Hotpoint-Ariston FK1041LP.20 X/HA(DS) [55/64] Автоматты пісіру режимдері

Hotpoint-Ariston FK1041LP.20 X/HA(DS) [55/64] Автоматты пісіру режимдері
55
KZ
! Есік дұрыс жабылмаған болса, дисплейде "ЕСІК АШЫҚ" жазуы
көрсетіледі. Оңтайлы пісіру нәтижесіне қол жеткізу үшін есік дұрыс
жабылғанына көз жеткізіңіз.
Қолмен пісіру режимдері
! Барлық тағам дайындау режимдерінің әдепкі орнатылған пісіру
температурасы бар, оны 40°C пен 250°C аралығында қолдан реттеуге
болады (БАРБЕКЮ режимі үшін 270 °С). Кез келген температура өзгерістері
құрылғы жадында сақталады және бұл режим қолданылған келесі кезде
ұсынылады. Таңдалған температура пеш ішіндегі температурадан төмен
болса, дисплейде "ПЕШ ТЫС ЫСТЫҚ" жазуы көрсетіледі. Дегенмен, пісіруді
бастау мүмкін болады.
Пісіру мерзім орнатылмай басталған болса, дисплейде өткен уақыт
көрсетіледі.
КӨПДЕҢГЕЙЛІ режимі
Барлық қыздыру элементтері мен желдеткіш іске қосылады. Пештің қызуы
тұрақты болғанда ауа тағамды біркелкі қызартып пісіреді. Бір уақытта ең
көбі 3 тартпаны пайдалануға болады.
БАРБЕКЮ режимі
Үстіңгі қыздыру элементі мен бұрылмалы істік (егер болса) іске
қосылады. Грильдің жоғарғы және тіке температурасы қабаттың жоғарғы
температурасын қажет ететін тағамдар үшін ұсынылады. Бұл режим
пайдаланылғанда пештің есігі әрдайым жабық тұруы қажет (ағам
дайындау бойынша кеңес" бөлімін қараңыз).
ЖЕЛДЕТКІШІ БАР ГРИЛЬ режимі
Жоғарғы қыздыру элементі мен гриль-бар істігі (бар болса) іске қосылады
да, желдеткіш жұмыс істей бастайды. Айналу кезінде айналдырып
қыздыру элементі де іске қосылады. Осы мүмкіндіктердің жиыны пештің
күшейтілген ауа айналымы мен қыздыру элементі арқылы берілетін бір
бағыттағы жылу бөлу тиімділігін арттырады.
Бұл тағамның күйіп кетуін болдырмауға көмектеседі және жылудың
тағамның ішкі жағына енуіне мүмкіндік береді. Бұл режим пайдаланылғанда
пештің есігі әрдайым жабық тұруы қажет ("Тағам дайындау бойынша
кеңес" бөлімін қараңыз).
ҚУЫРУ режимі
Үстіңгі және айналмалы қыздыру элементтері қосылады және желдеткіш
жұмыс істей бастайды. Осы мүмкіндіктердің жиыны пештің күшейтілген ауа
айналымы мен қыздыру элементі арқылы берілетін бір бағыттағы жылу бөлу
тиімділігін арттырады. Бұл тағамның күйіп кетуін болдырмауға көмектеседі
және жылудың тағамның ішкі жағына енуіне мүмкіндік береді.
Бұл режим пайдаланылғанда пештің есігі әрдайым жабық тұруы қажет.
БАЛЫҚ режимі
Үстіңгі және айналмалы қыздыру элементтері қосылады және желдеткіш
жұмыс істей бастайды. Бұл тіркесім балықты жайлап пісіруге қолайлы.
ПИЦЦА режимі
Үстіңгі және айналмалы қыздыру элементтері қосылады және желдеткіш
жұмыс істей бастайды. Мұның нәтижесінде пеш жылдам қызады. Бір
жолда бірден көп тартпа қолданылатын болса, тағам дайындау үрдісінің
ортасында табақтардың орындарын алмастырыңыз.
КӨТЕРУ режимі
Дөңгелек қыздыру элементі қосылып, желдеткіш тек алдын ала қыздыру
кезінде жұмыс істейді. Пеш температурасы қамырдың көтерілу процесі
өте қолайлы. Бұл режим пайдаланылғанда пештің есігі әрдайым жабық
тұруы қажет.
КОНДИТЕР ТАҒАМДАРЫ режимі
Артқы қыздыру элементі және желдеткіш іске қосылып, жылудың бүкіл
пешке жұмсақ әрі біркелкі түрде таралуын қамтамасыз етеді. Бұл режим
температураға сезімтал болатын тағамдарды (мысалы, көтерілуді қажет
ететін торт сияқты тағамдар) дайындауға арналған.
ПАСТЕРИЗАЦИЯ режимі
Бұл пісіру режимі жеміс, көкөніс, т.б. қолайлы.
Кіші ыдыстарды 2 деңгейге орналастыруға болады (май жинайтын
таба 1-сөреде және тартпа 3-сөреде). Пештің ішінде ыдыстардың
салқындауын күтіңіз. Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
ЕТ/БАЛЫҚ/КӨКӨНІС БАЯУ ПІСІРУ режимдері
Саладағы мамандар көптеген жылдар бойы пайдаланған пісіру режимінің бұл
түрі тағамды (ет, балық, жеміс және көкөніс) өте төмен температурада (75, 85
және 110°C) пісіруге мүмкіндік беріп, керемет пісу деңгейін қамтамасыз етеді
және дәмді барынша жақсартады.
Бұл артықшылықтардың маңызын жете бағаламау қажет:
пісіру температуралары өте төмен болғандықтан (әдетте олар булану
температурасын төмен болады), пісіру шырындарының булануға
байланысты тарап кетуі айтарлықтай азайып, тағам жұмсағырақ болады;
ет пісірген кезде, дәстүрлі пісіру циклымен салыстырғанда бұлшық
ет талшықтары азырақ әрекеттеседі. Нәтижесінде пісіргеннен кейін
қойып қоюды қажет етпейтін жұмсағырақ ет аласыз. Етті пешке салмас
бұрын қызарту керек.
Төмен температурада вакуумды қапқа салынған тағамдарды пісіру
30 жылдан астам әйгілі аспаздармен қолданып келе жатқан әдіс көптеген
артықшылыққа қол жеткізеді:
аспаздық: хош иістер жиналып, тағамның дәмі мен жұмсақтығы
сақталады;
гигиеналық: гигиена ережелері сақталған жағдайда, пісірудің бұл түрі
тағамды оттегінің зиянды әсерінен қорғап, тағамдарды тоңазытқышта
ұзағырақ сақтауға мүмкіндік береді;
ұйымдастыру: ұзағырақ сақтау мерзімінің арқасында тағамдарды
алдын ала дайындауға болады;
диетаға қатысты: пісірудің бұл түрі май заттарының қолданылуын
азайтып, тағамның жеңілірек болуын және оңай қорытылуын
қамтамасыз етеді;
қаржылық: тағам көлемі әдеттегіден аз азаяды, сондықтан пісіргеннен
кейін көлемі көбірек өнім аласыз.
Бұл әдісті қолдану үшін вакууммен қаптайтын құралды және тиісті
қаптарды қолдану қажет. Тағамды вакууммен қаптауға қатысты
нұсқауларды бұлжытпай орындаңыз.
Вакууммен қаптау әдісін піспеген өнімдермен (жеміс, көкөніс, т.б.),
сондай-ақ, алдын ала пісірілген өнімдермен әстүрлі тағам пісіру)
қолдануға болады.
ЖІБІТУ режимі
Пештің түбіндегі желдеткіш бөлме температурасындағы ауаны тағам
айналасында айналдырып отырады. Бұл режим тағамның кез келген түрін
еріту үшін қолайлы, әсіресе қыздыруға болмайтын нәзік тағамдар, мысалы:
балмұздақ торттары немесе тәтті крем, крем немесе жеміс қосылған торттар.
Автоматты пісіру режимдері
! Температура мен пісіру ұзақтығы әрқашан автоматты түрде
керемет нәтижеге кепілдік беретін алдын ала анықталған болады.
Бұл мәндер C.O.P(Бағдарламаланған оңтайлы пісіру) жүйесін
пайдалану арқылы реттеледі. Пісіру үрдісі автоматты түрде тоқтап,
пеш тамақтың піскенін көрсетеді. Пештің алдын ала қыздырылғанына,
әлде қыздырылмағанына қарамай, пісіруге кірісуіңізге болады. Пісіру

Содержание

Похожие устройства

Скачать