Vitek VT-1559 [29/64] Қазақ

Vitek VT-1559 [29/64] Қазақ
29
ҚАЗАҚ
БУМЕН БҰҚТЫРҒЫШТЫ ТАЗАЛАУ
Тазалар алдында бумен бұқтырғышты
сөндіріңіз де, оны желіден ажыратыңыз
жəне оны толығымен суытыңыз.
Суға желілік шнурды, желілік ашаны
жəне бумен бұқтырғыштың корпусын
батырмаңыз.
Булау себеттерін, төсемді, үстіңгі
қақпақты жəне бумен бұқтырғыштың
корпусын тазалау кезінде еріткіштерді
немесе қажайтын тазлағыш құралдарды
пайдаланбаңыз.
Булау тостағандарын күрішті əзірлеуге
арналған ыдысты, төсемді жəне қақпақты
ыдыс жууға арналған құралы қосылған
жылы суды пайдаланыңыз. Алынбалы
бөлшектерін жуу үшін ыдыс жуғыш
машинаны пайдаланбаңыз.
Бумен бұқтырғыштың корпусын ылғал
матамен сүртіңіз.
Бу тостағандарын үнемі жуып отырыңыз.
ҚАҚТЫ АЛУ
Приборды 2-3 ай пайдаланғаннан
кейін қыздырғыш элементте қақ пайда
болуы мүмкін. Бұл табиғи құбылыс, ол
сіз пайдаланатын судың ащылығына
байланысты. Бумен пісіргіштің қалыпты
жұмыс істеуі үшін үнемі қақты алып тұру
керек.
Су резервуарына ас сірке суын MAX
белгісіне дейін толытырңыз.
МАҢЫЗДЫ: қақты кетіруге арналған
химиялық дəрмектерді қолданбаңыз.
Төсемді (6), бір булау тостағанын (1, 2
немесе 3) орнатыңыз да, оны қақпақпен
(5) жауып қойып, бумен бұқтырғышты 20-
25 минутқа қосыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер сірке суы
резервуардың сыртына төгілсе, онда
бумен бұқтырғышты ажыратыңыз да,
абайлап, сұйықтықтың біраз бөлігін төгіп
тастаңыз.
Таймердің жұмысы аяқталған кезде
бумен бұқтырғышты желіден ажыратып
қойыңыз да, сірке суын төкпес бұрын,
толығымен суытып алыңыз.
Резервуарды суық сумен жуып жіберіңіз
де, тағы бір рет су құйып, төсемді (6),
бір булау тостағанын (1, 2 немесе 3)
орнатыңыз, оны қақпақпен (5) жабыңыз
да, бумен бұқтырғышты қосыңыз жəне
таймерді 5 минутқа орнатыңыз.
Бумен бұқтырғышты ажыратыңыз, оны
толық суытыңыз, суды төгіп тастаңыз,
төсемді, булау тостағанын жəне қақпағын
кептіріңіз, жəне приборды келесі
пайдаланғанға дейін алып қойыңыз.
САҚТАУ
Көлемді кішірейту үшін тостағанды (3)-(2)-
(1) кезектілігі бойынша реттеп салыңыз.
Құрылғының корпусында желілік шнурды
сақтайтын орын қарастырылған. Желілік
шнурды біртіндеп ішке итере отырып
бумен бұқтырғыштың корпусына кіргізіңіз.
Приборды салқын, құрғақ, балалардың
қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.
ӨНІМДЕРДІ ƏЗІРЛЕУ УАҚЫТЫ МЕН
РЕЦЕПТТЕР
Əзірлеу уақыты өнімдердің көлеміне,
тостағандағы бос орынға, олардың
балғындығына жəне сіздің талғамыңызға
байланысты болады.
Əзірлеу уақыты төменгі тостағанның
есебімен көрсетілген, жоғарғы
тостағандағы өнімдер шамамен 5-10
минутқа ұзағырақ дайындалады.
Өнімдердің көлемі көп немесе аз болған
кезде тиісінше өнімдерді əзірлеу уақытын
арттырыңыз немесе азайтыңыз.
КӨК-ӨНІСТЕР
Брокколи қырыққабатындағы қалың
сабақтарды немесе түсті қырыққабаттың
қалың түсті аяқтарын кесіп тастаңыз.
Жасыл жапырақты көк-өністерді
барынша аз уақытта əзірлеңіз – олар
өзінің түстерін тез жоғалтады.
Тұзды жəне дəмдеуіштерді əзірлегеннен
кейін қосыңыз.
Мұздатылған көк-өністерді бумен
пісіргіште əзірлеген кезде мұзын еріту
міндетті емес.
1559.indd 291559.indd 29 10.06.2010 14:51:0110.06.2010 14:51:01

Содержание