Redmond rmc-m140 [92/124] Алып толық ашып тазалаңыз шешілмелі қақпақтың сырт жағында

Redmond rmc-m140 [92/124] Алып толық ашып тазалаңыз шешілмелі қақпақтың сырт жағында
92
III. АСПАПТЫ ТАЗАЛАУ
Жалпы ережелер мен нұсқаулар
Аспапты бірінші рет пайдаланудың алдында, сонымен қатар
мультипісіргіш-жылдам пісіргіште әзірлеген соң бөтен иісті кетіру үшін
жарты лимонды «ОВОЩИ НА ПАРУ» (жылдам пісіргіш режимі)
бағдарламасында 15 минуттың ішінде өңдеуге кеңес береміз.
Жабық мультипісіргіш-жылдам пісіргіште асы әзір және 24 сағаттан
артық уақытқа суға толы табақты қалдырмаған жөн. Дайын асы бар
табақты тоңазытқышта сақтауға және қажет болса, қыздыру функциясын
қолдана отырып, мультипісіргіш- жылдам пісіргіште тамақты қыздыруға
болады.
Бұйымды тазалауға кіріспес бұрын оның электр қоректендіру желісінен
ажыратыңыз. Жұмыс камерасы, қыздыру дискісімен бірге, табақ, ішкі
қақпақ пен бу клапаны таза әрі құрғақ болуы тиіс.
Бұйымды тазалауға кіріспес бұрын оның электр қоректендіру желісінен
ажыратылып, толық суығанына көз жеткізіңіз. Тазалау үшін жұмсақ мата
мен ыдыс жууға арналған жұмсақ құралдарды қолданыңыз.
Аспапты тазалау барысында қатты сулықтар немесе сіңіргіштер (егер
бұл осы нұсқаулықта арнайы айтылмаса), абразивті пасталарды
қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Сондай-ақ кез келген химиялық агрессивті
немесе асқа жанасатын заттармен бірге қолдануға кеңес берілмеген
басқа да заттарды қолдануға болмайды.
Аспап корпусын суға батыруға немесе оны судың ағынына қоюға тыйым
салынады!
Мультипісіргіш-жылдам пісіргіштің резина бөлшектерін тазалауда сақ
болыңыз: оларды бүлдіру немесе пішінін өзгерту аспаптың қате
жұмысына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Бұйым корпусын кірлеу шамасына қарай тазартуға болады. Табақ, ішкі
алюминий қақпақ пен алынбалы бу клапанын аспапты әр қолданған сайын
тазарту қажет. Мультипісіргіште ас әзірлеу барысында түзілетін
конденсатты құрылғыны әр қолданған сайын жойыңыз. Жұмыс
камерасының ішкі беттерін қажетіне қарай тазартыңыз.
Корпусты тазалау
Бұйым корпусын жұмсақ сулы ас үй майлығы немесе сіңіргішпен тазартыңыз.
Жұмсақ тазартқыш құралды қолдануға болады. Судың ықтимал айғыздары
мен корупстағы айғыздардың алдын алу үшін бетті кептіріп сүртуге кеңес
береміз.
Табақты тазарту
Сіз табақты қолмен де, жұмсақ сіңіргіш пен ыдыс жууға арналған құралды
қолдана отырып, тазарта аласыз (оның өндірушінің нұсқауларына сәйкес).
Қатты ластанған жағдайда табаққа жылы су құйып, біраз уақыт шылап
қойыңыз, содан кейін тазартыңыз.
Табақтың сыртқы бетін оны мультипісіргіш-жылдам пісіргішінің корпусына
орнатар алдында міндетті түрде кептіріп сүртіңіз.
Табақты тұрақты түрде қолданған кезде оның ішкі күйікке қарсы
жабындысының түсі толық немесе ішінара өзгеруі мүмкін. Өздігінен ол
табақ ақауы болып табылмайды.
Ішкі шешілмелі қақпақ, бу шығару клапанын, қақпақты ашу
құрсаулағышты тазарту
Ішкі шешілмелі қақпақ, бу шығару клапанын, қақпақты ашу құрсаулағышты
аспапты әр қолданған соң тазартуға кеңес беріледі:
1.
Аспаптың қақпағын ашыңыз. Кері жағындағы орталық бекіткіш
бұранданы ақырып бұрап алып (сағат тіліне қарсы), ішкі қақпақты шешіп
алыңыз.
2.
Бу шығаратын клапан шешілмелі қақпақта орналасқан және екі бөліктен
тұрады. Клапанды тазарту үшін оның пластик қабығын (шешілмелі
қақпақтың ішкі жағында) сағат тіліне қарсы ақырын бұраңыз да, ұстап
тұрып, ішінен бітеуіш домалақты шешіп алыңыз.
3. Екі жағынан шешілмелі қақпақты, нығыздауыш сақина, бу шығаратын
клапанның пластик қабығы мен бітеуіш домалақты, сондай-ақ жұмсақ
жуу құралын қолдана отырып, қақпақты ашу құрсаулағышының
цилиндрін жуыңыз.
4. Қатты ластанған жағдайда бу клапанын оның металл қабығын бұрып
алып, толық ашып, тазалаңыз (шешілмелі қақпақтың сырт жағында).
Клапанның өткізу саңылауының бітелуін жіңішке ине немесе сыммен
кетіруге болады.
5.
Қақпақты ашу құрсаулағыштың цилиндрінің еркін шығатын жері болуы
тиіс. Кері жағдайда құрсаулағышты тазалаңыз (шешілмейді!).
6.
Тазалап біткен соң шешілмелі қақпақ пен қалған элементтерді құрғатып
сүртіңіз, кері бірізділікте қайта жинаңыз.
Бу шығаратын клапанның қорғаныс қабығын тазалау
Қауіпсіздік мақсатында бу шығаратын клапанның жұмыс саңылауын будың
немесе сұйықтықтың тым кенет шығуының алдын алатын жабық арнайы
пластик қақпақ-қабықпен тазалаңыз. Оны кірлеу шамасына қарай тазалаңыз:
1. Қабық-қақпақты шешіп алып, оны екі бөлікке ашыңыз.
2. Екі жартысын жуып, кептіріңіз.
3. Қабық-қақпақты кері бірізділікте жинап, оларды орнына орнатыңыз.
Конденсатты жою
Аспап корпусында орналасқан конденсатқа арналған контейнерді әр
пайдаланған соң тазалау қажет:
1. Шығыңқы тұсынан тартып, контейнерді ақырын шығарып алыңыз.
2. Конденсатты төгіп, контейнерді жуыңыз.
3. Контейнерді орнына қойыңыз.
Конденсаттың артығы табақ айналасында корпустың арнайы қуысында
жиналуы мүмкін. Конденсатты сүлгі немесе ас үй майлығының көмегімен
оңай кетіруге болады..
Жұмыс камерасын тазарту
Осы нұсқаулықты қатаң ұстанғанда жұмыс камерасының ішіне сұйықтық,
тамақ қалдықтары немесе қоқыс түсу ықтималдылығы аз.
Егер айтарлықтай ластану орын алса, аспап жұмысының бұзылуы немесе
сынуының алдын алу үшін жұмыс камерасының беттерін тазартқан жөн.
Мультипісіргіш-жылдам пісіргіштің жұмыс камерасын тазалауға кіріспес
бұрын оның электр қоректендіру желісінен ажыратылып, толық суығанына
көз жеткізіңіз!
Жұмыс камерасының бүйірлік қабырғалары, қыздыру дискісінің бері мен
орталық термоқадағаның қабығы (қыздыру дискісінің ортасында орналасқан)
дымқыл (сулы емес!) сулық немесе сіңіргішпен сүртіңіз. Жуу құралдарын
қолданған жағдайда келесі ас әзірлеген кезде жаман иістің шығуын
болдырмау үшін оның қалдықтарын мұқият алын тастаған жөн.
Орталық термоқадағаның айналасындағы шұңқырға бөгде заттар түскенде
оларды қадаға қабығын баспай, ақырын пинцетпен алып тастаңыз.
Қыздыру дискісінің беті ластанған жағдайда орташа қаттылықтағы дымқыл
сіңіргіш немесе синтетикалық қылшақты қолдануға болады.
Аспапты тұрақты түрде қолданғанда қыздыру дискісінің түсі толық
немесе ішінара өзгеруі мүмкін. Өздігінен бұл құрылғы ақауының белгісі
болып табылмайды және оның жұмысының дұрыстығына әсер етпейді.
IV. СЕРВИС
-
ОРТАЛЫҚҚА ЖОЛЫҒАР
АЛДЫНДА
Дисплейдегі
қате туралы
хабар
Ықтимал ақаулар Қатені жою
C1, C2, C3, C4
Жүйелік қате (басқару платасы,
температуралық қадағалар
немесе қысым қадағасы істен
шығуы мүмкін).
Аспапты электр желісінен ажыратып,
оны 10-15 минут суытыңыз. Қақпақты
тығыз жабыңыз. Егер қиындық
жойылмаса, авторландырылған
сервистік орталыққа хабарласыңыз.
V. КЕПІЛДІКТІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Осы бұйымға сатып алынған сәттен 25 ай мерзіміне кепілдік беріледі.
Өндіруші кепілдік кезеңі ішінде жөндеу, бөлшектерді ауыстыру немесе бүкіл
бұйымды ауыстыру жолымен материалдар немесе жинау сапасының
жетіспеушілігінен туындаған кез келген зауыттық ақауларды жоюға
міндеттенеді. Кепілдік тек сатып алу күні түпнұсқалық кепілдік талонында
дүкен мөрімен және сатушы қолымен расталған жағдайда ғана күшіне енеді.
Осы кепілдік тек бұйым пайдалану бойынша нсұқаулыққа сәйкес қолданылған,
жөнделмеген, бұзылмаған және онымен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде
зақымданбаған, сонымен қатар бұйымның толық жинағы сақталған жағдайда
танылады. Осы кепілдік бұйымның табиғи тозуына және шығын
материалдарына таралмайды (сүзгілер, шамдар, қыш және тефлондық
тығыздауыштар және т.б.).
Бұйымның қызмет мерзімі мен оған кепілдікті міндеттемелердің қолданыс
мерзімі бұйым сатылған немесе өндірілген кезден есептеледі (егер сату күнін
анықтау мүмкін болмаса).
Аспап өндірілген күнді бұйым корпусының сәйкестендіру жапсырмасындағы
сериялық нөмірден табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады. 6-шы
және 7-ші белгілер айды, 8-ші құрылғының шығарылған жылын білдіреді.
Өндіруші бекіткен аспаптың қызмет ету мерзімі бұйымның пайдаланылуы
осы нұсқаулық пен қолданылатын техникалық стандарттарға сәйкес жүзеге
асырылғанда, сатып алынған күнінен бастап 5 жылды құрайды.
Орамды, пайдаланушы нұсқаулығын, сонымен қатар аспаптың өзін
қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жергілікті бағдарламаға сәйкес
пайдаға асыру керек. Қоршаған ортаға қамқорлық білдіріңіз: мұндай
бұйымдарды әдеттегі тұрмыстық қоқыспен тастамаңыз.

Содержание