Redmond rmc-m170 [62/84] Паста бағдарламасы

Redmond rmc-m170 [62/84] Паста бағдарламасы
62
Басқару панелін құрсаулау
REDMOND RMC-M170 мультипісіргіші басқару панелін санкцияланбаған
пайдаланудан құрсаулау функциясымен жабдықталған (“балалардан
құрсаулау). Құрсаулауды қосу үшін түймешігін дыбыс сигналы естілгенше
басып ұстаңыз. Түймешіктің индикаторы жанады, бұдан кейін басқару
панелінің барлық қалған түймешіктері басуға жауап бермейтін болады. Осы
функцияны кез келген сәтте пайдалануға болады: күту режимінде,
бағдарламаны орнату кезінде немесе оның жұмысы басталған соң.
Басқару панелін құрсаудан шығару үшін түймешігін дыбыс сигналы
естілгенше басып ұстаңыз. Түймешіктің индикаторы өшеді.
Энергияға тәуелді жады
REDMOND RMC-M170 мультипісіргіші энергияға тәуелсіз жадыға ие.
Электрқоректену уақытша өшкенде сіз тапсырған барлық теңшелімдер сақталады.
Назар аударыңыз! Зауыттық орнатылымдарға түсіру үшін «Тепло/ОТМЕНА»
түймешігін басып ұстаңыз. Аспап әдепкі орнатылған мәндерге оралады
Стартты шегеру бағдарламасы
“Стартты шегеру функциясы тағам дайын болуы керек уақыт аралығын
тапсыруға мүмкіндік береді (бағдарлама жұмысы уақытын есепке алып).
Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен 24 сағатқа дейін аралықта
қолмен орнатуға болады.
Шегеру уақыты орнатылған әзірлеу уақытынан көп болуын есепке алу
керек, керісінше болғанда бағдарлама жұмысын АРТ/Подогрев
түймешігі басылған соң бірден бастайды.
Стартты шегеру уақытын орнату үшін (“МУЛЬТИПОВАР бағдарламасынан басқа):
1. МЕНЮ түймешігін басып, әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз.
2.
ТАЙМЕРТСРОЧКА түймешігін басыңыз, қажет болғанда әзірлеу
уақытын өзгертіңіз.ТАЙМЕР/ОТСРОЧКА түймешігін тағы бір рет
басыңыз. Дисплейде “ОТСРОЧКА АРТА (Стартты шегеру)
индикаторы мен шегеру уақыты (шегерілген cтарт уақыты есепке
алынған әзірлеу үдерісі соңына дейін қалған уақыт) пайда болады.
3.
“– және “+ түймешіктерін басып, уақытты азайтыңыз немесе көбейтіңіз.
Мәнді жылдам өзгерту үшін тиісті түймешікті басып ұстаңыз.
МУЛЬТИПОВАР бағдарламасында әзірлеу уақытын орнату туралы.
Шегерілген cтарт функциясы “ЖАРКА мен “ПАСТА бағдарламаларынан
басқа, барлық автоматты әзірлеу бағдарламалары үшін қол жетімді.
Егер рецептте тез бұзылатын азық болса (жұмыртқа, жаңа сауылған
сүт, ет, ірімшік және т.б.), “cтартты шегеру функциясын пайдалануға
кеңес берілмейді.
Шегерілген cтарт уақытын орнатқанда “ПАР бағдарламасында тек
мультипісіргіш қажетті жұмыс температурасына жеткенде ғана (су
қайнаған соң) уақыт есептеле бастайтынын есепке алу керек.
Дайын тағамдар температурасын ұстау (автоысыту)
Осы функция әзірлеу бағдарламасының жұмысы аяқталысымен бірден
автоматты түрде қосылады (“ЙОГУРТ бағдарламасынан басқа) және дайын
тағам температурасын 70–75°С шегінде 24 сағат ішінде ұстай алады.
Автоысыту қолданылып тұрғанда “Тепло/ОТМЕНА түймешігінің индикаторы
жанады, дисплейде осы режимде жұмыс уақытының тікелей есептелуі көрінеді.
Қажет болғанда “Тепло/ОТМЕНА түймешігін басып ұстап, автоысытуды
өшіруге болады.
Осы функцияны алдын ала өшіру үшін бағдарламаның жұмысы кезінде
АРТ/Подогрев түймешігін “Тепло/ОТМЕНА түймешігінің индикаторы
өшкенше басып ұстаңыз. Автоысытуды қайта қосу үшін АРТ/Подогрев
түймешігін тағы бір рет басып ұстаңыз (“Тепло/ОТМЕНА түймешігінің
индикаторы жанады).
Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда жалпы әрекеттер
тәртібі (МУЛЬТИПОВАР және “ЫСЫТУ” бағдарламаларынан басқа)
1.
Рецепт бойынша қажетті құрамдастарды дайындаңыз (өлшеңіз), табаққа
салыңыз. Сұйықтықты қоса, барлық құрамдастар табақтың ішкі бетіндегі
ең жоғарғы белгісінен төмен болғанын байқаңыз.
2. Табақты аспаптың корпусына қойыңыз. Ол қыздыру элементіне тығыз
тиетініне көз жеткізіңіз.
3. Мультипісіргіш қақпағын сыртыл естілгенше жабыңыз. Аспапты электр
желіге қосыңыз.
4. МЕНЮ түймешігін басып, қажетті әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз,
дисплейде тиісті әзірлеу бағдарламасы мен әдепкі орнатылған уақыттың
индикаторы пайда болады. “ЖАРКА, “ТУШЕНИЕ және “ПАР
бағдарламаларында, Выбор продукта түймешігін басып, азық түрін
таңдаңыз: дисплейде тиісті индикатор МЯСО (ЕТ), РЫБА (БАЛЫҚ)
немесе ОВОЩИ (КӨКӨНІС) және әдепкі орнатылған әзірлеу уақыты
жанады. Әзірлеу уақытын өзгертуге болады*.
5. Қажет болғанда шегерілген cтарт уақытын орнатыңыз.
6.
АРТ/Подогрев түймешігін басып, бірнеше секунд ұстаңыз. АРТ/
Подогрев және “Тепло/ОТМЕНА түймешіктерінің индикаторлары жанады.
Әзірлеу үдерісі мен бағдарлама жұмысының керісінше есептелуі басталады.
7. Бағдарламаның жұмысы кезінде АРТ/Подогрев түймешігін басып
ұстап автоысытуды алдын ала өшіруге болады (“Тепло/ОТМЕНА
түймешігінің индикаторы өшеді). CТАРТ/Подогрев түймешігін қайта
бассаңыз, осы функция қайта қосылады.
8.
Әзірлеу бағдарламасы аяқталуы туралы дыбыс сигналы хабарлайды.
Ары қарай, теңшелімдерге байланысты аспап автоысыту режиміне
немесе күту режиміне ауысады (дисплейде осы функция жұмысының
тікелей уақыт есептелуі көрінеді).
9.
Әзірлеу үдерісін үзу, енгізілген бағдарламаны болдырмау немесе
автоысытуды өшіру үшін “Тепло/ОТМЕНА түймешігін басып ұстаңыз.
* Әзірлеу уақытын өзгерту үшін:
1.
Әзірлеу бағдарламасы таңдалған соң ТАЙМЕР/ОТСРОЧКА түймешігін
басыңыз. Дисплейде ТАЙМЕР индикаторы жанады, уақытты білдіретін
сандар жыпылықтай бастайды.
2.
Уақыт мәнін “+ түймешігін басып көбейтіңіз, түймешігін басып
азайтыңыз. Мәнді жылдам өзгерту үшін түймешікті басып ұстаңыз.
3.
Әзірлеу уақытын орнату аяқталысымен (дисплейде сандар жыпылықтай
береді) келесі қадамға ауысыңыз. Жасалған орнатылымдарды
болдырмау үшін “Тепло/ОТМЕНА түймешігін басыңыз, одан кейін бүкіл
әзірлеу бағдарламасын қайта енгізіңіз.
Назар аударыңыз! Әзірлеу уақытын қолмен орнатқанда ықтимал уақыт
диапазонын және әзірлеу бағдарламасымен қарастырылған орнату
қадамын есепке алыңыз. Кейбір бағдарламаларда әзірлеу уақытының есебі
аспап тапсырылған жұмыс температурасына шыққан соң басталады.
“МУЛЬТИПОВАР” бағдарламасы
«Мультиповар» бағдарламасындағы автоысыту функциясы егер әзірлеу
температурасы 75°С-ден төмен болса, қол жетімсіз.
Бағдарлама пайдаланушы тапсырған әзірлеу температурасы (35 тен 170°С дейін,
өзгеру қадамы 5°С) мен уақыт (2 минуттан 15 сағатқа дейін, өзгеру қадамы 1
сағатқа дейін аралық үшін 1 минут, 1сағаттан асатын аралық үшін 10 минут)
параметрлері бойынша іс жүзінде кез келген тағамды әзірлеуге арналған.
«Мультиповар» бағдарламасындағы автоысыту функциясы егер әзірлеу
температурасы 75°С-ден төмен болса, қол жетімсіз.
1.
Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда жалпы әрекеттер
тәртібі тарауының 1
3т. ұстаныңыз.
2.
МУЛЬТИПОВАР/°С түймешігін басыңыз. Дисплейде әзірлеу
температурасының мәні пайда болады (әдепкі — 100°С). және “+
түймешіктерін басып, температура мәнін азайтуға немесе көбейтуге болады.
3. Температура орнатылғанынан кейін дисплейде ТАЙМЕР индикаторы
мен әдепкі орнатылған әзірлеу уақытының (30 минут) жыпылықтаған
сандары жанады.
Егер сіз қажетті температураны орнатып үлгерсеңіз, “Тепло/ОТМЕНА
түймешігін дыбыс сигналы естілгенше басып ұстаңыз, одан кейін
орнатылымды жаңадан қайталаңыз.
“– және “+ түймешіктерін басып, әзірлеу уақытын азайтуға немесе көбейтуге
болады. Мәнді тез өзгерту үшін тиісті түймешікті басып ұстаңыз.
4. Қажет болғанда cтартты шегеру уақытын орнатыңыз. Бұл үшін “ТАЙМЕР/
ОТСРОЧКА түймешігін басыңыз. Дисплейде ОТСРОЧКА АРТА
(Стартты шегеру) индикаторы мен шегеру есепке алынған тағам әзірленуінің
соңына дейін қалған уақыт пайда болады. және “+ түймешіктерін басып,
уақыт мәнін өзгертіңіз. Мәнді тез өзгерту үшін тиісті түймешікті басып ұстаңыз.
5.
Ары қарай Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда жалпы
әрекеттер тәртібі тарауының 6–9 т. ұстаныңыз.
“РИС/КРУПЫ бағдарламасы
Күріш пен әртүрлі жарма түрлерінен үгілмелі ботқа пісіруге, сонымен қатар
гарнирлерді әзірлеуге кеңес беріледі. Әдетте РИС/КРУПЫ бағдарламасында
әдепкі әзірлеу уақыты 35 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 1 минут орнату
қадамымен 5 минуттан 4 сағатқа дейін аралықта орнатуға болады.
“ТОМЛЕНИЕ” бағдарламасы
Піскен сүт, бұқтырылған ет, рулька, іркілдек, құйманы әзірлеуге кеңес беріледі.
Әдетте “ТОМЛЕНИЕ бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 3 сағат құрайды.
Әзірлеу уақытын 1 сағатқа дейінгі аралық үшін 10 минут және 1 сағаттан
асатын аралық үшін 30 минут орнату қадамымен 10 минуттан 15сағатқа
дейін аралықта орнатуға болады.
“ПЛОВ” бағдарламасы
Ет, балық немесе көкөніс қосылған палауды әзірлеуге кеңес беріледі. Әдетте
ПЛОВ бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 1 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын
5 минут орнату қадамымен 10 минуттан 2 сағатқа дейін аралықта орнатуға болады.
Қуыру бағдарламалары (“ЖАРКА”)
Ет пен ет өнімдері, балық пен теңіз өнімдерін, сонымен қатар көкөністі
қуыруға кеңес беріледі. Уақыт әдетте таңдалған ішкі бағдарламаға байланысты
(“Выбор продукта түймешігін басып орнатылады): “МЯСО 15 минут, “РЫБА
12 минут, ОВОЩИ 18 минут. Әзірлеу уақытын 1 минут орнату қадамымен
5 минуттан 2 сағатқа дейін аралықта орнатуға болады.
“Стартты шегеру функциясы осы бағдарламаларда қол жетімсіз.
Бұқтыру бағдарламалары (“ТУШЕНИЕ”)
Ет пен ет өнімдері, балық, теңіз өнімдері мен көкөністі бұқтыруға, сонымен
қатар жылумен ұзақ өңдеуді талап ететін іркілдек пен басқа тағамдарды
әзірлеуге кеңес беріледі. Уақыт әдетте таңдалған ішкі бағдарламаға
байланысты (“Выбор продукта түймешігін басып орнатылапды): “МЯСО 1
сағат, “РЫБА 35 минут, “ОВОЩИ 40минут. Әзірлеу уақытын 5 минут
орнату қадамымен 10 минуттан 12 сағатқа дейін аралықта орнатуға болады.
“ПАСТА бағдарламасы
Макарон өнімдерін, жұмыртқа мен сосискі пісіруге кеңес беріледі. Әдетте “ПАСТА
бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 8 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 1
минут орнату қадамымен 2 минуттан 1 сағатқа дейін аралықта орнатуға болады.
“Стартты шегеру функциясы осы бағдарламала қол жетімсіз. Табаққа су
құйыңыз. Судың деңгейі табақтың ішкі бетіндегі ең жоғары белгісінен төмен
болғанын байқаңыз.Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда жалпы
әрекеттер тәртібі тарауының 2–7 т. ұстаныңыз. Су қайнаған соң сигнал естіледі.
Қақпақты абайлап ашыңыз және азық-түлікті қайнаған суға салыңыз, қақпақты
сыртыл естілгенше жабыңыз.АРТ/Подогрев түймешігін басыңыз.
Орнатылған бағдарламаның орындалуы мен әзірлеу уақытының керісінше
есептелуі басталады. Ары қарай Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда
жалпы әрекеттер тәртібі тарауының 8–9 т. ұстаныңыз.

Содержание