Scarlett IS-541 [37/42] Тағам өнімдерін ұсақтауға арналған

Scarlett IS-541 [37/42] Тағам өнімдерін ұсақтауға арналған
35
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Қоспалардың шайқалып төгілуін болдыртпау үшін,
іске қосу алдында блендерді араластырылатын
тамақ өнімдеріне батырыңыз.
Қондырманы ағытып алу үшін аспаптың
корпусындағы түймешіктерді қатар басыңыз
2.2 ТАҒАМ ӨНІМДЕРІН ҰСАҚТАУҒА АРНАЛҒАН
ПЫШАҚ / ШАҒЫН УАТҚЫШ
Шағын уатқыш асшөп пен көкөністі, ірімшікті,
жаңғақ түрлерінің көпшілігін, кептірілген жеміс-
жидекті ұсақтау үшін са қолайлы. Ет, ірімшік, пияз,
сәбіз сияқты ірі өнімдерді алдын ала турап алу
керек. Жаңғақтың қабығын аршу керек, етті сүйегі
мен сіңірінен ажыратып алу керек.
Уатқыш мұзды жару үшін, кофе дәндері, мускат
жаңғағы, дәнді дақылдар сияқты аса қатты азық
өнімдерін ұсақтауға жарамайды.
Ескерту! Ұсақтауға арналған пышақтың жүзі
өте өткір! Тек үстіңгі пластмасса бөлігінен ғана
ұстаңыз!
Ұсақтауға арналған пышақты шараның ортаңғы
істігіне орнатыңыз.
Шараға азық өнімдерін салыңыз.
Шараны шара жетегімен жабыңыз.
Шараның жетегіндегі дөңес тұтқадағы ойыққа
кіретіндей етіп, жетекті бұрыңыз, сонда шараның
жетегі бекиді.
Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне бекігенше
кіргізіңіз.
Ұсақтау кезінде бір қолыңызбен қозғалтқыш
бөлікті, екінші қолыңызбен ұсақтауға арналған
қондырманың шарасын ұстаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін ең бірінші кезекте
қозғалтқыш бөлікті ажыратыңыз.
Содан кейін шараның жетегін ажыратыңыз. Бұл
үшін шараның жетегін бекітетін түймешікті басыңыз
да, жетекті сағат тілінің бағытына қарсы бұрыңыз.
Содан кейін шараның жетегін ажыратыңыз.
Ұсақтауға арналған пышақты еппен шығарып
алыңыз.
Тек содан кейін ғана ұсақталған азық өнімдерін
ұсақтауға арналған шарадан басқа ыдысқа салып
алыңыз.
2.3 АЛМАЛЫ ПЫШАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ДИСКІ
Пышақтары бар әмбебап дискі көкөністі, мысалы,
қиярды, сәбізді, картопты, порей пиязды және
домалақ пиязды, сондай-ақ ірімшіктің кейбір
сұрыптарын тілімдеп кесуге және ұсақтап турауға
арналған.
Алмалы пышақтардың бірін дискіге орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ: Алмалы пышақтар аса өткір! Оларды
үлкен сақтықпен қолданыңыз!
Пышақты дискідегі саңылауға орнату үшін
пышақтың бекіткіштері саңылаудың жиегіне
ілінетіндей етіп оның үстінен басу керек.
Дискіні оське тығыздап отырғызыңыз.
Шараға жетекті кигізіңіз.
Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ: Азық-түлікті тек итергіш арқылы ғана
салыңыз, оның үстінен шамалап басыңыз. Қатты
басқан сайын өңдеу нәтижесі сапасыз болады.
2.4 СҰЙЫҚ АЗЫҚ ӨНІМДЕРІН ШАЙҚАУҒА /
АРАЛАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРМА
Былғауышты кілегейді, жұмырқаның ағын,
түрлі тәтті тағамдарды шайқап көпіршіту үшін
пайдаланыңыз. Бұл қондырманы ешқашан да қатты
қамыр илеу үшін пайдалануға болмайды.

Содержание