Hotpoint-Ariston FK1041LP.20 X/HA(DS) [53/64] Қосу және пайдалану

Hotpoint-Ariston FK1041LP.20 X/HA(DS) [53/64] Қосу және пайдалану
53
KZ
Қосу және пайдалану
ЕСКЕРТУ! Пеш тартпаларды алып
шығуға арналған және пештен
шығып кетуіне жол бермейтін
шектегіш жүйемен жабдықталған (1).
Сызбада көрсетілгендей, толығымен
шығарып алу үшін тартпаларды
алдыңғы шетінен ұстап көтеріп,
тартсаңыз (2) болғаны.
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос күйінде есігін жауып,
ең жоғарғы температурада кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті
өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің жақсы желдетілгенін
тексеріңіз. Өндіру кезінде қолданылған қорғағыш заттардың жанып
кетуіне байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
! Дисплейде "<" және ">" таңбалары арасында көрсетілген параметрді
реттеу үшін басқару тетігін бұраңыз.
! Орнату процесін жеңілдету үшін тұтқаны басып, ұстап тұрыңыз: сонда
дисплейде сандарды айналдыру жылдамдығы артады.
! 10 секундтан кейін әрбір параметр құрылғыда автоматты түрде
сақталады.
! Пайдаланушы қолғап киген болса, сенсорлық басқару элементтерін
қосу мүмкін емес.
Пісіру өнімділігін оңтайландыру үшін таңдалған функцияны іске қосқан
кезде өнім параметрлері қолданылады, оған байланысты желдеткіш пен
қыздыру элементтері кешігіп қосылуы мүмкін.
Пешті алғаш рет қосу
Пешті токқа қосқаннан кейін, ол алғаш рет қосылған кезде пайдаланушы
түймесін басу арқылы басқару тақтасын да қосуы тиіс. Мәзірде тілдер
тізімі көрсетіледі. Басқару тетігінің көмегімен қажетті тілді таңдаңыз
белгішесін басу арқылы растаңыз. Таңдау жасалғаннан кейін дисплейде
параметрлер мәзірі көрсетіледі белгішесін басыңыз немесе басқару
тетігімен айналдырып, ШЫҒУ пәрменін табыңыз, одан кейін пешті
қолдана бастау үшін белгішесін басыңыз.
! Мәзірде тілді таңдағаннан кейін дисплей 30 секунд бойы қолданылмаса,
ол автоматты түрде бағдарламалау режиміне өтеді.
Параметрлер мәзірінің пәрмендері
Параметрлер мәзіріне кіру үшін басқару тақтасын қосып, белгішесін
басыңыз.
Жеке мәзір пәрмендерін бөлектеу үшін басқару тетігін қолданыңыз.
Параметрді өзгерту үшін белгішесін басыңыз.
Мәзірде төмендегі параметрлер беріледі:
ТІЛ: дисплейде көрсетілетін тілді таңдау.
ПИРОЛИТИКАЛЫҚ: тазалау түрін таңдау.
САҒАТ: дәл уақытты орнату.
ҮН: пернетақта үнін қосу/өшіру.
ЖАРЫҚ: пісіру кезінде пештің ішкі шамын қосу/өшіру.
ЛОГОТИП: қосқан кезде логотип көрсетілуін қосу/өшіру.
НҰСҚАУ: жұмысқа қатысты кеңестерді қосу/өшіру.
ШЫҒУ: мәзірден шығу..
! белгішесін басу арқылы параметрлер мәзірінен шығуға болады.
Басқару тақтасы/есік құлпы
! Пеш өшіп тұрғанда, пісіру басталғанда немесе аяқталғанда және
бағдарламалау кезінде басқару тақтасын құлыптауға болады.
Есік/басқару тақтасы құлпын пеш есігін және/немесе басқару
элементтерін құлыптау үшін қолдануға болады.
Оны қосу үшін , белгішесін басып, қажетті пәрменді басқару тетігін
басу арқылы таңдаңыз:
ҚҰЛЫПТАМАУ: қосылған құлыпты өшіру;
ТЕК ТҮЙМЕЛЕР: тек басқару элементтерін құлыптау;
ТЕК ЕСІК: тек есікті құлыптау;
ТҮЙМЕЛЕР МЕН ЕСІК: басқару элементтері мен есікті құлыптау.
белгішесін басу арқылы растаңыз.
Растау сигналы беріліп, дисплейде белгішесі пайда болады.
Пеш қолданыста болғанда немесе өшіп тұрғанда құлыпты қосуға болады.
Сондай-ақ, оны жоғарыдағы жағдайлардың барлығында және пеш тағам
пісіріп болғаннан кейін өшіруге болады.
! Құрылғыны тазалаған кезде есік құлпы байқаусыз жабылуы мүмкін
(шығып тұратын серіппе бар). Мұндай жағдай орын алса, есік құлпын
жоғары қарай бұру арқылы оны қайтадан ашыңыз (суретті көріңіз).
KO OK
Сағатты орнату
Сағатты орнату үшін ; белгішесін басып, пешті қосыңыз, одан кейін
белгішесін басып, берілген қадамдарды орындаңыз.
1. Басқару тетігімен мәзір пәрмендерін айналдырып, САҒАТ пәрменін
таңдаңыз да, белгішесін басыңыз.
2. Уақытты басқару тетігімен реттеңіз.
3. Дұрыс сағат мәніне жеткенде белгішесін басыңыз.
4. Минуттарды орнату үшін 2-3 қадамдарын қайталаңыз.
5. Реттеу режимінен шығу үшін белгішесін басыңыз немесе басқару
тетігінің көмегімен ШЫҒУ пәрменіне жеткенше мәзірді айналдырып,
белгішесін басыңыз.
! белгішесін басып, жоғарыдағы 2-4 қадамдарын орындау арқылы
сағатты пеш өшіп тұрғанда да орнатуға болады.
! Құрылғы токқа жалғанғаннан кейін немесе ток өшіп қайта қосылғаннан
кейін, сағатты қалпына келтіру қажет.
Еске салғышты орнату
! Еске салғышты пештің қосылғанына немесе өшірілгеніне қарамастан
орнатуға болады. Ол пешті қоспайды не өшірмейді.
Орнатылған уақыт өткен кезде, еске салғыш дыбыстық белгі береді де,
30 секундтан кейін немесе басқару тақтасындағы кез келген белсенді
түйме басылған кезде, ол автоматты түрде тоқтайды.

Содержание

Похожие устройства

Скачать