Redmond rmc-m170 [63/84] Ысыту бағдарламасы азықты ыстық күйде 24 сағатқа дейін ұстай

Redmond rmc-m170 [63/84] Ысыту бағдарламасы азықты ыстық күйде 24 сағатқа дейін ұстай
63
RMC-M170 мультипісіргіші
KAZ
Назар аударыңыз! Кейбір азықты әзірлегенде көбік қалыптасады. Оны
табақтан ықтимал ағызбау үшін азық-түлікті қайнаған суға салғанынан
бірнеше минуттан соң қақпақты ашуға болады.
“МОЛОЧНАЯ КАША бағдарламасы
Майы аз пастерленген сүтті пайдаланып, ботқаны әзірлеуге арналған. Әдетте
“МОЛОЧНАЯ КАША бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 35 минут
құрайды. Әзірлеу уақытын 1 минут орнату қадамымен 5 минуттан 4 сағатқа
дейін аралықта орнатуға болады.
Сүтті ботқаларды мультипісіргіште әзірлеу бойынша кеңестер
Сүт тасымай, қажетті нәтижеге жету үшін әзірлеудің алдында келесі
әрекеттерді жасауға кеңес беріледі:
барлық дәні тұтас жарманы су таза болғанынша мұқият жуу (күріш,
қарақұмық, тары және т.б.);
мультипісіргіш табасына әзірлеудің алдында сары май жағу;
құрамдастарды рецепттер кітабының кеңестеріне сәйкес өлшеп,
қатынастарды қатаң ұстану (құрамдастардың мөлшерін тек қатынасты
азайту немесе көбейту);
майлы сүтті пайдаланылғанда оны 1:1 қатынаспен ауыз сумен
араластырыңыз.
Сүт пен жарманың сипаттары өндірілген жері мен өндірушісіне
байланысты ерекшеленуі мүмкін, бұл кейде әзірлеу нәтижесіне әсер етеді.
Егер “МОЛОЧНАЯ КАША бағдарламасында қажетті нәтиже болмаса,
“МУЛЬТИПОВАР әмбебап бағдарламасын пайдаланыңыз. Сүтті ботқаны
әзірлеудің тиімді температурасы 95ºС құрайды. Құрамдастардың мөлшері
мен әзірлеу уақытын рецептке сәйкес орнатыңыз.
СУП бағдарламасы
Әртүрлі сұйық тағамды, сонымен қатар компоттар мен сусындарды әзірлеуге
кеңес беріледі. Әдетте “СУП бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 1 сағат
құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен 10 минуттан 8 сағатқа
дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
ЙОГУРТ бағдарламасы
Йогурт әзірлеуге және қамыр тындыруға кеңес беріледі. Әдетте “ЙОГУРТ
бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 8 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын
5 минут орнату қадамымен 10 минуттан 12 сағатқа дейін аралықта қолмен
орнатуға болады. Автоысыту функциясы осы бағдарламада қол жетімсіз.
ВЫПЕЧКА бағдарламасы
Пісірме әзірлеуге кеңес беріледі (кекс, бисквит, пирог). Әдетте “ВЫПЕЧКА
бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 45 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут
орнату қадамымен 10 минуттан 8сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
Нанды пісіргенде барлық әзірлеу кезеңдерінде тағамды автоматты түрде
ысыту функциясын өшіруге кеңес беріледі.
Буда әзірлеу бағдарламалары (“ПАР”)
Буда ет пен ет өнімдерін, диеталық тағамдарды, балаларды тамақтандыруға
арналған тағамдарды әзірлеуге кеңес беріледі. Уақыт әдетте таңдалған ішкі
бағдарламаға байланысты (“Выбор продукта түймешігін басып орнатылады):
“МЯСО 40 минут, “РЫБА 25 минут, “ОВОЩИ 30минут. Әзірлеу уақытын
5 минут орнату қадамымен 5 минуттан 2 сағатқа дейін аралықта қолмен
орнатуға болады. Осы бағдарламада әзірлеу үшін көлемі реттелетін арнайы
контейнерді пайдаланыңыз (жинаққа кіреді).
Табаққа 600
1000 мл су құйыңыз. Буға әзірлеуге арналған контейнердің ішкі
табағын сыртқы шеңберге шеттеріндегі шығыңқы жерлер қуыстарға
кіретіндей салыңыз. Шеңбердің ішкі жағында биіктікті және тиісті түрде
контейнер көлемін реттеу үшін 2 қуыс жинағы қарастырылған. Контейнерді
табаққа орнатыңыз. Азық-түлікті рецептке сәйкес өлшеп дайындаңыз,
контейнерге біркелкі етіп салыңыз. Ары қарай Автоматты бағдарламаларды
пайдаланылғанда жалпы әрекеттер тәртібі тарауының 2–9 т. ұстаныңыз.
“ВАРКА/БОБОВЫЕ бағдарламасы
Көкөніс пен бұршақты пісіруге кеңес беріледі. Әдетте “ВАРКА/БОБОВЫЕ
бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 40 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут
орнату қадамымен 5 минуттан 8 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
ЫСЫТУ бағдарламасы
Дайын азықты ысытуға кеңес беріледі. Бағдарлама тағамды 70
75°С ысытады
және ыстық күйде 24сағат ұстайды. Бағдарламада әзірлеу уақытының тікелей
есептелуі қарастырылған. Қажет болғанда ысытуды қолмен тоқтатуға болады.
“Стартты шегеру функциясы осы бағдарламада қол жетімсіз.
1.
Дайын тағамды табаққа салыңыз. Табақты аспаптың корпусына қойыңыз,
ол қыздыру элементіне тығыз тиетініне көз жеткізіңіз. Мультипісіргіш
қақпағын сыртыл естілгенше жабыңыз. Аспапты электр желіге қосыңыз.
2.
“Тепло/ОТМЕНА түймешігін дыбыс сигналы естілгенше басып ұстаңыз.
Түймешіктің индикаторы жанады, ысыту үдерісі мен уақыттың тікелей
есептелуі басталады. Бағдарлама жұмысы аяқталысымен сигнал естіледі.
Аспап күту режиміне ауысады.
3. Ысыту үдерісін үзу үшін “Тепло/ОТМЕНА түймешігін дыбыс сигналы
естілгенше басып ұстаңыз. Түймешіктің индикаторы өшеді.
ЫСЫТУ бағдарламасы азықты ыстық күйде 24 сағатқа дейін ұстай
алады, алайда тағамды ыстық күйде 2–3 сағаттан артық ұстауға кеңес
бермейміз, өйткені бұл кей кезде оның дәмдік қасиеттері өзгеруіне әкеліп
соқтыруы мүмкін.
III. ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ
Аспапты тазалаудың алдында ол электр желіден ажырағанына және
толық суығанына көз жеткізіңіз.
Жұмсақ мата мен абразивті емес ыдыс жуатын құралдарды
пайдаланыңыз. Аспапты пайдаланған соң бірден тазалауға кеңес береміз.
Назар аударыңыз! Тазалаған кезде абразивті заттарды, жабындысы
абразивті губкаларды және химиялық белсенді заттарды пайдалануға
тыйым салынады. Аспаптың корпусын суға батыруға немесе су ағынына
салуға тыйым салынады.
Бірінші рет пайдаланудың алдында немесе әзірлеген соң иісті кетіру
үшін әдепкі уақытты өзгеріссіз қалдырып, жарты лимонды “ПАР РЫБА
бағдарламасында қайнатуға кеңес береміз.
Табақ пен алюминий қақпағын* пайдаланған сайын тазалау керек.
Табақты жуу үшін ыдыс жуатын машинаны пайдалануға болады. Тазалау
аяқталысымен табақтың сыртқы бетін құрғатып сүртіңіз.
Бу клапанын да пайдаланған сайын тазалауға кеңес беріледі. Бу
клапанын** тазалау үшін оны абайлап шешіп, толық бұзыңыз, одан кейін
ағынды суда мұқият жуып, кептіріңіз, керісінше бірізділікпен жинаңыз
және орнына орнатыңыз.
Тағамды әзірлеген кезде конденсат қалыптасуы мүмкін, ол аспап
корпусында табақ айналасындағы арнайы қуыста жиналады. Осы
конденсат сүлгі немесе асханалық майлықтың көмегімен жеңіл кетіріледі.
* Ішкі алюминий қақпақты шешу үшін:
Муьлтипісіргіш қақпағын ашыңыз, қақпақтың ішкі жағынан 2
пластмассалық бекіткішті қақпақ бөлінгенше орталыққа қарай басыңыз.
Екі қақпақ беттерін ылғал матамен сүртіңіз, қажет болғанда ыдысты
жуатын құралдарды пайдаланып, шешілмелі қақпақты жуыңыз.
Тазалаған соң алюминий қақпақты төменгі қуыстарға салыңыз және
негізгі қақпақпен келтіріңіз, ішкі қақпақтың жоғарғы бөлігін сыртыл
естілгенше басыңыз. Ішкі алюминий қақпағы тығыз бекітілуі керек.
** Бу клапанын шешу үшін сыртқы қабықты қақпақ қуысындағы шығыңқы
жерінен ұстап жоғары және өзіңізге қарай абайлап тартыңыз. Клапанды
аударыңыз, ішкі жағындағы пластик бекіткішті көрсеткішке қарай ашыңыз
және ішкі қабықты шешіңіз. Клапанның екі бөлігін жуыңыз және керісінше
бірізділікпен жинаңыз. Клапан резинасын үзбеу үшін оны тазалау және
орнатқан кезде бұрамаңыз және тартпаңыз.
IV. СЕРВИС
-
ОРТАЛЫҚҚА ЖОЛЫҒУДЫҢ
АЛДЫНДА
Дисплейдегі
қате туралы
хабарлама
Ықтимал ақаулар Қатені жою
Е1 – Е5
Температуралық
қадағалардың
жұмысындағы
бұзушылықтар
Аспапты электр желіден ажыратыңыз, суытыңыз.
Қақпақты тығыз жабыңыз, аспапты электр желіге
қайта қосыңыз. Егер қайта қосқан кезде қиындық
жойылмаса, авторландырылған сервистік
орталыққа жолығыңыз.
Ақау Ықтимал себеп Ақауды жою
Қосылмайды. Электр желіден қоректену жоқ. Электр желі кернеуін тексеріңіз.
Тағам өте ұзақ
дайындалады.
Электр желіден қоректену
жаңылысы.
Электр желі кернеуін тексеріңіз.
Табақ пен қыздыру элементі
арасына бөтен зат түсті.
Бөтен затты алып тастаңыз.
Табақ мультипісіргіш корпусына
тегіс орнатылмаған.
Табақты тегіс қисайтпай орнатыңыз.
Қыздыру элементі лас.
Аспапты электр желіден
ажыратыңыз, суытыңыз. Қыздыру
элементін тазалаңыз.
V. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Осы бұйымға сатып алынған сәттен 25 ай мерзіміне кепілдік беріледі.
Өндіруші кепілдік кезеңі ішінде жөндеу, бөлшектерді ауыстыру немесе бүкіл
бұйымды ауыстыру жолымен материалдар немесе құрыдың сапасы
жетіспеушілігінен туындаған кез келген зауыттық ақауларды жоюға
міндеттенеді. Кепілдік тек сатып алу күні түпнұсқалық кепілдік талонында
дүкен мөрімен және сатушы қолымен расталған жағдайда ғана күшіне енеді.
Осы кепілдік тек бұйым пайдалану бойынша нсұқаулыққа сәйкес қолданылған,
жөнделмеген, бұзылмаған және онымен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде
зақымданбаған, сонымен қатар бұйымның толық жинағы сақталған жағдайда
танылады. Осы кепілдік бұйымның табиғи тозуына және шығын
материалдарына таралмайды (сүзгілер, шамдар, қыш және тефлондық
тығыздауыштар және т.б.).
Бұйымның қызмет мерзімі мен кепілдік міндеттемелердің жарамдылық
мерзімі өндірілген кезден бастап немесе бұйым жасалған кезден бастап
есептеледі (егер сатылған күнін анықтау мүмкін болмаса).
Аспаптың өндірілген кезі бұйым корпусындағы сәйкестендіру жапсырмасында
орналасқан сериялық нөмірден табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден
тұрады. 6-ші және 7-шы белгілер айды, 8-ші құрылғы шыққан жылды білдіреді.
Өндіруші бекіткен аспаптың қызмет ету мерзімі бұйымның пайдаланылуы
осы нұсқаулық пен қолданылатын техникалық стандарттарға сәйкес жүруі
жағдайында сатып алынған күнінен 5 жыл құрайды.
Орамды, пайдаланушы нұсқаулығын, сонымен қатар аспаптың өзін
қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жергілікті бағдарламаға сәйкес
пайдаға асыру керек. Мұндай бұйымдарды әдеттегі тұрмыстық қоқыспен
тастамаңыз.

Содержание