Samsung MS20A7013AB/BW [118/192] Микротолқынды пешті пайдалану

Samsung MS20A7013AB/BW [118/192] Микротолқынды пешті пайдалану
22Қазақ
Микротолқынды пешті пайдалану
Микротолқынды пешті пайдалану
Код Тағам
Үстелге тарту
мөлшері
Нұсқаулар
5
Жұмыртқа
пуддингі
1 порция
(3 дана)
Құраластар
250 г сүт, 40 г қант, 2 дн жұмыртқа.
1. Екі жұмыртқаны шараға құйыңыз. Араластырғышпен
жұмыртқаны шамалы көпіршітіңіз. Тым көп көпіршіктенбесі
үшін араластырғыштың ұшын шараның түбінен жеткізбеңіз.
2. Басқа шараға сүт пен қантты араластырыңыз.
3. Сүтті көпіршітілген жұмыртқаға құйып, қоспаны
араластырыңыз.
4. Жұмыртқа қоспасын майда көзді сүзгімен сүзіңіз. Шараның
түбін құралмен қырыңыз. Бетіндегі көбікті қасықпен алып
тастаңыз.
5. Қоспаны қайнатпа кремі бар тостақтарға құйыңыз.
6. Қағаз тостақтарды микротолқынды пешке салып, Үй десерті
режимін таңдаңыз [5].
7. Пісіріп болғаннан кейін тоңазытқышқа қойып, үстелге
тартыңыз.
6
Тостақтағы
шоколад торт
1 порция Құраластар
30 г сары май, 60 г қант, 1 дн жұмыртқа, 40 г
майлы кілегей, 25 г ұн, 15 г какао ұнтағы, 1,5 г
ваниль, 50 г тәттілігі аз шоколад чипсы
1. Сары май, жұмыртқа мен кремді жақсылап араластырып,
тостаққа құйыңыз.
2. Ұн мен қантты қосып, араластыра беріңіз.
3. Какао мен ванильді қосып, мұқият араластырыңыз.
4. Шоколад чипсыды қосып араластырыңыз.
5. Тостақты микротолқынды пешке салып, Үй десерті режимін
таңдаңыз [6].
6. Пісіріп болғаннан кейін, 2-3 минут қоя тұрыңыз.
Код Тағам
Үстелге тарту
мөлшері
Нұсқаулар
7
Тостақтағы
торт
1 порция Құраластар
30 г сары май, 60 г қант, 1 дана жұмыртқа, 50 г
ұн, 30 г сүт, 6 г ваниль, 3 г бадам ұнтағы, 1,5 г
қопсытқыш ұнтақ
1. Сары май мен жұмыртқаны тостаққа салып, жақсылап
араластырыңыз.
2. Ұнды, қантты, қопсытқыш ұнтақты қосып, араластыра беріңіз.
3. Бадам ұнтағы мен ванильді қосып, мұқият араластырыңыз.
4. Тостақты микротолқынды пешке салып, Үй десерті режимін
таңдаңыз [7].
5. Пісіріп болғаннан кейін, 2-3 минут қоя тұрыңыз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения