Samsung DV90T5240AT [105/168] Ақаулықты түзету

Samsung DV90T5240AT [105/168] Ақаулықты түзету
Қазақша
Қазақша
49
Ақаулықты түзету
Тексерілетін мәселелер
Егер кептіргішке қатысты ақаулық пайда болса, әуелі төмендегі кестені қарап, ұсыныстарды
қолданып көріңіз.
Ақаулық Әрекет
Кептіргіш іске
қосылмайды.
Кептіргіш розеткаға қосылып тұрғанын тексеріңіз.
Есіктің дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғышты тексеріңіз немесе айырып-қосқышты қайта
қалпына қойыңыз.
Цикл барысында есікті ашқан болсаңыз,
түймесін қайта басып
тұрыңыз.
Сүзгіні тазалаңыз.
Замок от детей (Бала қауіпсіздігінің құралы) сөндірулі екеніне көз
жеткізіңіз.
Кептіргіш қызбай тұр.
Сақтандырғышты тексеріңіз немесе айырып-қосқышты қайта
қалпына қойыңыз.
Қыл-қыбыр сүзгісі мен қызу алмастырғышты тексеріңіз. Қажет
болса, оларды тазалаңыз.
Кептіргіш циклдің салқындату кезеңінде болуы мүмкін.
Бұйымдар кептірілмеген.
Жоғарыдағылардың барлығын тексеріп көріңіз. Сондай-ақ:
Кептіргіш машинаны артық жүктемеңіз. Кептіргіш артық жүктелген
болса, бұйымдарды кептіру үшін көбірек уақыт кетуі мүмкін.
Ауыр маталы бұйымдарды жеңіл маталы бұйымдардан бөлек
кептіріңіз.
Бұйым(дар) тым кіші болып, барабанның ішінде жеткілікті
деңгейде айналмаған болуы мүмкін.
Сүзгіні тазалаңыз.
Жылу алмастырғышты тазалаңыз.
Төгу шлангісі жалғанған болса, су дұрыс ағып тұрғанын тексеріңіз.
Кептіргіштің даусы қатты
шығады.
Тиындар, түймелер, инелер және басқа да нысандар бар-жоғын
тексеріп, оларды дереу алып тастаңыз.
Қыл-қыбыр сүзгісін тексеріңіз. Қыл-қыбыр сүзгісінің ішінде
кептеліп қалған бұйымдарды алып тастаңыз.
Кептіргіштің деңгейленгенін және еденге орнықты орнатылғанын
тексеріңіз.
Барабандағы және желдеткіштегі ауаға байланысты кептіргіштен
ызыңдаған дыбыс шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Бұйымдар біртегіс
кептірілмеген.
Киімнің басқа жерлеріне қарағанда тігістерін, қалталарын және
басқа бөліктерін кептіру оңай емес. Бұл қалыпты жағдай.
Жеңіл және ауыр заттарды жеке-жеке сұрыптаңыз.
U-PJT_DRYER_SimpleUX_DC68-04169J-00 (LP)_KK.indd 49 2020/12/1 9:16:29

Содержание