Samsung DF60R8600CG [96/200] Қақты тазарту

Samsung DF60R8600CG [96/200] Қақты тазарту
Тазалау және күтім көрсету
Қазақ44 
Тазалау және күтім көрсету
Қақты тазарту
Өнімділікті арттыру және өнімнің қызмет мерзімін ұзарту үшін қақты үнемі тазалап отырыңыз. Егер
ескерту хабарламасын алғаннан кейін қақты бірден тазаламасаңыз, кейбір функциялардың қолданылуы
шектеліп, өнімділіктің төмендеуіне немесе бұйымның қызмет ету мерзімінің қысқаруына әкелуі мүмкін.
1. Дисплейде Descaling Required (Қақты тазалау қажет) деген хабарлама пайда болғанда, бұйымнан
барлық заттарды алып, содан кейін Гигиена (Зарарсыздандыру) және Сушка (Құрғақ) түймелерін 3
секунд басып тұрыңыз.
2. Су құятын және суды төгетін сауыттарды босатыңыз.
3. Өндірушінің нұсқаулығына сәйкес қақты кетіретін құралды сумен сұйылтыңыз.
4. Су құятын сауыттың MAКС. белгісіне дейін сұйылтылған қақтан тазалайтын құралды құйыңыз.
5. Қақты тазалай бастау үшін Бастау/Үзіліс түймесін басып тұрыңыз.
- Егер қақтан тазалау кезінде дисплейде Слейте воду (Су төгу) хабары пайда болса, су төгетін
сауытты босатыңыз.
6. Дисплейде Добавьте/Слейте воду (Сауытты қайта толтыру/төгу) хабары пайда болған кезде, су
құятын және суды төгетін сауыттарды босатып, оларды жақсылап шайыңыз.
7. Су құятын сауытты MAКС. белгісіне дейін таза сумен толтырып, содан кейін су құятын және суды
төгетін сауыттарды салыңыз.
8. Дисплейде Проверено наличие воды (Жабдықтау/Төгу аяқталды) хабары пайда болған кезде
Бастау/Үзіліс түймесін басып тұрыңыз.
- Егер қақтан тазалау кезінде дисплейде Слейте воду (Су төгу) хабары пайда болса, су төгетін
сауытты босатыңыз.
9. Қақты тазалау аяқталғаннан кейін су төгетін сауытты босатып, су құятын сауытқа су құйыңыз.
- Осы қадамдарды аяқтағаннан кейін AIRDRESSER құрылғысын қолдана аласыз.
ЕСКЕРІМ
Қақты тазалау барысында діріл және шуыл естілуі мүмкін, бұл қалыпты жағдай және құрылғы ақаусыз
жұмыс істеп тұр.
Қақты тазалағаннан кейін бұйымды алғаш рет пайдаланғанда Залейте воду (Су толтыру) деген
хабарлама пайда болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Су құятын сауытты сумен толтырып, әрі қарай
жұмыс істеуді жалғастыру үшін Бастау/Үзіліс түймесін басыңыз.
Қақ тазалағыш құрал жақсылап шайылмаса, көпіршіктер пайда болуы мүмкін. Қақты тазалағаннан
кейін, су құятын және суды төгетін сауыттарды міндетті түрде шайыңыз.
Untitled-9 44 2019-11-14 PM 5:13:33

Содержание

Похожие устройства