. Тостағанды ашық отта, қысқа толқынды пеште және т.б.
қандай да болмасын тағамдарды пісіру үшін пайдаланбаңыз.
Жылдам пісіргіштің ішіне, құралмен бірге жиынтықта берілетін, Ішкі тостағаннан басқа,
қандай да болмасын басқа тостаған немесе контайнерді қоюғы тыйым салынады.
Алынбалы тостағанның ішкі бетінде, ұқыпты және күтіммен пайдалануды талап ететін,
күюге қарсы арнайы жабын бар. Тостағанның күюге қарсы жабынын зақымдап алмау үшін,
құралмен бірге жиынтықта берілетін, Пластик қасықты немесе ағаш қасықты пайдалану
қажет.
Есіңізге сақтаңыз, жылуды ұстап тұру функциясын пайдаланудың максималды уақыты
24 сағатты құрайды. Бұл уақыт өткеннен кейін, Сізге құралды электр желісінен ажырату
арқылы сөндіру қажет. Жылуды ұстап тұру функциясын 24 сағаттан артық пайдалануға
тыйым салынады. Ішкі тостағанда жылдам бұзылатын азықтар болған жағдайда, жылуды
ұстап тұру функциясын пайдалануға тыйым салынады.
Назар аударыңыз! Есіңізге сақтаңыз, бұл құрал қысым астында жұмыс істейді және өте
ұқыпты және мұқият қарауды талап етеді. Егер құрал ішіндегі қысым қалыпты қысымнан
артық болған жағдайда, артық қысым, Сақтандыру клапанының көмегімен, автоматты түрде
жойылатын болады. Құралдың ішіндегі қысымды тұрақтандырған жағдайда, артық бу
Сақтандырғыш клапан арқылы шығады.
Жылдам пісіргіште тамақ пісіру кезінде, будың дененің ашық аумақтарына, қолға немесе
бетке тиюін болдырмаңыз. Күйіп қалу қаупі бар!!! Пайдалану барысында будың көп
мөлшерде шығуы құралдың жұмысы үшін қалыпты болып табылмайды. Егер бу көп болатын
болса, құралды электр желісінен жедел ажыратып, UNIT сервистік орталығына оны көрсету,
жөндеу немесе баптау үшін жүгініңіз.
Ыстық тағам немесе сұйықтық бар жылдам пісіргішті қозғаған кезде, абай болыңыз. Құралды
қозғағанда немесе орнын ауыстырған кезде, жылдам пісіргішті тек Тұтқаларынан ғана
ұстаңыз. Құралды қозғағанда немесе орнын ауыстырған кезде, оны ешқашан қақпағының
тұтқасынан ұстамаңыз.
Назар аударыңыз! Құралды өз еркіңізбен бөлшектеуге қатаң тыйым салынады (сонымен
қатар, құралдың негіздемесін де), себебі бұл өртке, электр тогының соғуына немесе қайғылы
оқиғаға алып келуі мүмкін. Жөндеу тек UNIT сервистік орталықтарында ғана жүзеге асырылуы
тиіс.
Мұқият болыңыз, пайдалану кезінде құралдың кейбір бөлшектері қызады. Құралдың ыстық
беттерін ұстамаңыз. Құралды пайдалану кезінде тек тұтқалар немесе батырмаларлы
пайдаланыңыз.
Өрт, электр тогының соғуы немесе жарақат алуды болдырмау үшін, жылдам пісіргіштің
Алынбалы желілік бауы, ашасы және негізі суға немесе басқа сұйықтыққа тимеуін
қадағалаңыз!!!
Құралды балалардың және мүгедек жандардың жанында пайдаланған кезде аса абай
болыңыз. Құралды балалардың пайдалануына тыйым салынады.
Құралдарды пайдаланып болғаннан кейін және тазалардан бұрын үнемі электр желісінен
суырыңыз.
Құралды электр желісінен ажыратқан кезде, Желілік бау емес, ашадан ұстаңыз. Тазалардан,
және жылдам пісіргіштің қандай да болмасын бөлігін шешерден немесе орнатардан бұрын,
құралдың толық сууын күтіңіз.
Көзге көрінетін механикалық бүлінулері бар (сонымен қатар, Желілік бау немесе ашаның),
сонымен қатар ол құлағаннан кейін немесе басқа зақымдануынан кейін электр құралын
пайдалануға тыйым салынады. Бұл жағдайда, құралды көрсету немесе жөндету үшін, UNIT
сервистік орталығына жүгініңіз.
Құрал тұрмыстық пайдалануға арналған. Құралды коммерциялық мақсатта пайдалануға
тыйым салынады.
Құралды ғимараттан тыс пайдаланбаңыз.
ЭЛЕКТРЛІК ЖЫЛДАМ ПІСІРГІШ
USP-1070D
Сізге UNIT фирмасының бұйымын сатып алғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Назар аударыңыз! UNIT фирмасының бұйымын сатып алған кезде, Сіз сатушыдан
толтырылған кепілдеме талонын алуыңыз керек. Тек ол болған жағдайда
ғана, Сіз UNIT тұрмыстық техникасының барлық сервистік орталықтарында
өндірушінің кепілдемесін пайдалана аласыз.
ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНАРДАН БҰРЫН БҮКІЛ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ.
ҚҰРАЛДЫҢ МАҚСАТЫ
Құрал әртүрлі тағамдарды қысым астында пісіруге арналған.
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ
НЕГІЗГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ.........................................................................................................26
ҚҰРАЛДЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ ................................................................................................28
ҚҰРАЛДЫҢ СИПАТТАМАСЫ..................................................................................................................30
ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ ................................................................................................................32
ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ.........................................................................................................................32
ҚАҚПАҚТЫ ЖАЛҒАУ ЖӘНЕ АЖЫРАТУ.................................................................................................35
БУДА ПІСІРУГЕ АРНАЛҒАН ТОРДЫ ПАЙДАЛАНУ...................................................................................36
СУЫТУ ЖҮЙЕСІ ......................................................................................................................................36
ТАЗАЛАУ................................................................................................................................................37
ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫНДА ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТУЫНДАУЫНЫҢ ЫҚТИМАЛ..37
СЕБЕПТЕРІ ...........................................................................................................................................37
НЕГІЗГІ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР .............................................................................................38
НЕГІЗГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құралды пайдалану кезінде, өрттің, электр тогының соғуының және / немесе қандай да болмасын
басқа жарақаттанудың алдын алу үшін, келесі ережелерді қоса отырып, үнемі қауіпсіздік
техникасын сақтау керек:
Құралды пайдалана бастау алдында берілген нұсқаулықты мұқият оқыңыз.
Дайындау барысында тұтануы мүмкін тағамдарды (тез тұтанатын өнімдерді) дайындау үшін
жылдам пісіргішті ешқашан пайдаланбаңыз.
Құралды жылыту құралдары, газ және электр пештері сияқты жылу көздерінің жанына
орналастырмаңыз. Құралды ылғалдылығы жоғары жерлерде пайдаланбаңыз.
Ішкі тостағанға салынатын азықтар мен сұйықтық мөлшері «Құралды пайдалану» бөлімінің
2 тармағында ұсынылған мөлшерге сай болуы тиіс (2,3 суретті қараңыз). Ішкі тостағанға
«Құралды пайдалану» бөлімінің 2 тармағында ұсынылған мөлшергден артық азықтар және /
немесе сұйықтық салуға қатаң тыйым салынады (2,3 суретті қараңыз).
Егер де тығыздауыш шығыршықтың қандай да болмасын зақымданулары болса, құралды
пайдалануға қатаң тыйым салынады. Құралды осы жылдам пісіргішпен бірге берілген
тығыздауыш шығыршықпен ғана пайдалану қажет. Тығыздауыш шығыршық ретінде басқа
шығыршықты немесе затты ешқашан пайдаланбаңыз.
Ішкі болат шығыршықты қолмен немесе қандай да болмасын затпен ешқашан бұрамаңыз
және пішінін өзгертпеңіз. Ішкі болат шығыршықтың қандай да болмасын зақымданулары
болса, сонымен қатар Шығыршық жылжып кетсе немесе ол жоқ болса, құралды пайдалануға
тыйым салынады. Болат шығыршық зақымдалғанда немесе болмаған жағдайда, Қақпақты
жөндеу немесе ауыстыру үшін, UNIT сервистік орталығына жүгініңіз. Сонымен қатар, Ішкі
болат шығыршықтың зақымдануы, пішінін өзгертуі және жылжуы себебінен болған Қақпақты
жөндеу немесе ауыстыру кепілдемелік оқиға болып саналмайды.
Сақтандырғыштың ластануына жол бермеңіз. Сақтандырғышты ластанудан жиі тазалап
отырыңыз.

Похожие устройства