Samsung DF60R8600CG [59/200] Электрге қатысты ескертулер

Samsung DF60R8600CG [59/200] Электрге қатысты ескертулер
Қазақ 7 
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Электрге қатысты ескертулер
ЕСКЕРТУ
Құрылғының ашасы қосылатын ағытпалар мен түйіспелеріндегі шаң немесе су тәрізді бөгде заттарды
құрғақ шүберекпен үнемі тазалап отырыңыз.
Ашаны розеткадан суырыңыз да, құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
Токқа соғылу қатерін болдырмау үшін құрылғыны бөлшектеу немесе жөндеу алдында әрқашан қуат
көзінен ажыратыңыз.
Ашаны розеткадан қорек сымынан тартып суырмаңыз. Қуат ашасын ток көзінен ағыту үшін тура
тартып, розеткадан суырыңыз.
Токқа соғылу қатерін болдырмау үшін ұзартқыш сымды пайдаланбаңыз.
Зақымдалған қуат сымын немесе қуат ашасын пайдаланбаңыз. Қуат сымын немесе қуат ашасын
өзіңіз жөндеуге, бөлшектеуге немесе өзгертуге әрекеттенбеңіз. Жөндеу мәселелері бойынша жақын
жердегі Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қуат сымын жергілікті электр талаптарына сәйкес келетін розеткаға сұғыңыз. Розетканы тек осы
құрылғы үшін пайдаланыңыз және ұзартқышты пайдаланбаңыз.
Өнімді жылжытқан кезде, қуат сымының әрқашан қорғалып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Ток соғу, өрт шығу, ауыр жарақаттың алдын алу, өнімді зақымдау және/немесе мерт болмау үшін
құрылғыны жерге дұрыс тұйықталған розеткаға қосу керек. Қабырғадағы розетка мен айырып-
қосқышты білікті электрші тексергеніне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны жерге тұйықтайтын өткізгіш пен жерге қосатын ашамен жабдықтау керек. Қуат ашасын
барлық жергілікті нормалар мен ережелерге сәйкес жерге тұйықталған және дұрыс орнатылған
розеткаға қосу керек.
Құрылғыны жерге тұйықтау керек. Құрылғы сынып немесе жұмыс істемей қалса, жер қосылымы
электр тоғының ағымын, кедергісі ең төмен жолға бағыттау арқылы электр қатерінен азайтады.
Құрылғыны пайдалану алдында оның арнайы, жерге тұйықталған электр розеткасы бар екенін
тексеріңіз. Стандартты 2 контактілі қабырғалық розетканы стандартты 3 контактілі розеткаға
айырбастау - пайдаланушының міндетіне жатады.
Токқа соғылу қатерін болдырмау үшін құрылғыны барлық басшылыққа алынатын нормалар мен
ережелерге сәйкес жерге дұрыс тұйықтау қажет. Пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларды
орындаңыз.
Құрылғыны техникалық ақпарат тақтайшасында берілген кернеуі бар, жеке электр розеткасына
қосу керек. Бұл құрылғының жұмысын жақсартады, сондай-ақ қызып кеткен сымдар, үйдегі электр
тізбектеріне шамадан тыс жүктеме салып, өрт қаупін тудырмау үшін қажет.
Электр жүктемесін арттырмау үшін техникалық параметрлері және өлшемі сай келетін, қорғалған
қуат тізбегіне қосыңыз. Сәйкес келмейтін қуат тізбектері балқып, электр немесе өрт қатерін тудыруы
мүмкін.
Жерге тұйықтайтын контактіні ешқашан қорек сымынан кеспеңіз және ажыратпаңыз. Адам жарақат
алмау немесе құрылғы зақымданбау үшін қуат сымын жерге дұрыс тұйықталған розеткаға қосу керек.
Untitled-9 7 2019-11-14 PM 5:13:21

Содержание

Похожие устройства