Panasonic EW1511 [64/124] Ескерту

Panasonic EW1511 [64/124] Ескерту
Қазақша
Қауіпсіздік шаралары
Жарақат алу, өлім, ток соғу, өрт шығу және мүліктің
зақымдалу қауіптерін азайту үшін төмендегі қауіпсіздік
шараларын әрдайым сақтаңыз.
Белгілердің мағынасы
Төмендегі белгілер сақталмай, тиіссіз түрде пайдалану
орын алған кезде пайда болатын қауіп, жарақат және
мүліктің зақымдалу деңгейін жіктеу және сипаттау үшін
қолданылады.
ҚАУІПТІ
Ауыр жарақатқа немесе
өлімге себеп болатын
ықтимал қауіпті көрсетеді.
ЕСКЕРТУ
Ауыр жарақатқа немесе
өлімге себеп болуы мүмкін
ықтимал қауіпті көрсетеді.
САҚТАНДЫРУ
Кішігірім жарақатқа немесе
мүліктің бүлінуіне әкелуі
мүмкін қауіпті білдіреді.
Төмендегі белгілер орындау керек нұсқаулардың түрлерін
жіктеу және сипаттау үшін пайдаланылады.
Бұл белгі пайдаланушыларға қолдануа тыйым
салынған пайдаланудың нақты әдісі турлы ескерту
үшін пайдаланылады.
Бұл белгі құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін
белгілі бір процедураның орындалуы тиіс екенін
пайдаланушыларға білдіреді.
ЕСКЕРТУ
Сәтсіз жағдайларды болдырмау
Балалардың немесе сәбилердің қолы жететін жерде
сақтамаңыз. Оларға пайдалануға жол бермеңіз.
-
Әйтпесе, бөлшектерді байқамай жұтып қою себебінен
келеңсіз оқиға немесе жарақат орын алуы мүмкін.
Құрылғының орауышын дұрыстап жойыңыз және
оны балалардан немесе сәбилерден қашық сақтаңыз.
-
Солай жасамау балалардың не сәбилердің тұншығуына
немесе басқа келеңсіз оқиғаларға себеп болуы мүмкін.
Қуат көзі
Адаптерді немесе құрылғы ашасын розеткаға
ылғалды қолмен қосуға немесе ажыратуға болмайды.
-
Әйтпесе, ток соғуы немесе жарақат алуыңыз мүмкін.
Айнымалы ток адаптерін және зарядтайтын тұғырын
суға батырмаңыз немесе сумен жумаңыз.
-
Бұлай істеу тоқ соғуына немесе қысқа тұйықталу
салдарынан өртке әкелуі мүмкін.
Айнымалы тоқ адаптерін және зарядтайтын тұғырын
су толтырылған шұңғылша немесе ваннаның үстіне
немесе жанына қоймаңыз.
Айнымалы тоқ адаптері зақымдалған болса немесе
розеткада босап тұрса, пайдаланбаңыз.
Сымды зақымдауға, өзгертуге, күшпен майыстыруға,
тартуға, бұрауға немесе жинақтауға болмайды.
Сондай-ақ, сымның үстіне ауыр зат қоймаңыз немесе
оны қыспаңыз.
-
Әйтпесе, қысқа тұйықталу себебінен ток соғуы немесе
өрт шығуы мүмкін.
64
EW1511_Rus_EN_AM_2.indb 64 6/6/2562 16:58:02

Содержание

Скачать