Hotpoint-Ariston FK1041LP.20 X/HA(DS) [62/64] Пеш есігін тазалау

Hotpoint-Ariston FK1041LP.20 X/HA(DS) [62/64] Пеш есігін тазалау
62
KZ
Сырғымалы тартпалардан басқа барлық керек-жарақтар күнделікті
ыдыстар сияқты жуылуы мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш машинаға
жууға болады.
Тазартқыш заттарды басқару тақтасына тура бүрікпей, ысқыш
шүберекті қолданып тазалаған дұрыс.
! Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе шаңсорғышты
пайдаланбаңыз.
Пеш есігін тазалау
! LED INSIDE модельдерінің есігін шешіп алу мүмкін емес.
Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш емес тазартқыш
құралдармен тазалап, жұмсақ шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты
қырғыш затты немесе өткір темір қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі
олар әйнек бетін тырнап, оның сынуына әкелуі мүмкін.
Пеш есігін мұқият тазалау мақсатында оны шығарып алуыңызға болады.
1. Пеш есігін толық ашыңыз (сызбаны қараңыз).
2. Шығарып алу үшін бұрағышты пайдаланыңыз және F екі ілгекке
орналасқан(суретті қараңыз) кішкентай тұтқаларды бұраңыз.
F
3. Есікті екі жағынан қатты ұстап, жартылай
жабыңыз. Оны өзіңізге қарай орнынан
көтере тартыңыз (сызбаны қараңыз).
Есікті орнына қою үшін осы іс ретін кері
орындаңыз.
Тығыздағыштарды тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп тұрыңыз. Егер
тығыздағыштар зақымдалған болса, жақын жердегі қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз ("Көмек" бөлімін қараңыз). Тығыздағыштар
ауыстырылғанға дейін пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Шамды ауыстыру
Пештің шамын ауыстыру үшін:
1. Шам ұясының шыны қақпағын
алыңыз.
2. Шамды алып, оны сондай басқа
шаммен ауыстырыңыз: галогенді шам
230 В, 25 Вт, G 9.
3. Шыны қақпақты орнына қойыңыз
(сызбаны қараңыз).
! Шамды бірден қолыңызбен ұстамаңыз.
! Пеш шамын бөлмені жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Сырғымалы сөрелер жиынын құрастыру
Сырғымалы тартпаларды құрастыру
үшін:
1. Екі жақтауды A бөлгіштерінен
алысырақ көтеріп, шығарыңыз
(сызбаны қараңыз).
2. Сырғымалы тартпамен қайсы
сөренің пайдаланылатынын таңдаңыз.
Сырғымалы тартпа шығарылып
алынатын бағытқа назар аудара
отырып, B ілмегін, одан кейін С ілмегін
жақтауға орналастырыңыз.
3. Пеш қабырғаларындағы тесіктерді
пайдаланып, бағыттаушы жолдардың
көмегімен бекітіңіз (сызбаны қараңыз).
Сол жақ жақтауға арналған тесіктер
жоғарыда, ал оң жақ жақтау үшін
тесіктер төменде орналасқан.
4. Ең соңында жақтауларды A
бөлгіштеріне орналастырыңыз.
! Сырғымалы тартпаларды 5-позицияға қоймаңыз.
ПИРОЛИЗ көмегімен автоматты түрде тазалау
Тазалау циклы пештің ішкі температурасын 500°C–қа дейін жеткізуі
мүмкін. Пиролитикалық цикл қосылады да, тағамдар мен күйе қалдықтар
жанып кетеді. Кір жанып кетеді.
Автоматты түрде тазарту кезінде құрылғының беті ыстық болатындықтан
балаларды одан алыс жерде ұстаңыз. Бөлшектер пештің ішінде жанып
кетеді. Алаңдаудың қажеті жоқ: бұл процесс қалыпты және қауіпті емес.
ПИРОЛИТИКАЛЫҚ циклды іске қоспас бұрын:
пеш есігін тазалаңыз;
ылғал губканың көмегімен пештің ішінен үлкен тағам қалдықтарын
алып тастаңыз. Тазалау сұйықтығын пайдаланбаңыз;
барлық керек-жарақтар мен сырғымалы тартпа жинағын (бар болса)
шығарып алыңыз;
пештің тұтқасына шәйнек тұтқышты қоймаңыз.
! Егер пеш өте ыстық болса, пиролитикалық цикл қосылмайды. Пештің
суығанын күтіңіз.
! Бағдарлама тек пештің есігі жабылған кезде ғана іске қосылады.
Тазалау циклын іске қосу үшін:
1. Басқару тақтасын қосу үшін түймесін басыңыз.
2. белгішесін басыңыз.
3. Басқару тетігімен мәзір пәрмендерін айналдырып, ПИРОЛИТИКАЛЫҚ
пәрменін таңдаңыз да, белгішесін басыңыз.
4. Құрылғы ұзақтығы 1 сағат 30 минут болатын "ҚАЛЫПТЫ" пиролитикалық
циклды ұсынады. Басқа тазалау деңгейлерін таңдауға болады.
Төмендегілердің бірін таңдау үшін басқару тетігін қолданыңыз:
- "ҮНЕМДЕУ": ұзақтығы 1 сағат.
A
B
C
D

Содержание

Похожие устройства

Скачать