Hotpoint-Ariston FK1041LP.20 X/HA(DS) [57/64] Пісіруді бағдарламалау

Hotpoint-Ariston FK1041LP.20 X/HA(DS) [57/64] Пісіруді бағдарламалау
57
KZ
тамаша жарайды. Тамақты пешке ол әлі қызбаған кезде салыңыз.
Тамақты алдын ала қыздырылған пешке де салуға болады.
ПАЭЛЬЯ режимі
Бұл функция паэльяны жылдам және оңай дайындау үшін әзірленген;
барлық ингредиенттер әлі салқын пеш ішіне салынады. Барынша жақсы
нәтижеге жету үшін төмендегі нұсқауларды мұқият орындауға кеңес
береміз:
Қолданылған күріш жабысқақ болмауы тиіс: әсіресе, салаттарға
арналған күрішті немесе американдық ұзын дәнді күрішті қолданған
жөн.
Пешті алдын ала қыздыру керек.
Позиция:
- терең май жинайтын таба 1-деңгейдегі сөреде ерек-жарақ ретінде
берілген болса) немесе тартпаны 1-деңгейдегі сөреге орналастырып,
оған өлшемі шамамен 35х30 см (биіктігі 5 см) тағам қойыңыз.
- май жинайтын табаны 3-деңгейдегі сөреге орналастырыңыз;
- тартпа 5-деңгейдегі сөреге.
Рецепт (8 порция):
Терең май жинайтын табада
1 пияз, туралған
500 г күріш
500 г мұздатылған аралас теңіз өнімдері (тазаланған асшаян,
мидиялар мен ұлулар, дөңгелектен туралған кальмар, т.б.)
2 уыс мұздатылған бұршақ
¼ чили, текшелер
Чоризо (дәмдеуіш қосылған паприка шұжығы), туралған
Балық сорпасынан жасалған ұнтақтың бір шай қасығы
1 порция ұнтақ шафран
700 г су
Май жинайтын табаны алюминий фольгасымен жабыңыз.
Май жинайтын табада
Нәлім филесінің 8 порциясы
8 (немесе 16) ірі асшаян (немесе норвег омары)
8 тұтас мидия, гарнир ретінде
Май жинайтын табаны алюминий фольгасымен жабыңыз.
Тартпаға қойылған науада
6-8 тауық саны, паэлья дәмдеуіштерімен маринадталған және зәйтүн
майы себілген
Пісіру процесі аяқталған кезде тағы зәйтүн майын себіңіз.
ПИЛАВ КҮРІШ режимі
Бұл функцияны күріш пісіру үшін қолданыңыз. Барынша жақсы нәтижеге
жету үшін төмендегі нұсқауларды орындауға кеңес береміз:
Қолданылған күріш жабысқақ болмауы тиіс: әсіресе, салаттарға
арналған күрішті немесе американдық ұзын дәнді күрішті қолданған
жөн.
Пешті алдын ала қыздыру керек.
Терең май жинайтын таба 2-деңгейдегі сөреде болуы тиіс (керек-
жарақ ретінде берілген болса) немесе тартпаны 2-деңгейдегі сөреге
орналастырып, оған өлшемі шамамен 35х30 см (биіктігі 5 см) тағам
қойыңыз.
Рецепт (4-6 порция):
500 г күріш
700 мл су немесе сорпа
Күрішті терең май жинайтын табаға салып, жауып тұратындай су құйыңыз.
Май жинайтын табаны алюминий фольгасымен жабыңыз.
ТАСТА ПІСІРІЛЕТІН ПИЦЦА (тек пицца тасы бар модельдерде)
режим.
! Ұзақтықты өзгерту және кешіктіріп басталатын пісіруді таңдау мүмкін
емес.
Бұл функцияны пицца (жұқа қамыр) пісіру үшін пайдаланыңыз. Берілген
қызуға төзімді пицца тасын 4-сөре позициясындағы тартпаға қойыңыз.
ТАСТА ПІСІРІЛГЕН ПИЦЦА режимі хабарлар мен сигналдардың
көмегімен пісіру процесі барысында пайдаланушыға нұсқау беріп
отырады.
1. Дисплейде "ПИЦЦА ТАСЫН САЛЫҢЫЗ" және "БАСТАУ ТҮЙМЕСІН
БАСЫП ІСКЕ ҚОСЫҢЫЗ" жазулары көрсетіледі.
2. белгішесі басылғаннан кейін пицца тасын алдын ала қыздыру
басталады (оны дисплейде орындалу барысы жолағы және "ПИЦЦА
ТАСЫН АЛДЫН АЛА ҚЫЗДЫРУ" жазуы білдіреді)
3. Жоғарыдағы қадам аяқталғаннан кейін пеш сигнал беріп, пиццаны
пеш ішіне қоюға болатынын білдіреді; "ПИЦЦАНЫ ПЕШКЕ САЛЫҢЫЗ"
жазуы көрсетіледі.
4. Пеш есігін ашып, пицца пештің ішіне қойыңыз. Пісіру басталады;
дисплейде "ПІСІРУ" жазуы көрсетіледі. 4 минуттақ кері санақ та көрсетіледі.
5. Пісіру уақыты аяқталғаннан кейін дисплейде "ДАЙЫН БОЛҒАН КЕЗДЕ
ПЕШТЕН АЛЫҢЫЗ" жазуы көрсетіліп, бірнеше рет сигнал беріледі, сөйтіп
пайдаланушыға пицца беті жетерліктей қызарған кезде оны алып шығу
керек екені білдіріледі.
6. белгішесін басып, пиццаны алып шығыңыз.
7. белгішесі басылған кезде пеш тасты алдын ала қыздыру режиміне
қайтады. Тас температурасы жетерліктей жоғары болса, бұл қадамды
өткізіп жіберіп, тағамды пеш ішіне салуға болады.
ЙОГУРТ режимі
Дөңгелек қыздыру элементі қосылып, желдеткіш тек алдын ала қыздыру
кезінде жұмыс істейді. Йогурт дайындау үшін 50 °С қолайлы.
Бір литр йогурттың кәдімгі рецепті: бір литр қаймағы алынбаған
UHT сүті, бір кесе табиғи йогурт
Дайындау әдісі:
Сүтті болат табада қайнау нүктесі жеткенше қыздырыңыз.
Бетіндегі қаймақты алып, салқындауын күтіңіз.
Йогуртқа 3-4 шай қасық сут қосып, жақсылап араластырыңыз.
Қоспаны қалған сүтке құйып, жақсылап араластырыңыз.
Ауа өткізбейтін тегештерге құйыңыз.
Тегештерді май жинайтын табаға қойып, пеш ішіне 2-деңгейге
орналастырыңыз.
Процесс соңында тегештерді салқындату үшін тоңазытқышқа 12
сағатқа қойыңыз. Йогуртты тоңазытқышта бір аптаға дейін сақтауға
болады.
Рецептті қалағаныңызша өзгертуге болады.
Пісіруді бағдарламалау
! Тағам дайындау режимі бағдарламалау басталардан бұрын таңдалуға
тиіс.
Пісіру ұзақтығын бағдарламалау
1. белгішесін басыңыз.
2. Ұзақтықты орнату үшін басқару тетігін бұраңыз; сандарды жылдамырақ
айналдыру және орнату процесін жеңілдету үшін тетікті осы күйде ұстап
тұрыңыз. Дисплейде ұзақтықты жолақ түрінде көрсететін диаграмма
пайда болады.
3. Қажетті ұзақтыққа жеткенде белгішесін қайтадан басыңыз. Ұзақтық
жолағы ағымдағы уақытты, ұзақтықты және пісіру уақытын диаграмма
ретінде көрсетеді.
4. Пісіруді бастау үшін белгішесін басыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать