Samsung MS20A7013AB/BW [122/192] Микротолқынды пешті пайдалану

Samsung MS20A7013AB/BW [122/192] Микротолқынды пешті пайдалану
26Қазақ
Микротолқынды пешті пайдалану
Микротолқынды пешті пайдалану
Код Тағам
Үстелге тарту
мөлшері
Құраластар
1-16 Көкөніс
қосылған
бақтақ
210-240 г Сары май – 10 г (2 x 5 г), ұзыншалап туралған
сәбіз – 35 г, ұзыншалап туралған пияз – 25 г,
туралған сарымсақ – 3 г, туралған сельдерей
жапырақтары – 5 г, бақтақ – 1 дана – 220-250 г,
тұз – 1 г, ақ ұнтақ бұрыш – ½ г, сары май – 5 г
Нұсқаулар
Балауызды қағаздың ортасын майлаңыз. Сәбіз, пияз, сарымсақ
және сельдерейді үстіне салыңыз. Көкөністердің үстіне дәм-татымы
келтірілген бақтақты салыңыз. Балықтың үстіне май салыңыз.
Қақпақ жабыңыз. Микротолқынды пешке қойып, пісіре бастаңыз.
1-17 Ет
толтырылған
болгар
бұрышы
480-500 г
2 дана
01 Болгар бұрышы – 2 дана, әрқайсысы 80 г,
тартылған ет (сиырдың және шошқаның)
– 150-190 г (екі бөлікке бөліңіз), пісірілген
кәдімгі күріш – 10-20 г, тұз – 5 г, қара ұнтақ
бұрыш – ½ г, сиыр етінің сорпасы немесе
құрғақ концентрат – 200 мл
02 Тұздыққа арналған қоспа: Бидай – 5 г,
қызанақ езбесі – 10 г, су – 50 мл
Нұсқаулар
Күрішті тартылған етке қосыңыз. Дәмдеуіштер салып, қолыңызбен
жақсылап араластырыңыз. Бұрыштың өзегі мен дәндерін алыңыз.
Бұрышқа ет толтырыңыз. Шараға салып, сорпаны құйыңыз (01).
Пісіре бастаңыз. Тұздыққа (02) араластырылатын құраластардың
барлығын дайындаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде,
тұздықты ет толтырылған бұрыштар салынған сорпаға құйыңыз.
Аударыстырып, пісіруді жалғастырыңыз.
1-18 Буға пісірілген
арқан балық
150-170 г Сүйегі мен терісі алынбаған арқан балық
филесі – 200-250 г, тұз – 1 г, лимон – 15 г
(шырынын сығыңыз), су – 20 г
Нұсқаулар
Арқан балық стейгін дәмдеңіз. Табаққа салып, су қосыңыз.
Микротолқынды пешке салып, пісіре бастаңыз.
Код Тағам
Үстелге тарту
мөлшері
Құраластар
1-13 Сарымай,
жұмыртқа
соусы
қосылған,
бұқтырылған
нәлім
120 г + 53 г тұздық Нәлім филесі – 140-150 г (немесе алабұғаның
қоң еті), лимон – 10 г (шырынын сығыңыз),
тұз – 1 г, су – 30 г, лавр жапырағы – 1 дана,
тұздық : Бітеу пісірілген жұмыртқа – 20 г (½
жұмыртқа), туралған балдыркөк – 3-5 г, сары
май – 30 г (микротолқын 850 Вт – 1 мин)
Нұсқаулар
Балық филесінің дәмін келтіріңіз. Табаққа салып, су қосыңыз.
Микротолқынды пешке салып, пісіре бастаңыз. Тұздықты жеке
дайындаңыз. Жұмыртқаны пісіріп, кішкене текшеге бөліңіз.
Балдыркөкті турап, сары майды ысытыңыз. Барлық қоспаларды
араластырыңыз да, балықтың үстіне салыңыз.
1-14 Көкөніс қосып
буға пісірілген
күркетауық
315 г Күркетауық қоң еттері – 150 г, ұзыншалап
туралған асқабақ – 50 г, ұзыншалап туралған
пияз – 15 г, ұзыншалап туралған сәбіз – 20
г, тауық сорпасы немесе құрғақ концентрат
қосылған су – 150 мл
Нұсқаулар
Шараға құраластардың барлығын салыңыз да, қайнаған сорпаны
құйыңыз. Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде,
аударыңыз да, көкөністерді араластырып пісіруді жалғастырыңыз.
1-15 Қызанақ
пен ірімшік
қосылған
алабұға
150 г Алабұға филесі – 80-100 г (немесе сазан),
майонез – 10 г, тұз – 1 г, дөңгелектеп туралған
қызанақ – 50 г, үккіштен өткізілген ірімшік – 20 г
Нұсқаулар
Балық филесіне майонез жағыңыз, тұздаңыз. Үстіне қызанақ
салыңыз, тіс тазалағыш істікшені қолданыңыз. Үстіне ірімшік
қойыңыз. Табаққа салып, пісіре бастаңыз. Тіс тазалағыш істікшені
алыңыз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения