Samsung CE-117PTR-X [124/132] Жас көкөністер пісіруге қатысты ақыл кеңес

Samsung CE-117PTR-X [124/132] Жас көкөністер пісіруге қатысты ақыл кеңес



Қақпағы бар, жарамды шыны пирекс ыдысын қолданыңыз. Егер судың
мөлшері арнайы көрсетілмесе, әрбір 250 г тағамға 30-45 мл суық су құюды
(2-3 ас қасық) ұсынамыз – кестеге қараңыз. Бетін жауып, аз уақыт пісіріңіз -
кестеге қараңыз. Қалаған нәтижеге жету үшін пісіруді жалғастырыңыз. Пісіріп
жатқанда бір рет, пісіріп болғаннан кейін бір рет араластырыңыз. Пісіріп
болғаннан кейін тұз, шөп немесе сары май қосыңыз. Бетін жауып 3 минут қоя
тұрыңыз.
 Жас көкөністерді біркелкі етіп тураңыз. Неғұрлым кішірек
етіп турасаңыз, соғұрлым тезірек піседі.
Жас көкөністердің барлығын толық микротолқын қуатымен (900 Вт) пісіру
керек.
  





Брокколи 250 г
500 г
4½-5
7-8
3 Гүлдерін бірдей-бірдей
етіп бөліңіз. Сабақтарын
ортаға қаратып салыңыз.
Брюссель
орамжапырағы
250 г 6-6½ 3 60-75 мл (5-6 ас қасық) су
қосыңыз.
Сәбіз 250 г 4½-5 3 Сәбіздерді бірдей
мөлшерде кесіңіз.
Түрлі-түсті
орамжапырақ
250 г
500 г
5-5½
7½-8½
3 Гүлдерін бірдей-бірдей
етіп бөліңіз. Үлкен гүлдерін
екіге бөліңіз. Сабақтарын
ортаға қаратып салыңыз.
Кәдіш 250 г 4-4½ 3 Кәдішті жапырақтап
тураңыз. 30 мл (2 ас
қасық) су құйыңыз немесе
бір түйір май салыңыз.
Жұмсақ болғанша пісіріңіз.
Баклажан 250 г 3½-4 3 Баклажанды кішкене етіп
жапырақтап турап, 1 ас
қасық лимон шырынын
себіңіз.
Порей пиязы 250 г 4-4½ 3 Порей пиязын қалың етіп
жапырақтап тураңыз.
  





Саңырауқұлақ 125 г
250 г
1½-2
2½-3
3 Бүтін кішкене
саңырауқұлақтарды
немесе туралған
саңырауқұлақтарды
алыңыз. Су қоспаңыз.
Лимон шырынын
себіңіз. Тұз, бұрыш
салыңыз. Үстелге суын
сорғытқаннан кейін
тартыңыз.
Пияз 250 г 5-5½ 3 Пияздарды тураңыз
немесе екіге бөліңіз. Тек
15 мл (1 ас қасық) су
қосыңыз.
Бұрыш 250 г 4½-5 3 Бұрышты кішкенелеп
бөліңіз.
Картоп 250 г
500 г
4-5
7-8
3 Қабығы аршылған
картоптың салмағын
өлшеп алып, кішкенелеп
екіге немесе төртке
бөліңіз.
Кольраби
орамжапырағы
250 г 5½-6 3 Кольраби орамжапырағын
кішкене текшелерге
бөліңіз.
CE117PTR-CE117PAER-BWT_DE68-04106A_KZ.indd 36 2012-01-31 �� 2:16:10

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения