Hotpoint-Ariston FK1041LP.20 X/HA(DS) [54/64] Режимдер

Hotpoint-Ariston FK1041LP.20 X/HA(DS) [54/64] Режимдер
54
KZ
Еске салғышты реттеу үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1. белгішесін басыңыз.
2. Уақытты басқару тетігімен қажетті уақытты орнатыңыз.
3. Қажетті мәнге жеткенде белгішесін қайтадан басыңыз.
Пеш өшірілгенде дисплейде кері санақ көрсетіледі. Пеш қосылғанда жанып
тұратын таңбасы еске салғыш қосулы екенін еске салады.
Еске салғышты өшіру үшін белгішесін басып, тұтқаның көмегімен
уақытты 00:00 мәніне орнатыңыз.
белгішесін тағы бір рет басыңыз.
белгішесі өшіп, еске салғыш өшірілгенін білдіреді.
Пешті қосу
1. Басқару тақтасын қосу үшін түймесін басыңыз. Құрылғы үш рет
сигнал береді (өсу ретімен).
2. Қажетті қолмен пісіру режимін таңдау үшін белгішесін басыңыз.
Пісіру температурасы мен мерзімін орнатуға болады.
Қажетті автоматты пісіру режимін таңдау үшін белгішесін басыңыз.
Пісіру температурасы мен мерзімі әдепкі мәндеріне орнатылады.
Таңдалған режимге сәйкес мерзімді ғана реттеуге болады. Температура
дәл пісіру профиліне сәйкес болатынын білдіру үшін дисплейде "АВТО"
сөзі көрсетіледі. Кешіктіріп басталатын пісіру циклын бағдарламалауға
болады.
3. Пісіру режимін іске қосу үшін түймесін басыңыз.
4. Пешті алдын ала қыздыру кезеңі басталады, алдын ала қыздыру
көрсеткіштері температура көтерілген кезде жанады.
5. Алдын ала қыздыру процесі аяқталған кезде сигнал беріледі де, барлық
алдын ала қыздыру көрсеткіштерінің шамдары осы кезеңнің аяқталғанын
көрсетеді: содан кейін тағамды пешке салуға болады.
6. Тағам дайындау кезінде әрқашан мына әрекеттерді орындауға болады:
- белгішесін басып, басқару тетігін бұрап және түймесін қайта
басу арқылы растап, теператураны реттеңіз (тек қолмен басқарылатын
режимдер);
- пісіру режимінің ұзақтығын реттеу ("Пісіру режимдері" бөлімін қараңыз);
- белгішесін басып, пісіруді тоқтатыңыз. Бұл жағдайда құрылғы бұрын
өзгертілген температураны жадында сақтайды (тек қолмен басқару
режимдерінде);
- белгішесін 3 секунд басып тұру арқылы пешті өшіріңіз.
7. Егер пеш жұмыс істеп тұрған кезде электр қуаты сөніп қалса, құрылғының
ішіндегі автоматты жүйе тағам дайындау режимін қуат үзіліп кеткен сәттен
бастап қайта іске қосады, бұл үшін температура белгілі бір деңгейден
төмендемеуге тиіс. Әлі басталмаған бағдарламаланған пісіру режимдері
қалпына келтірілмейді және оларды қайта бағдарламалау қажет болады
(мысалы: пісіру режимі 20:30-да басталуға бағдарламаланған. 19:30-да
ток өшіп қалады. Қуат қайтадан берілгенде режимді қайта бағдарламалау
қажет болады).
! БАРБЕКЮ режимінде алдын ала қыздыру кезеңі жоқ.
! Ешқашан пештің астына зат қоймаңыз; бұл эмальді қабаттың
зақымдануын болдырмайды.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)ға қойыңыз.
Салқындату желдеткіші
Пештің сыртқы температурасын салқындату үшін салқындату желдеткіші
басқару тақтасы мен пеш есігінің арасында, сондай-ақ, пеш есігінің
астына қарай салқын ауа ағынын өткізеді. Тазалау циклінің басында
салқындату желдеткіші төменгі жылдамдықта жұмыс істейді.
! Пісіріп болғаннан кейін де пеш толық салқындағанша желдеткіш жұмыс
істеп тұрады.
Пеш шамы
Пеш есігі ашылғанда немесе пісіру режимі басталғанда шам жанады
(параметрлер мәзірінде қосылған болса).
LED INSIDE технологиясымен жабдықталған модельдер пісіре бастаған
кезде, барлық пісіру деңгейлерін анығырақ көрсету үшін есіктегі диодтар
жанады.
Қалған қызу көрсеткіштері
Құрылғы қалған қызу көрсеткішімен жабдықталған. Пеш өшіп тұрғанда,
пештің ішіндегі жоғары температураны көрсету үшін дисплейде "қалған
қызу" жолағы жанады. Жолақтың бөліктері пеш ішіндегі температура
азайғанда бір-бірден өшеді.
Demo режимі
! Тіл таңдалмаған болса, құрылғы ДЕМО режиміне өтпейді.
Пеш ДЕМО режимінде жұмыс істей алады: барлық қыздырғыш
элементтер ажыратылады, ал басқару элементтері жұмыс істейді.
ДЕМО режимін қосу үшін пешті өшіріңіз және түймесін 10 секунд
басып тұрып, басқару тетігін сағат тілі бағытында бұрап ұстаңыз.
Дыбыстық белгі естіледі де, дисплейде "ДЕМО" сөзі шығады.
ДЕМО режимін өшіру үшін түймесін 3 секунд басып тұрып, басқару
тетігін сағат тіліне қарсы бағытта бұрап ұстаңыз. Өшіруді растау үшін
сигнал беріледі.
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру
Пайдаланушы таңдауларының барлығын (тіл, үн, реттелген мерзімдер,
т.б....) бастапқы қалпына келтіру үшін пештің зауыттық параметрлерін
қалпына келтіруге болады. Қалпына келтіруді орындау үшін пешті
өшіріңіз, одан кейін 6 , ,және түймелерін бірге басып, 6
секунд ұстап тұрыңыз. Қалпына келтіру процедурасы аяқталған кезде
сигнал беріледі. белгішесі алғаш рет басылғанда пеш бірінші рет
қосылғандай әрекет етеді.
Күту режимі
Бұл өнім күту режимінде қуат тұтынуды шектеуге қатысты соңғы
Еуропалық Директиваның талаптарына сәйкес келеді. 30 секунд ішінде
ешбір түйме басылмаса және басқару тақтасы/есік құлпы қосылмаған
болса, құрылғы күту режиміне автоматты түрде өтеді. Күту режимін
білдіру үшін дисплейде ЭКО режимінің таңбасы көрсетіледі. Құрылғыны
қайта қолдана бастағанда жүйе жұмысы қалпына келеді.
Режимдер
! Тағамдардың жұмсақ әрі қытырлақ болуын қамтамасыз ету үшін пеш
су буы түрінде тағамның ішінде болатын ылғалдылықты шығарады.
Осылайша, барлық тағам түрлері үшін оңтайлы пісіру нәтижелеріне қол
жеткізуге болады.
! Пеш қосылған кезде, ол бірінші қолмен пісіру режимін ұсынады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать