Hotpoint-Ariston FK1041LP.20 X/HA(DS) Инструкция по эксплуатации онлайн [56/64] 172950

Hotpoint-Ariston FK1041LP.20 X/HA(DS) Инструкция по эксплуатации онлайн [56/64] 172950
56
KZ
басталмас бұрын, таңдалған бағдарламаға байланысты тиісті мәнді ±5/20
минутқа өзгерту арқылы пісіру ұзақтығын жеке қалауға сәйкес реттеуге
болады. Дегенмен, пісіру басталғаннан кейін де ұзақтықты өзгертуге
болады. Мән бағдарлама басталмас бұрын өзгертілсе, ол жадқа сақталып,
бағдарлама келесі кезде қолданылғанда құрылғы оны ұсынады. Пеш
ішіндегі температура таңдалған режим үшін ұсынылатын мәннен жоғары
болса, дисплейде "ПЕШ ТЫМ ЫСТЫҚ" жазуы көрсетіледі және пісіруді
бастау мүмкін болмайды; пештің салқындауын күтіңіз. Таңдалған режимді
білдіретін белгіше мен ұсынылған сөре позициясын білдіретін белгіше
дисплейде ауысып көрсетіледі.
! Пісіру сатысына жеткен кезде, пештің дыбыстық белгісі естіледі.
! Пештің есігін ашпаңыз, себебі бұл пісіру уақыты мен температураны
бұзуы мүмкін.
ЭКО режимі
Артқы жылыту элементі қосылған және желдеткіш жұмыс істей бастайды,
пештің ішінде тегіс және қолайлы жылыту деңгейін қамтамасыз етеді.
Бұл бағдарлама температурасы ең көп 200°C-қа дейін орнатылатын
тағам түрлерін баяу пісіруге арналады; оған қоса, бағдарлама тағамды
жылыту және пісіру үрдісін аяқтау үшін қолайлы.
Бағдарлама әсіресе ет және балықты баяу пісіру үшін ыңғайлы,
бағдарлама бір уақытта етті жұмсақ етіп пісіруге және қуатты үнемдеуге
мүмкіндік береді. Құрылғы қосулы кезде жақсы энергия тиімділігі алу
үшін шам 30 секунд бойы жанып тұрады; шамды қайта қосу үшін
түймешігін басыңыз
НАН режимі
Бұл функцияны нан пісіру үшін пайдаланыңыз. Барынша жақсы нәтижеге
жету үшін төмендегі нұсқауларды мұқият орындауға кеңес береміз:
Рецепт бойынша жасаңыз.
Тұтқалы табаға арналған ең үлкен салмақтан асырмаңыз.
5-ші позициядағы нан пісіретін науаға 50 г (0,5 дл) суық су құюды
ұмытпаңыз.
Қамырды бөлме температурасында көтерілгенше 1 1 ½ сағат (бөлменің
температурасына қарай) немесе қамырдың көлемі екі есе үлкейгенше
қалдырыңыз.
НАННЫҢ рецепті:
Ең көбі 1000 грамға арналған 1 май жинайтын таба, төменгі деңгей.
Ең көбі 1000 грамға арналған 2 май жинайтын таба, ортаңғы және төменгі
деңгейлер.
1000 г қамырға арналған рецепт: 600 г ұн, 360 г су, 11 г тұз, 25 г табиғи ашытқы
(немесе 2 қалта ашытқы ұнтағы).
Дайындау әдісі:
Ұн мен тұзды үлкен кеседе араластырыңыз.
Ашытқыны жылымшы суға (шамамен 35 градус) ерітіңіз.
Үйілген ұнның ортасында кішкене ойық жасаңыз.
Су мен ашытқы қоспасын құйыңыз.
Қамырды алақанмен созып, өзіне-өзін бүктеу арқылы ол біртекті болып,
жабысқақтығы кеткенше 10 минут илеңіз.
Қамырды домалақтап, үлкен тегенеге салыңыз да, қамыр кеуіп кетпеу үшін
бетін мөлдір пластмасса орағышпен жабыңыз. Пеште қолмен КӨТЕРУ
функциясын таңдаңыз. Пеш ішіне тегеш қойып, қамырды көтерілуі
үшін шамамен 1 сағатқа қойып қойыңыз (қамыр көлемі екі есе өсуі
тиіс).
Қамырды мөлшері бірдей бөлкелерге бөліңіз.
Оларды нан пісіретін қағаздың үстіне, тұтқалы табаға салыңыз.
Бөлкелердің бетіне ұн себіңіз.
Бөлкелердің бетінде тіліктер жасаңыз.
Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
НАН пісіру режимін іске қосыңыз.
Піскеннен кейін бөлкелерді гриль сөрелерінің бірінде әбден суығанша
қалдырыңыз.
СИЫР ЕТІ/БҰЗАУ ЕТІ/ЖАС ҚОЙ ЕТІ режимі
Сиыр етін, бұзау етін және жас қой етін пісіру үшін осы функцияны
пайдаланыңыз. Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз. Тамақты
алдын ала қыздырылған пешке де салуға болады. Кейбір ҚУЫРУ
режимдері қажетті пісіру деңгейін таңдауға мүмкіндік береді:
1. белгішесін басыңыз
2. "ЖАҚСЫЛАП", "ОРТАША" немесе "АЗ ҒАНА" опциясын таңдау үшін
басқару тетігін қолданыңыз.
3. түймесін қайтадан басыңыз.
ШОШҚА ЕТІ режимі
Бұл функцияны шошқа етін пісіру үшін қолданыңыз. Тамақты
қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз. Тамақты алдын ала қыздырылған
пешке де салуға болады.
ТАУЫҚ ЕТІ режимі
Бұл функция тауық етін (тұтас немесе бөлшектенген) пісіруге қолайлы.
Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз. Тамақты алдын ала
қыздырылған пешке де салуға болады.
БАЛЫҚ ФИЛЕСІ режимі
Бұл функция кіші және орташа көлемді филелерді пісіруге қолайлы.
Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
ПЕРГАМЕНТКЕ САЛЫНҒАН БАЛЫҚ режимі
Салмағы ең көбі 1 кг тұтас балықты пісіру үшін осы функцияны
қолданыңыз. Қағаз/фольга қаптамасын тікелей май жинайтын табаға
салуға болады. Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
БӘЛІШ режимі
Бұл функция барлық бәліш рецепттері үшін қолайлы ларды әдетте
астынан жақсылап қыздыру керек). Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне
салыңыз. Тамақты алдын ала қыздырылған пешке де салуға болады.
ҮГІТІЛІП ТҰРАТЫН БӘЛІШ режимі
Бұл функция үгітіліп тұратын кондитерлік тағамдарды пісіруді қажет
ететін (әдетте жұмыртқа қосылмайды) немесе ішінде сұйықтық я өте
жұмсақ затпен толтырылған тағамдар рецепттері үшін қолайлы. Тамақты
қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз. Тамақты алдын ала қыздырылған
пешке де салуға болады.
БРИОШЬ режимі
Бұл функция десерт (әдетте табиғи ашытқы қолданылады) пісіруге
қолайлы. Тағамды әлі салқын пештің ішіне салыңыз; қажет болса,
тағамды алдын ала қыздырылған пешке де салуға болады.
PКЕКС режимі
Бұл функция қопсытқышты қамтитын рецепттердің барлығына қолайлы.
Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз. Тамақты алдын ала
қыздырылған пешке де салуға болады.
ДЕСЕРТ режимі
Бұл функция табиғи ашытқы, қопсытқыш қосылып дайындалатын
тәттілерді, сондай-ақ ашытқысыз дайындалатын тәттілерді пісіру үшін

Содержание

Похожие устройства

Скачать