Scarlett IS-541 [38/42] Жұмыс

Scarlett IS-541 [38/42] Жұмыс
36
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Шайқауға арналған қондырманы өтпелікке
қондырыңыз, сондай-ақ өтпелігі бар қондырманы
қозғалтқыш бөлікке орнатыңыз.
Жұмысқа кіріспес үшін былғауышты көпіршітілетін
азық өнімдері салынған шараға батырыңыз.
Жұмысты төмен жылдамдықтан бастаңыз (7-ші
түймешік).
ЕСКЕРІМ: Блендер дұрыс немесе толық
құастырылмаса, процессор іске қосылмайды.
3. ЖҰМЫС
Жинақтауды толық әрі тиісті түрде іске
асырғаныңызға көз жеткізіңіз.
Процессорды электр желісіне қосыңыз.
Импульстік режимнің батырмасын басыңыз да,
ұстап тұрыңыз – процессор осы батырма басулы
тұрғанша жұмыс істейтін болады.
Жылдамдық ауыстырғыш тетіктің көмегімен азық-
түлікті өңдеу жылдамдығын біртіндеп реттеуге
болады.
Сұйық және қатты азық өнімдерін бірге өңдеу үшін
TURBO режимін пайдаланыңыз
Процессор жұмыс істеп тұрған кезде кез келген
керек-жарақты одан шешіп алуға тыйым салынады.
ЕСКЕРІМ: Процессордың үздіксіз жұмыс
істеу уақыты 1 минуттан аспауға, ал іске
қосу аралықтарындағы үзіліс 2 минуттан кем
болмауға тиіс.
4. ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
Жұмысты аяқтағаннан кейін аспапты өшіріңіз де,
оны электр желісінен ажыратыңыз.
Дереу (ұзақ уақыт суламастан) барлық алмалы-
салмалы бөлшектерді сабынды жылы сумен
жуыңыз да, құрғақ таза сүлгімен сүртіңіз. Бұл үшін
ыдыс-аяқ жуатын машинаны қолданбаңыз.
Қаптаманы жұмсақ дымқыл матамен сүртіңіз.
Қатқыл жөке, қырғыш және күшті тазартқыш
құралдарды пайдаланбаңыз.
5. САҚТАУ
Сақтап қояр алдында аспаптың электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ бөліміндегі
талаптарды орындаңыз.
Аспапты құрғақ таза жерде сақтаңыз.

Содержание