Redmond SkyBaker RBM-CBM1929S [30/40] Аздап сағат тіліне қарсы бұрап жоғары тарту керек 2

Redmond SkyBaker RBM-CBM1929S [30/40] Аздап сағат тіліне қарсы бұрап жоғары тарту керек 2
30
III. АСПАП КҮТІМІ
Аспапты тазарту алдында аспаптың электр желісінен ажыратылғандығына және толық
салқындағанына көз жеткізіңіз. Әр пайдаланғаннан кейін қалып пен аспаптың ішкі беттерін
мұқият тазартыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап корпусын және электрлік қоректену сымын суға немесе
басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Нан пісіргіш және оның бөлшектері ыдыс жуу
машинасында жууға жарамсыз.
Аспапты тазалау барысында қатты сулықтар немесе сіңіргіштер абразивті паста ларды
қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Сондай-ақ кез келген химиялық грессивті немесе асқа жана
-
сатын заттармен бірге қолдануға кеңес берілмеген басқа да заттарды қолдануға болмайды.
1.
Қақпақты ашып, пісіруге арналған қалыпты шығарыңыз, ол үшін оны тұтқасынан
аздап сағат тіліне қарсы бұрап, жоғары тарту керек.
2.
Араластыруға арналған қалақты шешіңіз. Егер қалақ біліктен шешілмесе, пісіруге
арналған қалыпқа жылы су құйып, біршама уақытқа қалдырыңыз. Бұл жабысып қалған
қамырды жібітіп, қалақ жеңіл алынады.
3. Аспаптың шешілетін бөлшектерін ыстық суда жұмсақ жуғыш құралмен жуыңыз.
Қалыпты жүйелі пайдаланған кезде оның ішкі күюге қарсы жабынының түсі толықтай
немесе ішінара өзгеруі мүмкін. Бұл іс жүзінде қалып ақаулығының белгісі болып табылмайды.
4.
Бұйымның ішкі беті мен корпусын жұмсақ дымқыл асханалық майлықпен немесе ысқышпен
сүртіңіз. Нәзік тазартқыш құралды пайдалануға болады. Корпуста су ақпалары мен сызат-
тардың алдын алу үшін оны құрғақ қылып сүртуді ұсынамыз. Жуу құралын ысқышпен
немесе шүберекпен толықтай сүртіңіз, әйтпесе кейін ол пісірме дәміне әсер етуі мүмкін.
Сақтау және тасымалдау
Сақтау және қайта пайдаланудың алдында құралдың барлық бөліктерін тазалап, түгел
құрғатыңыз. Құралды құрғақ желденетін жерде жылыту аспаптарынан алыс және тікелей
күн сәулелерден алыс сақтаңыз.
Тасымалдау және сақтау кезінде құралдың зақымдануына және/немесе ораманың бүтін-
дігіне әкелуі мүмкін құралды механикалық әсерлерге ұшарытуға тыйым салынады.
Құралдың орамасын су мен басқа да сұйықтықтардан сақтау қажет.
I V. СЕРВИС
-
ОРТАЛЫҚҚА ЖОЛЫҒАР АЛДЫНДА
Ақаулық Ықтимал себептер Жою әдісі
Аспап қосылмайды
Электрлік қоректену сымы розеткаға
жалғанбаған
Электрлік сымның розеткаға қосылғандығына көз жеткізіңіз
Электрлік розетка ақаулы Аспапты жарамды розеткаға қосыңыз
Электр желісінде тоқ жоқ
Электр желісінде кернеудің бар екендігін тексеріңіз. Егер ол жоқ
болса, сіздің үйге қызмет көрсететін ұйымға жүгініңіз
Аспап қосылды, бірақ
араластыру жүрмейді
Сіз қамырды араластыруға арналған
қалақты орнатпадыңыз
Пісіруге арналған қалыпты тазартып, қалақты қалып түбіне
орнатып, үрдісті қайтадан басыңыз
Дисплейде «tt» хабар-
ламасы пайда болды
Бағдарламаны қосқанға дейін гі нан
пешінің ішкі температурасы қатты
жоғары
Аспапты электр желісінен сөндіріңіз. Аспап қақпағын ашып,
іштегі температура бөлме температурасына дейін төмендегенше
күтіңіз. Нан пісіргішті қосып, бағдарламаны қайтадан іске қосыңыз
Дисплейде «E0» неме-
се «Е4» хабарламасы
пайда болды
Температуралық қадаға жұмысындағы
ақаулық
Аспапты электр желісінен суырып тастаңыз да, аспаптың ішкі тем-
пературасы бөлмедегідей болғанша күтіңіз. Нан пісіргішті электрлік
желіге қосып, бағдарламаны қайтадан іске қосыңыз. Егер хабарла-
ма қайталанса, авторландырылған сервис орталығына жүгініңіз
Синхронизациялау әре-
кеті сәтсіз болды
Ұялы құрылғыда Bluetooth функциясы
ажыратылған
Ұялы телефонда Bluetooth функциясын қосыңыз
Ұялы құрылғыдағы Ready for Sky қо-
сымшасы белсенді емес
Ұялы құрылғыдағы Ready for Sky қосымшасын ашыңыз
Синхронизацияланатын құралдар тым
алыс
Құрылғылар бір бірінен 15 метр шегінде екендігіне көз жеткізіңіз
Егер қателікті дұрыстай алмасаңыз, авторизацияланған сервистік орталыққа жүгініңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ready for Sky қосымшасының жұмысында қандай-да бір істен шығу
орын алған кезде сервистік орталыққа жүгіну міндетті емес. REDMOND техникалық қолдау
қызметіне барыңыз және Ready for Sky жұмысындағы істен шығу және/немесе қателіктерді
жою бойынша біздің мамандардан кеңес алыңыз. Сіздің ұсыныстарыңыз бен қосымшаның
жұмысы жөніндегі ескертулеріңіз кезекті жаңарту кезінде ескерілетін болады. Сіздің
еліңіздегі REDMOND өнімінің пайдаланушыларын қолдау қызметінің байланыс мәлімет-
терін www.redmond.company сайтынан қарауға болады. Сізге осы сайттағы кері бай-
ланыс нысанын толтыра отырып көмекті алуға болады.
V. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Осы бұйымға сатып алынған сәттен 2 жыл мерзіміне кепілдік беріледі. Өндіруші кепілдік
кезеңі ішінде жөндеу, бөлшектерді ауыстыру немесе бүкіл бұйымды ауыстыру жолымен ма-
териалдар немесе құрыдың сапасы жетіспеушілігінен туындаған кез келген зауыттық ақау-
ларды жоюға міндеттенеді. Кепілдік тек сатып алу күні түпнұсқалық кепілдік талонында дүкен
мөрімен және сатушы қолымен расталған жағдайда ғана күшіне енеді. Осы кепілдік тек бұйым
пайдалану бойынша нсұқаулыққа сәйкес қолданылған, жөнделмеген, бұзылмаған және онымен
дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде зақымданбаған, сонымен қатар бұйымның толық жинағы
сақталған жағдайда танылады. Осы кепілдік бұйымның табиғи тозуына және шығын матери-
алдарына таралмайды (сүзгілер, шамдар, қыш және тефлондық тығыздауыштар және т. б.).
Бұйымның қызмет мерзімі мен кепілдік міндеттемелердің жарамдылық мерзімі өндіріл-
ген кезден бастап немесе бұйым жасалған кезден бастап есептеледі (егер сатылған күнін
анықтау мүмкін болмаса).
Аспаптың өндірілген кезі бұйым корпусындағы сәйкестендіру жапсырмасында орналасқан
сериялық нөмірден табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады. 6-ші және 7-шы
белгілер айды, 8-ші — құрылғы шыққан жылды білдіреді.
Өндіруші бекіткен аспаптың қызмет ету мерзімі бұйымның пайдаланылуы осы нұсқаулық пен қолда-
нылатын техникалық стандарттарға сәйкес жүруі жағдайында сатып алынған күнінен 5 жылды
құрайды.
Орамды, пайдаланушы нұсқаулығын, сонымен қатар аспаптың өзін қалдықтарды қай-
та өңдеу бойынша жергілікті бағдарламаға сәйкес пайдаға асыру керек. Мұндай бұй-
ымдарды әдеттегі тұрмыстық қоқыспен тастамаңыз.

Содержание

Скачать