Vitek VT-4217 BN [24/48] Қазақша

Vitek VT-4217 BN [24/48] Қазақша
24
ҚазаҚша
уақытын орнатыңыз («Мультипісіргішті
қолдану» қараңыз).
Дайын йогурттар құйылған стақандардың
қақпақтарын жауып, бактериялардың өсімін
тоқтату үшін бірнеше сағатқа тоңазытқышқа
орналастырыңыз.
Дайын табиға йогуртқа Сіз жемістерді,
тосапты, балды қоса аласыз.
«ФОНДЮ» БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрылғы ірімшікті фондю және сорпа
немесе өсімдік майы қосылған фондю
дайындауға арналған. Аталған бағдарлама
70°С бастап 150°С дейінгі аралықта қыздыру
температурасын таңдауға мүмкіндік береді.
Ірімшікті фондю үшін ұсынылатын температура
70°С бастап 80°С дейінгі аралықта.
Етті, шаяндарды немес балықты сіз алдын-
ала сүрлей аласыз. Тағамдарды бірдей
өлшемді кішігірім тілімдерге кесіңіз.
Фондю үшін мұздатылған тағамдарды
қолдануға тыйым салынады.
Шаяндарды, еттің, балықтың немесе
көкөністердің шағын бөліктерін шампурларға
қадаңыз.
Назар аударыңыз! Тостақтың күюге қарсы
бетін сырып тастауы мүмкін металл
заттарды пайдаланбаңыз. Арнайы ағаш
(бамбук) істіктерін қолданыңыз.
Айырларға қадалған тағамдарды қызды-
рылған сорпаға/ майға/ірімшікке батырыңыз.
«МУЛЬТИАСПАЗШЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ
«Мультиаспазшы» бағдарламасы сізге сіздің
қажеттіліктеріңіз бен тілектеріңізге сәйкес
30°C бастап 150°C дейінгі шектерде дайындау
температурасы мен уақытын өзгертуге
мүмкіндік береді.
Құрылғыны «Фондю» және
«Мультиаспазшы» бағдарламаларында
қолдану
Қақпағын (4) ашыңыз.
Тостағанды (11) жұмыс камерасына
орнатыңыз.
Өнімдерді тостаққа (11) салыңыз (рецепттер
кітабын қар.) Тағамдар көлемі максимум
белгісінен жоғары және минимум белгісінен
төмен болмау керек.
Егер сіз «Мультиаспазшы» бағдарламасында
дайындасаңыз, қақпақты (4) тығыз жабыңыз.
Егер сіз фондю дайындасаңыз, қақпақты (4)
ашық қалдырыңыз.
Даярлау бағдарламасын («Мульти қайнату
аспабын қолдану») таңдаңыз, температура
көрсеткіші жыпылықтайтын болады.
(17) «–/+» түймелерімен қалаған
температураны орнатыңыз.
«УАҚЫТ» түймесін (16), осыдан кейін (17)
«–/+» түймелерін баса отырып, даярлау
ұзақтығын орнатыңыз.
Бағдарламаны іске қосу үшін «МӘРЕ»
түймесін (14) басыңыз.
Егер сіз фондю дайындасаңыз, ірімшік
балқығанша, ал сорпа/май қызғанша күтіңіз.
Ескерту:
Егер сіз фондю дайындасаңыз, ірімшік
пен шарап қоспасын үнемі араластырып
отырыңыз. Сұйықтықтың қатты
қайнауына жол бермеңіз. Қажет кезде
температураны азайтыңыз. Бұл мақсатта
дайындау бағдарламасын сөндіріп,
құрылғыны қайтадан баптаңыз.
Жад қызметі
Жұмыс барысында электр энергиясы
апаттық өшірілу жағдайында жады қызметі
2 сағатқа дейін ұзақтықпен белсенді болады.
Электр қуат көзі қалпына келген кезінде
2 сағат бойы құрылғы тоқтатылған уақыттан
бастап берілген бағдарламаны орындауды
жалғастыра береді.
2 сағаттан астам электр қуаты болмаған
жағдайда құрылғыны қайтадан
бағдарламалау керек.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ ЖАСАУ
Желілік баудың айыртетігін ашалықтан
суырыңыз және құрылғыға салқындауға
уақыт беріңіз.
Бу клапанын (6) шешіңіз. Бүйір жағында
көрсетілген è
бағытында бұра отырып,
бу қақпақшасының қақпағын бұраңыз. Бу
қақпақшасын жуыңыз және қақпақты орнына
орнатыңыз, осыдан кейін
бағытында
бұра отырып, оны бекітіңіз. Клапанды (6)
орнына орнатыңыз.
Корпус (1) пен қақпақты (4) аздап суланған
шүберекпен сүртіп, кейін құрғақ қылып сүртіңіз.
Барлық шешілмелі бөлшектерді бейтарап
жуғыш заты бар жұмсақ ысқышпен жуыңыз,
ағын сумен шайыңыз және құрғатыңыз.
Тостағанды (11) ыдыс жуатын машинаға
салуға тыйым салынады.
Қыздырғыш элемент бетін (тек салқын
күйінде) жұмсақ құрғақ шүберекпен сүртіңіз,
VT-4217.indd 24 24.01.2014 16:58:37

Содержание