Samsung DF60R8600CG [57/200] Жалпы ескертулер

Samsung DF60R8600CG [57/200] Жалпы ескертулер
Қазақ 5 
Қауіпсіздік туралы ақпарат
6. Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде көрсетілген жерлерде қолдануға
арналған:
- дүкендердегі, кеңселердегі және басқа да жұмыс орталарындағы
қызметкерлердің асханаларында;
- ауылдағы үйлерде;
- қонақ үйлерде, мотелерде және басқа да тұрғын үй-жайларда;
- түнету мен таңғы ас беретін орындарда.
7. ЕСКЕРТУ: Бұл құрылғы тек сумен жуылған текстиль заттарды кептіруге ғана
арналған.
Жалпы ескертулер
ЕСКЕРТУ
Ток соғу, өрт шығу және/немесе мерт болуды алдын алу үшін өнімді қолданар алдында осы
нұсқаулықта сипатталғандай өнімнің дұрыс орнатылғанын және жерге тұйықталғанын тексеріңіз.
Өнімді тек өз мақсатында қолданыңыз. Өнімді осы нұсқаулықта көрсетілгеннен басқа мақсаттарда
пайдаланудан туындаған залал кепілдікке жатпайды.
Жарақат алудан және/немесе өнімнің зақымдануын болдырмау үшін өнімді жоғары көтермеңіз, үстіне
шықпаңыз және оған асылып тұрмаңыз.
Өнімді қандай бір жолмен бөлшектеуге немесе өзгертуге әрекеттенбеңіз.
Балаларға өнімге шығып, ішіне кіріп не маңында ойнауға рұқсат бермеңіз. Балаларды әрқашан мұқият
қадағалау қажет.
Өрт, жарақат алу және/не мерт болмау үшін барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстаңыз
және орам материалдарының барлығын қоқысқа дұрыс тастаңыз.
Өнімді дымқыл қолмен ұстамаңыз немесе жұмыс істемеңіз.
Токқа соғылуға және/не өрт шығуына жол бермеу үшін өнімге жануарлар мен бөгде заттардың
жақындауына жол бермеңіз.
Егер бөгде дыбыс естісеңіз, белгісіз иіс сезсеңіз және/немесе өнімнен түтін шыққанын байқасаңыз,
құрылғыны дереу қуат көзінен ажыратыңыз.
Ауыр немесе қауіпті заттарды өнімнің ішіне, үстіне не айналасына қоймаңыз.
Ток соғу, өрт шығармау және/немесе мерт болмау үшін құрылғының қандай бір бөлшегін ауыстыру,
жөндеу не оған қызмет көрсетуге, егер пайдаланушы нұсқаулығында немесе пайдаланушы іске
асыратын жөндеулер нұсқаулығында осы туралы арнайы көрсетілмесе немесе осы жұмыстарды
орындайтын дағдыңыз болмаса, онда орындамаңыз.
Untitled-9 5 2019-11-14 PM 5:13:21

Содержание

Похожие устройства