Redmond RBM-M1921 [30/32] Iv сервис орталыққа жолығар алдында

Redmond RBM-M1921 [30/32] Iv сервис орталыққа жолығар алдында
30
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап корпусын және электрлік қоректену сымын суға немесе басқа
сұйықтықтарға батырмаңыз. Нан пісіргіш және оның бөлшектері ыдыс жуу машина-
сында жууға жарамсыз.
Аспапты тазалау барысында қатты сулықтар немесе сіңіргіштер абразивті паста
ларды қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Сондай-ақ кез келген химиялық грессивті немесе
асқа жанасатын заттармен бірге қолдануға кеңес берілмеген басқа да заттарды қол-
дануға болмайды.
1.
Қақпақты ашып, пісіруге арналған қалыпты шығарыңыз, ол үшін оны тұтқасынан аздап
сағат тіліне қарсы бұрап, жоғары тарту керек.
2.
Араластыруға арналған қалақты шешіңіз. Егер қалақ біліктен шешілмесе, пісіруге
арналған қалыпқа жылы су құйып, біршама уақытқа қалдырыңыз. Бұл жабысып қалған
қамырды жібітіп, қалақ жеңіл алынады. Әрбір пайдаланғаннан кейін, қыздырып пісіру-
ге арналған қалыпты тазалаңыз.
3. Аспаптың шешілетін бөлшектерін ыстық суда жұмсақ жуғыш құралмен жуыңыз.
Қалыпты жүйелі пайдаланған кезде оның ішкі күюге қарсы жабынының түсі толықтай
немесе ішінара өзгеруі мүмкін. Бұл іс жүзінде қалып ақаулығының белгісі болып табыл-
майды.
4.
Бұйымның ішкі беті мен корпусын жұмсақ дымқыл асханалық майлықпен немесе
ысқышпен сүртіңіз. Нәзік тазартқыш құралды пайдалануға болады. Корпуста су ақпа-
лары мен сызаттардың алдын алу үшін оны құрғақ қылып сүртуді ұсынамыз. Жуу
құралын ысқышпен немесе шүберекпен толықтай сүртіңіз, әйтпесе кейін ол пісірме
дәміне әсер етуі мүмкін.
Сақтау және тасымалдау
Сақтау және қайта пайдаланудың алдында құралдың барлық бөліктерін тазалап, түгел
құрғатыңыз. Құралды құрғақ желденетін жерде жылыту аспаптарынан алыс және тікелей
күн сәулелерден алыс сақтаңыз.
Тасымалдау және сақтау кезінде құралдың зақымдануына және/немесе ораманың бүтін-
дігіне әкелуі мүмкін құралды механикалық әсерлерге ұшарытуға тыйым салынады.
Құралдың орамасын су мен басқа да сұйықтықтардан сақтау қажет.
I V. СЕРВИС
-
ОРТАЛЫҚҚА ЖОЛЫҒАР АЛДЫНДА
Ақау Ықтимал себептері Жою әдісі
Аспап қосылмайды
Электрқоректену бауы аспа-
пқа және (немесе) электр
розеткасына қосылмаған
Аспапты жөн розеткаға қосыңыз
Электр розеткасы ақаулы.
Электр розеткасында тоқ
жоқ
Ақау Ықтимал себептері Жою әдісі
Аспап қосылды, бірақ арала-
стыру жүрмейді
Сіз қамырды араластыруға ар-
налған қалақты орнатпадыңыз
Пісіруге арналған қалыпты тазартып, қалақты қалып
түбіне орнатып, үрдісті қайтадан басыңыз
Дисплейде «tt» хабарламасы
пайда болды
Бағдарламаны қосқанға дейін
гі нан пешінің ішкі температу-
расы қатты жоғары
Аспапты электр желісінен сөндіріңіз. Аспап қақпағын ашып,
іштегі температура бөлме температурасына дейін төмен-
дегенше күтіңіз. Нан пісіргішті қосып, бағдарламаны
қайтадан іске қосыңыз
Дисплейде «E*» хабарламасы
пайда болды
Температуралық қадаға жұ-
мысындағы ақаулық
Аспапты электр желісінен суырып тастаңыз да, аспаптың
ішкі температурасы бөлмедегідей болғанша күтіңіз. Нан
пісіргішті электрлік желіге қосып, бағдарламаны қайта-
дан іске қосыңыз. Егер хабарлама қайталанса, авторлан
-
дырылған сервис орталығына жүгініңіз
Егер қателікті дұрыстай алмасаңыз, авторизацияланған сервистік орталыққа жүгініңіз.
V. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Осы бұйымға сатып алынған сәттен 2 жыл мерзіміне кепілдік беріледі. Өндіруші кепілдік кезеңі
ішінде жөндеу, бөлшектерді ауыстыру немесе бүкіл бұйымды ауыстыру жолымен материалдар
немесе құрыдың сапасы жетіспеушілігінен туындаған кез келген зауыттық ақауларды жоюға
міндеттенеді. Кепілдік тек сатып алу күні түпнұсқалық кепілдік талонында дүкен мөрімен және
сатушы қолымен расталған жағдайда ғана күшіне енеді. Осы кепілдік тек бұйым пайдалану
бойынша нсұқаулыққа сәйкес қолданылған, жөнделмеген, бұзылмаған және онымен дұрыс
жұмыс істемеу нәтижесінде зақымданбаған, сонымен қатар бұйымның толық жинағы сақталған
жағдайда танылады. Осы кепілдік бұйымның табиғи тозуына және шығын материалдарына
таралмайды (сүзгілер, шамдар, қыш және тефлондық тығыздауыштар және т.б.), сонымен қатар
аккумуляторлық қоректену көздеріне және қоректену батареяларына таралмайды.
Бұйымның қызмет мерзімі мен кепілдік міндеттемелердің жарамдылық мерзімі өндірілген
кезден бастап немесе бұйым жасалған кезден бастап есептеледі (егер сатылған күнін
анықтау мүмкін болмаса).
Аспаптың өндірілген кезі бұйым корпусындағы сәйкестендіру жапсырмасында орналасқан
сериялық нөмірден табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады. 6-ші және 7-шы
белгілер айды, 8-ші — құрылғы шыққан жылды білдіреді.
0 0 0 0 0 1 1 2 3 3 3 3 3
1 — өндірілген айы (01 — қаңтар, 02 — ақпан ... 12 — желтоқсан)
2 — өндірілген жылы (1 — 2011 ж., 2 — 2012 ж. ... 0 — 2020 ж.)
3 — үлгінің сериялық нөмірі
Өндіруші бекіткен аспаптың қызмет ету мерзімі бұйымның пайдаланылуы осы нұсқаулық
пен қолданылатын техникалық стандарттарға сәйкес жүруі жағдайында сатып алынған
күнінен 5 жылды құрайды.
Орамды, пайдаланушы нұсқаулығын, сонымен қатар аспаптың өзін қалдықтарды қайта
өңдеу бойынша жергілікті бағдарламаға сәйкес пайдаға асыру керек. Мұндай бұйымдар-
ды әдеттегі тұрмыстық қоқыспен тастамаңыз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения