Vitek VT-4217 BN [20/48] Қазақша

Vitek VT-4217 BN [20/48] Қазақша
20
ҚазаҚша
ТОСТАҒАНДЫ ПАЙДАЛАНУ
ЕРЕЖЕЛЕРІ (11)
Құрылғы және оның бөлшектерін қатаң
түрде тек тағайындалуы бойынша ғана
пайдаланыңыз. Тамақ дайындауға арналған
тостағанды қыздырғыш құралдарға немесе
қайнатқыш беттерге қойып пайдалануға
болмайды.
Тостағанның орнына басқа ыдыс
пайдаланбаңыз.
Қыздырғыштың элементтің беті (9) және
тостаған (11) түбі таза және құрғақ болуын
қадағалаңыз.
Тостағынды тағамдарды араластыруға
арналған ыдыс ретінде пайдаланбаңыз.
Күюге қарсы жабынын бұлдіріп алмас
үшін ешқашан да тағамдарды тостағанда
ұсақтамаңыз.
Тостағанда қандай да бір заттар
қалдырмаңыз және сақтамаңыз.
Тағам дайындау барасында тостағандағы
тағамдарды тек пластик ожаумен (22)
немесе қалақшамен (23) араластырыңыз.
Тостағанның күюге қарсы жабынын сырып
тастауы мүмкін металл бұйымдарды
пайдаланбаңыз.
Тостағанды астатымдары және
дәмдеуіштердің мол көлемін қоса отырып
даярланған тағамнан соң бірден жуыңыз.
Тостаған жабынының зақымдануына жол
бермеу үшін тостағанды дайындағаннан
кейін бірден салқын су астына қоймаңыз,
салқындағанша күтіңіз.
Тостағанды ыдыс жууға арналған
машинада жууға болмайды.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ ТҮЙМЕЛЕРІНІҢ ҚЫСҚАША
СИПАТЫ (2)
Басқару тақтасындағы батырмаларды басу
дыбыстық сигналмен қатар жүреді.
«МӘРЕ» батырмасы (14)
Құрылғыны іске қосу және дайындау
бағдараламасын бастау үшін «МӘРЕ»
батырманы (14) пайдаланыңыз.
«МӘЗІР» батырмасы (15)
(15) «МӘЗІР» түймесімен даярлау
бағдарламасын таңдаңыз.
«УАҚЫТ» батырмасы (16)
Даярлау ұзақтығын қалпына келтіруге өту үшін
«УАҚЫТ» түймесін (16) басыңыз.
«–/+» (17) батырмалары
«–/+» (17) батырмаларымен әзірлеу ұзақтығын,
температурасын және кейінге қалдырылған
мәре қызметін баптай аласыз.
«КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛҒАН СТАРТ» (18)
батырмасы
Сіз аяқталуына қарай даярлау процесі
аяқталатын уақытты орната аласыз. Уақыт 1
сағаттан 24 сағатқа дейінгі аралықта 1 сағаттық
қадаммен бапталады.
Мысал:
Егер сіз даярлаудың аяқталуына дейін
2 сағат уақытты орнатсаңыз, ал таңдалған
бағдарламаның ұзақтығы 50 минутты
құраса, құрылғы 1 сағат 10 минут бойы күту
тәртібінде болады да, осыдан кейін даярлауға
кіріседі.
Ескерту: Даярлау ұзақтығы «Күріш»
бағдарламасы үшін қалыпқа келтірілмейді
және кейінге қалдырылған бастау
қызметінің жұмыс қолайлылығы үшін
1 сағатқа теңестіріледі. Осылайша,
құрылғы кейінге қалдырылған бастау
уақыты аяқталғанға дейін бір сағат
қалғанда күрішті даярлауға кіріседі.
Күріштің даярлаудың нақты ұзақтығы
оның түріне және көлеміне тәуелді.
«МУЛЬТИАСПАЗШЫ» батырмасы (19)
Температураны және даярлау ұзақтығын
қалыпқа келтіруге мүмкіндік беретін,
«Мультиаспазшы» бағдарламасына жылдам
қол жетімділік үшін (19) түймесін қолданыңыз.
«ТЕМПЕРАТУРАНЫ САҚТАУ/СТОП»
батырмасы (20)
Даярлаудың белгілі бір бағдарламаларын
аяқтаған соң құрылғы автоматты түрде
температураны 24 сағат бойы ұстау
тәртібіне көшеді. Температураны қолдау
қызметі бағдарламаларының тізімін «Даярлау
бағдарламалары» кестесінен қараңыз.
Температураны қолдау тәртібін ықтиярсыз
тоқтату, сонымен бірге температураны
қолдау тәртібіне күту тәртібіне құрылғыны
өткізу үшін (20) түймесін қолданыңыз.
Сонымен бірге даярлауды тоқтату және
сақталмаған қалыпқа келтірулерді босату
үшін (20) түймесін қолданыңыз
Назар аударыңыз!
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
VT-4217.indd 20 24.01.2014 16:58:36

Содержание