Panasonic SD-YR2550STS [93/100] Ақаулықтарды жою

Panasonic SD-YR2550STS [93/100] Ақаулықтарды жою
KZ28
Мәселе Себеп және әрекет
Пісіру кезінде немесе одан кейін
Нан көтерілгеннен кейін
кішірейген сияқты.
Ұнның сапасы онша жақсы емес.
Ұнның басқа брендін пайдаланып көріңіз.
Сіз тым көп сұйықтықты пайдаландыңыз.
10 - 20 мл азырақ суды пайдаланып көріңіз.
Салқындағанда қабықша
майысады және жұмсарады.
Пісіруден кейін нанда қалған бу қабықшаға өтуі және оны азғантай жұмсартуы мүмкін.
Будың мөлшерін азайту үшін 10 - 20 мл азырақ суды пайдаланып көріңіз.
Нанның бүйірлері түсіп
кетті және түбі дымқыл.
Нанды пісіруден кейін нан пісіруге арналған қалыпта нанды қалдырып кеттіңіз.
Нанды пісіруден кейін бірден алыңыз.
Нан пісіру кезінде қуат үзілді немесе құрылғы тоқтады.
10 минуттан көбірек тоқтап тұрса, құрылғы өшеді.
Қабықшаны қалай қытырлақ
түрде сақтай аламын?
Нанды көбірек қытырлақ ету үшін духовкада 200 °C температурасында 5 – 10 минут пісіруге
болады.
Нан неліктен тиісті түрде
араласпады?
Сіз араластыруға арналған қалақшаны нан пісіруге арналған қалыпқа салмадыңыз.
Ингредиенттерді салмай тұрып араластыруға арналған қалақша нан пісіруге арналған
қалыпта екенін тексеріңіз.
Қосымша ингредиенттер
дұрыс араласпаған.
Қосымша ингредиенттерді мейіз-жаңғақ сауытына дыбысты сигнал шыққанға дейін салдыңыз
ба, әлде « » жыпылықтап тұрған кезде нан қалыбына тікелей салдыңыз ба?
Қосымша ингредиенттер мейіз-жаңғақ сауытына дыбысты сигнал шыққанға дейін салынуы
немесе ол дисплейде « » жыпылықтап тұрған кезде нан қалыбына тікелей салынуы
керек.
Қосымша ингредиенттер
мейіз-жаңғақ сауытынан
нан қалыбына түспейді.
Қосымша ингредиенттердің беткі деңгейі мейіз-жаңғақ сауытының жоғарғы жиегінен асып тұр ма?
Қосымша ингредиенттерді беткі деңгейі мейіз-жаңғақ сауытының жоғарғы жиегінен төменде
болатындай мөлшерде салыңыз.(14-бет) Мейіз-жаңғақ сауытының сыйымдылығы – 150 г.
Дегенмен, ингредиенттердің күйі мен түріне қарай олар осы шамадан асып кетуі мүмкін.
Түптің және нан бүйірлерінің
айналасында артық ұн бар.
Сіз тым көп ұн пайдаландыңыз немесе жеткілікті сұйықтық пайдаланып жатқан жоқсыз.
Рецептті тексеріңіз және ұн таразысын немесе сұйықтықтар үшін қамтамасыз етілген
өлшеуіш кесені пайдаланып дұрыс мөлшерді өлшеңіз.
Нан піспеді.
Қамыр мәзірі таңдалды.
Қамыр мәзірі пісіру процесін қамтымайды.
Нан пісіру кезінде қуат үзілді немесе құрылғы тоқтады.
Егер қамыр көтерілсе және толықсыса, оны духовкада әрі қарай пісіріп көруге болады.
Жеткілікті су жоқ және моторды қорғау құрылғысы белсендірілді.
Бұл тек құрылғыға артық жүктеме түссе және моторға артық күш қолданылса орын алады.
Қызмет туралы консультация алу үішн сатып алған жерге барыңыз. Келесі рет рецептті
тексеріңіз және қамтамасыз етілген өлшеуіш кесені пайдаланып дұрыс мөлшерді өлшеңіз.
Сіз араластыруға арналған қалақшаны жалғамадыңыз.
Алдымен араластыруға арналған қалақшаны жалғаңыз. (KZ12-б.)
Нан пісіруге арналған қалыптағы араластыру бекіткіш білігі қатты және айналмайды.
Араластыруға арналған қалақша жалғанған кезде араластыру бекіткіш білігі айналмаса,
араластыру бекіткіш білігі блогын ауыстыру керек болады. (Сатып алған жерге немесе
Panasonic сервистік орталығына хабарласыңыз.)
Нан шықпайды.
Нан нан пісіруге арналған қалыпқа жабысып қалса және оны кетіру қиын болса, нан пісіруге
арналған қалыпты 5 - 10 минутқа салқындауға қалдырыңыз, бірақ оны адамдар немесе
жануарлар күйіп қалуы мүмкін жерде қараусыз қалдырмаңыз.
Одан кейін нан қалыбын пеш қолғаптарымен ұстап, бірнеше рет сілкіңіз.
(Тұтқаны нанға кедергі жасамайтындай етіп ұстаңыз.)
Қызмет көрсету орталығына қоңырау соғу алдында осы бөлімді қарап шығыңыз.
Ақаулықтарды жою
DZ50K226_OI7_RU+UA+KZ.indb 28DZ50K226_OI7_RU+UA+KZ.indb 28 2021-08-24 16:44:492021-08-24 16:44:49

Содержание

Скачать