Jet JDR-34F (10000395M) [18/28] Жинақтау

Jet JDR-34F (10000395M) [18/28] Жинақтау
18 Радиалды бұрғылау станогы JDR-34 / JDR-34F Қазақша18
4.2 Жинақтау
Егер орамды ашу кезінде тасымалдау
нəтижесінде пайда болған бұзылулар
анықталса, бұл жайлы дереу Сіздің
сатушыңызға хабарлаңыз.
Станокты іске қоспаңыз!
Өтінеміз, орамды қоршаған ортаны
қорғау талаптарына сай жойыңыз.
Қорғаныс майлауын тоттан жұмсақ
еріткіштер көмегімен тазартыңыз.
Бұрғылау басын құрастырыңыз
Назар аударыңыз!
Бұрғылау басы ауыр!
Абай болыңыз жəне оны
орнатқан кезде көмек сұраңыз
Бұрғылау басын орнату алдында
қысқыш төсемді құрастырыңыз (В,
Сур. 1).
Сур. 1
Бұрғылау басын станок бағанасына
параллель етіп қойыңыз.
Қысқыш тұтқасабын қысып қойыңыз.
4.3 Электр желісіне қосылу
Тұтынушы жағынан желіге қосылу, со-
нымен қатар қолданылатын ұзартқыш
өткізгіштер белгілеуге сай болу керек.
Желі кернеуі мен жиілігі фирмалық
тақтайшада көрсетілген жұмыс
параметрлеріне сəйкес болу қажет.
Пайдаланушымен орнатылған
қолғаныс құрылғысы 10 А деп есепте-
лу керек.
• H07RN-F белгіленуі бар жалғаушы
өткізгіш сымдарын ғана қолданыңыз.
Жалғаушы кабель (немесе
ұзартқыш) қорғаныс автоматы
мен электрқоректендіру көзінен
3x1,5мм² көлемінен кем емес болу
керек (мейлінше мыстан жасалған,
үштарамды, əр тарам кесігі 1,5 мм²
кем емес болуы дұрыс).
Электр құрылғысын қосу жəне жөндеу
жұмыстарын тек білікті электр маман-
дарына жүргізуге рұқсат етіледі.
4.4 Іске қосу
Нешізгі сөндіргіштегі жасыл тетікті
басу арқылы станок қосылу мүмкін;
қызыл тетікті басу арқылы станок
тоқтатылады.
5. Станок жұмысы
Үстел биіктігі мен саңылауларды
бұрғылау тереңдігінің тірегін жұмыс
барысында Сіз бұрғылау үстелін
бұрғылап тастамайтындай етіп
орнатыңыз.
Ағаш қалдықтарынан жасалған
кішігірім төсеніш бұрғыны да, бұрғылау
үстелін де қорғайды.
Дайындама бұрғы қармауына түсіп
кетуін болдырмаңыз.
Дайындаманы үстелде берік бекітіңіз
немесе іскенжеге қысыңыз.
Бұрғы беріс күшін бұрғы дайындаманы
баяу бұрғылайтындай етіп
таңдаңыз.
Бұрғылау кезінде тым кіші беріс
нəтижесінде бұрғының мезгілсіз тозуы
мен дайындамада күйіктердің пайда
болуына алып келеді, ал тым үлкен
беріс салдарынан мотор тоқтап неме-
се бұрғы бұзылып қалуы мүмкін.
Диаметрі 10 мм HSS тез кесетін
болаттан жасалған бұрғы
айналымдар санына арналған
ұсыныс.
Ағаш: 2000 айн/мин
Пластмасса: 1500 айн/мин
Алюминий: 1500 айн/мин
Жез: 1500 айн/мин
Сұр шойын: 1000 айн/мин
Болат (Cт15): 800 айн/мин
Болат (Cт45): 600 айн/мин
Тоттанбайтын болат: 300 айн/мин
Жалпы жағдайда:
Бұрғы диаметрі неғұрлым кіші болса,
соғұрлым айналымдар саны көп болу
керек.
Металлға қарағанда ағаш көбірек
айналымдар санын қажет етеді.
Металл айналымдар саны аз
қалпында бұрғыланады, сонымен
қатар қажет жағдайда келесілерді
ескеріңіз:
Назар аударыңыз!
Саусақтарыңызды айналмалы
бұрғылау құралынан жеткілікті
алшақта ұстаңыз, дайындама не-
месе Сіздің қолыңыз сырғанап кету
мүмкіндігін ескеріңіз.
Қиқымдар мен дайындама бөліктерін
тек станок тоқтап тұрған кезде ғана
алыңыз.
Ешқашан бұрғылау қысқысының неме-
се жетек белдігінің қорғаныс қоршауы
ашық қалпында жұмыс істемеңіз.
Іскенже əрдайым үстелге берік
бұратылған болу керек.
Ешқашан
жалаңаш қолмен жұмыс
істемеңіз (дайындамаларды үстелде
қосымша тірексіз ұстау), жылтырату
жұмыстарынан басқа.
Ұзын дайындамаларды жылжымалы
тіреулермен ұстаңыз.
Осы станокта жұмыс істегенде металл-
ды қылшақтар, фрезерлік құралдар,
шеңберлі кесуге жəне ажарлағыш
шеңберлерге арналған құралдары бар
ешқандай аспаптарды қолданбаңыз.
Ешуақытта магнийді кесумен
өңдемеңізөрт қаупі жоғары!
Айқасқан лазер:
Айқасқан лазер дайындаманы дəл
орнықтыландыру үшін қолданылады.
Айқасқан лазер (S, Сур. 7) қосулы не-
месе сөндірулі болуы мүмкін.
Назар аударыңыз!
2 класс лазері
Ешқашан лазер сəулесіне
қарамаңыз
Лазер сəулесін адамдар мен
жануарларға бағыттамаңыз.
Қатты шағылыстыратын материал-
дарды өңдеген жағдайда сызықтық
лазерді қолданбаңыз.
Шағылысқан жарық қауіпті болып
келеді.
6. Станокты баптау мен реттеу
жұмыстары
Жалпы ережелер
Баптау мен реттеу жұмыстарының
алдында станок кездейсоқ қосылудан
сақталған болу керек.
Желілік штекерді суырып
тастаңыз!
6.1 Бұрғылау қысқысын
ауыстыру
Желілік штекерді суырып тастау
арқылы электрқоректендіруді өшіріңіз.
Бұрғылау шпинделін түсіріңіз.
Шпиндель мен пинольдағы радиалды
оймакілтектер бір бірімен сəйкес бола-
тындай етіп шпиндельді бұраңыз.
Оймакілтекке итергіш сынаны
қондырыңыз (A, Сур. 2) жəне балғамен
жаймен соны соғыңыз.
Түсіп бара жатқан бұрғылау қысқысын
қолмен немесе бұрғылау үстелімен
ұстаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать