Samsung DF60R8600CG [99/200] Тексеру нүктесі

Samsung DF60R8600CG [99/200] Тексеру нүктесі
Қазақ 47 
Ақаулықты түзету
Тексеру нүктесі
Ақаулық Әрекет
Құрылғы іске
қосылмайды.
Құрылғыны іске қосу үшін Қуат тетігін түртіңіз.
Қуат сымының дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Айырып-қосқыштың қосылғанын тексеріңіз.
Қуат сымының осы құрылғыға арнайы есептелген электр розеткасына
қосылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Есіктің жабық екеніне көз жеткізіңіз, содан кейін Бастау/Үзіліс
түймесін түртіңіз.
Су аққан немесе қайнаған кездегі тәрізді дыбыс естісеңіз, құрылғы
бумен өңдеу циклын орындауға дайындалуда. Бұл қалыпты жағдай.
Бала қауіпсіздігі құралының сөндірулі екеніне көз жеткізіңіз.
Судан басқа сұйықтықты қолдансаңыз, құрылғы жұмыс істемеуі мүмкін.
Жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыдан дыбыс
етіледі.
Компрессор жұмыс істеген кезде құрылғыдан дыбыс шығуы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай.
Ауа айналған кезде құрылғыдан дыбыс шығуы мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай.
Құрылғы бумен өңдеу алдында және өңдеу барысында дыбыс шығаруы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Құрылғы суды сорып шығару және ағызу кезінде дыбыс шығарады. Бұл
қалыпты жағдай.
Есікті ашқан кезде, су түтік арқылы ағып жатқанда, су құятын сауыттан
дыбыс естілуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Егер дыбыс күшейіп кетсе, Samsung қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Басқару панелі жұмыс
істемейді.
Құрылғыны қуат көзіне қосқаннан кейін сәл күтіп, содан кейін қайталап
көріңіз. Басқару панелі қуат сымы қосылғаннан кейін 10 секунд ішінде
жауап береді.
Басқару панелін тазалап, әрекетті қайталаңыз. Егер мәселе сонда да
жалғасса, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғы дірілдейді.
Құрылғының орнықты және тегіс жерге қойылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының орнықты тұрғанына көз жеткізіңіз.
Су құятын сауыт бір
рет пайдаланғаннан
кейін босап қалады.
Алғаш пайдаланған кезде құрылғы көбірек су жұмсайды. Бұл қалыпты
жағдай.
Есіктен бу немесе ауа
шығады.
Есікке заттардың қыстырылып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Есіктің дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Untitled-9 47 2019-11-14 PM 5:13:33

Содержание

Похожие устройства