Redmond SkyBaker RBM-CBM1929S [25/40] I пайдалана бастау алдында

Redmond SkyBaker RBM-CBM1929S [25/40] I пайдалана бастау алдында
SkyBaker RBМ-CBМ1929S
25
KAZ
9.
Қамыр араластыруға арналған қалақша
10. Өлшеуіш стақан
11. Өлшеуіш қасық
12. Араластыруға арналған қалақты шыға-
руға арналған ілмек
Басқару тақтасы (
A2
сурет, 4 бет)
1. «Меню» («Мәзір») батырмасы — автоматты әзірлеу бағдарламасын таңдау
2. «Вес» («Салмақ») батырмасы дайын өнім салмағын таңдау; дыбыс сигналын өшіру
3. «Корочка» («Қабықша») батырмасы — өнім қабықшасының түсін таңдау батырмасы
4. «+» батырмасы — параметрдің мәнін арттыру; Ready for Sky қосымшасына қосылу
5. «Старт» батырмасы даярлау бағдарламасын қосу / стартты кейінге қалдыру; ав-
тожылыту қызметін қосу/ажырату
6. «Замес» («Араластыру») батырмасы «ЗАМЕС» бағдарламасын жылдам таңдау
7. «–» батырмасы — параметрдің мәнін азайту; Ready for Sky қосымшасынан өшіру
8. «Стоп/Разогрев» («Тоқта/Жылыту») батырмасы — дайындау бағдарламасы жұмысын
үзу; даярлау бағдарламасын тоқтата тұру/жаңарту; жылыту режимін қосу
9. «Мультипекарь» («Мультинаубайшы») батырмасы «МУЛЬТИПЕКАРЬ» бағдарлама-
сын жылдам таңдау
10. Дисплей
Дисплей (
A3
сурет, 5 бет)
1. Құрылғының Ready for Sky қосымшасына қосылу индикаторы
2. Пісірме салмағының индикаторы
3. Басқару панелін бұғаттау индикаторы
4. Әзірлеу бағдарламасының реттік нөмірі
5. Дайындау индикаторы
6. Ингредиенттерді алдын ала жылыту индикаторы
7. Автожылыту/жылыту режмінің индикаторы
8. Дайындау уақыты/стартты шегеру сандық индикаторы
9. Әзірлеу кезеңдерінің индикаторы
10. Қамырды араластыру арасындағы пауза индикаторы
11. Қамырды араластыру индикаторы
12. Қамырды көтеру индикаторы
13. Таңдалған қабықша түсінің индикаторы
14. Стартты шегеру режмінің индикаторы
15. Бағдарлама жұмысының индикаторы / даярлау уақытын баптау
16. Дыбыс сигналдарын өшіру индикаторы
I. ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АЛДЫНДА
Бұйым мен оның жинақтаушыларын қораптан мұқият шығарыңыз. Барлық орам матери-
алдары мен жарнамалық жапсырмаларды жойыңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұйымның се-
риялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдаған немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар алдында
кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау қажет.
Бұйым корпусын сулы шүберекпен сүртіп, кептіріңіз. Аспапты алғаш пайдаланған кезде
бөгде иістің пайда болуының алдын алу үшін оны тазалаңыз («Аспап күтімі» қар.).
Қолданар алдында құрылғының ішкі және сыртқы бөліктерінде жарықтар мен басқа
ақаулардың, зақымдардың жоқтығына көз жеткізіңіз. Аспапты жылу көздерінен, аспапқа
су, ыстық май мен басқа кірдің түсуі ықтимал жерлерден алыста, қатты тегіс көледенең
бетке орнатыңыз. Орнату барысында оның қасында жоғары температурадан зардап шегуі
мүмкін декоративті жабындылар, электрондық аспаптар мен басқа заттардың болмағанын
қадағалаңыз. Нан пешті үстелдің шетіне жақын, сонымен қатар қабырғалар мен басқа
аспаптарға тығыз қоймаңыз. Аспалы жиһаздың астына орналастырған кезде қақпақты ашу
үшін орын жететіндігіне көз жеткізіңіз.
Алғаш қосқан кезде дайын өнімді консервілеу барысында пайдаланылған техникалық
майлардың жануынан шыққан соған тән иіс немесе жеңіл түтіннің пайда болуы мүмкін.
Бұл зауыт ақауы болып табылмайды.
I I. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Ready for Sky технологиясы
Ready for Sky технологиясы планшет немесе смартфонның көмегімен бір атауы бар бағдар-
лама-қолданба арқылы құралды қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді.
1. Өзіңіздің планшетіңізге немесе смартфоныңызға (қолданылатын құрылғының опе-
рациялық жүйесіне байланысты) App Store немесе Google Play қосымшалар дүкені-
нен Ready for Sky қосымшасын жүктеңіз.
Минималды қолдалатын операциялық жүйені компанияның www.redmond.company ресми
сайтында немесе App Store және Google Play дүкендеріндегі қосымшаның сипаттама-
сынан анықтаңыз.
2. Ready for Sky қосымшасын іске қосыңыз, аккаунтты жасаңыз және экрандағы көмек-
ші сөздерді орындап отырыңыз.
3. Күту режимінде «+» түймесін басып, бірнеше секунд ұстап тұрыңыз, құрылғы қысқа
сигнал шығарады. Дисплейде
индикаторы жыпылықтайды.
4.
Байланыс орнатылғаннан кейін индикатор үздіксіз жанады, құралды күту режіміне өтеді.
Егер 10 секунд бойы қосылыс орнатылмаған болса, аспап күту режіміне өтеді күту
режіміне өтеді.
Тұрақты байланысты қамтамасыз ету үшін ұялы құрылғы құралдан 15 метрден астам
емес жерде болуы керек

Содержание

Скачать