Hotpoint-Ariston FK1041LP.20 X/HA(DS) [61/64] Сақтандырулар мен кеңестер

Hotpoint-Ariston FK1041LP.20 X/HA(DS) [61/64] Сақтандырулар мен кеңестер
61
KZ
Сақтандырулар мен кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай жасақталып,
дайындалған. Төмендегі ескертулер қауіпсіздік ережелерін ескерту
мақсатында берілген және оны мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны коммерциялық немесе
өндірістік тұрғыда қолдануға болмайды.
Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау қажет. Құрылғыны
қорғаусыз жаңбыр мен боранда қалдыру аса қауіпті.
Құрылғыны жылжытқанда немесе орналастырғанда пештің бүйіріндегі
тұтқаларды пайдаланыңыз.
Құрылғыны жалаң аяқ немесе қол-аяғыңыз ылғал болғанда
ұстамаңыз.
Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға сай, тек ересек
адамдар ғана тағам дайындау мақсатында пайдалануы тиіс.
Құрылғыны басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені жылыту
үшін) дұрыс емес әрі қауіпті. Құрылғыны тиісті, дұрыс және
саналы түрде пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез келген
зақымға өндіруші жауапты болмайды.
Құрылғыны пайдаланған уақытта қыздыру элементтерін немесе
пеш есігінің белгілі бөліктерін ұстамаңыз, бұл бөліктер қатты
қызады. Құрылғыны балалар қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
Басқа электр құрылғыларының кабельдері пештің ыстық бөліктеріне
тимейтінін тексеріңіз.
Желдету және қызуды шашу саңылауларын ешқашан жабуға
болмайды.
Пеш есігінің тұтқасын әрқашан ортасынан ұстаңыз: шеттері ыстық
болуы мүмкін.
Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе оны алған кезде әрдайым
пеш қолғаптарын пайдаланыңыз.
Пеш түбін туралау үшін алюминий фольганы пайдаланбаңыз.
Пешке жанғыш заттарды қоймаңыз. егер байқаусызда құрылғы
қосылса, бұл заттардың жануы мүмкін.
Құрылғыны өшіргенде розеткадан әрдайым айырғышты ұстап
тартыңыз, кабельден тартып суырмаңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратпастан ешқашан тазалау немесе
күтім көрсету жұмыстарын жасамаңыз.
Ақаулық болған кезде, ешбір жағдайда жөндеу жұмысын өзіңіз
жасамаңыз. Өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз
("Көмек" бөлімін қараңыз).
Ашық пештің есігіне заттарды қоймаңыз.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Құрылғыны физикалық, сезімталдық және психикалық қабілеттері
төмен адамдар (балалар да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен
хабары жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс. Мұндай адамдарға,
кем дегенде, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін біреулер жетекші
болуы керек немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе
нұсқаулары берілуі тиіс.
Құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару
жүйесімен басқарылуға арналмаған.
Жою
Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың қайта пайдаланылуы
мүмкін болатындай жергілікті заңды қадағалаңыз.
Электр және электроникалық құралдардың қалдықтарына (WEEE)
қатысты 2012/19/EU Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары
қалыпты толық қалалық қалдық айналымын пайдаланып жойылмауы
тиіс. Қоршаған орта мен халық денсаулығына тиетін зиянның алдын
ала отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану мен машина
ішіндегі материалдарды өңдеу құнын оңтайландыру мақсатында
бөлек жиналуы керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі өнім
иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты міндетін еске салады.
Жарамсыз үй құрылғыларын дұрыс жоюға қатысты қосымша ақпарат
алу үшін өнім иелері халыққа қызмет көрсету орталығына немесе
олардың жергілікті өкілдеріне хабарласа алады.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Пештің алдын ала қызып кетуін болдырмаңыз және оны әрдайым
толтыруға тырысыңыз. Пештің есігін аздап ашыңыз, себебі есікті
ашқан сайын жылудың шығуына себеп болады. Электр энергиясын
бірталай үнемдеу үшін плитаны ас әзірлеу үрдісі аяқталғанға
дейін 5-10 минут бұрын өшіріңіз және пештің беріп тұрған жылуын
пайдаланыңыз.
Автоматты бағдарламалар шамамен стандартты азық-түліктер үшін
пайдаланылуы тиіс.
Энергия қуатын жоғалтуды болдырмау үшін тығыздағыш аралық
қабаттар таза болуы тиіс.
Егер сізде электр энергиясы таймерлі тариф бойынша берілетін
болса, «кейінге қалдырылған дайындау» опциясы біршама арзан
уақыт аралығына ауысу арқылы ақшаңызды үнемдеуге көмектеседі.
! Бұл өнім күту режимінде қуат тұтынуды шектеуге қатысты соңғы
Еуропалық Директиваның талаптарына сәйкес келеді.
Тасымалдау және сақтау.
Духовкаларды түпнұсқа орауыш ішінде тік күйде тасымалдау керек.
Тасымалдау және сақтау кезінде духовкаларды атмосфералық
әсерлерден және механикалық зақымдалудан қорғаңыз.
Духовканы жылытылған бөлмелерде плюс 5°С және плюс 40°С
температура аралығында орауыш ішінде сақтау керек.
Техникалық қызмет көрсету және
күтім көрсету
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны токтан
ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
Пештің алдыңғы жағындағы аздаған айырмашылықтар әртүрлі
материалдардың, яғни шыны, пластмасса немесе метал,
қолданылғандықтан болады.
Пеш есігінде жолақтарға ұқсайтын көлеңкелі аймақтар пеш шамы
жарығының шағылуынан пайда болады.
Эмаль өте жоғары температурада жабыстырылады. Бұл процесс
түстердің әртүрлі болуына себеп болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай
және құрылғының жұмысына ешбір түрде әсер етпейді. Металдың
жұқа жиектерін толығымен эмальмен қаптау мүмкін емес, сондықтан
олар қапталмаған болып көрінуі мүмкін. Бұл тот басудан қорғауға кері
әсер етпейді.
Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы бөліктер және
резеңке тығыздағыштар жылы суға малынып, түссіз сабын жағылған
губкамен тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы өнімдерді
пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны шайып, мұқият құрғатыңыз.
Қатты ұнтақтарды немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы кезінде мұқият тазалануы
тиіс. Ыстық су мен тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін
шайып, жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш заттарды
пайдаланбаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать