Samsung DV90T5240AT [72/168] Орнату

Samsung DV90T5240AT [72/168] Орнату
Қазақша
Орнату
Қазақша
16
Орнатуға қойылатын талаптар
ЕСКЕРІМ
Кептіргішті білікті орнатушы орнату керек. Теріс немесе ақаулы орнату жұмыстарына байланысты
сервис қажет болса, бұған пайдаланушы өзі жауапты және кепілдік заңды күшінен айырылуы
мүмкін. Нұсқауларды кейін қарап жүру үшін сақтап қойыңыз.
ЕСКЕРТУ
Кептіргішті орнату жұмыстары аяқталмай тұрып ашаны розеткаға қосуға болмайды.
Кептіргішті міндетті түрде екі не бұдан көп адам орнынан жылжытуы керек.
Балаларға немесе үй жануарларына кептіргіштің ішінде, үстіне шығып не айналасында ойнауға
рұқсат бермеңіз. Әрқашан тиісті түрде қадағалау керек.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстаңыз.
Зақым келген қуат сымын немесе қуат ашасын өзіңіз ауыстырмаңыз. Зақым келген қуат сымын
немесе қуат ашасын Samsung технигіне немесе білікті техникке ауыстыртып алыңыз.
Кептіргішті өзіңіз жөндеуге, бөлшектеуге немесе өзгертуге әрекеттенбеңіз. Кез келген жөндеу
жұмыстарын орындау үшін Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Балалар тұншығып қалмау үшін тасталған құрылғылардың барлығының есіктерін/қақпақтарын
ағытып алыңыз.
Егер құрылғыдан тосын шуыл, көңірсіген немесе түтін иісі шықса, ашаны дереу розеткадан
суырыңыз да, жақын Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Жұмыс істеп тұрған кептіргішті тоқтан ағытпаңыз.
Кептіргіштің қасына тұтанғыш заттарды қоймаңыз.
Электр желісіне және жерге тұйықтауға қойылатын шаралар
Кептіргішті жерге дұрыс тұйықтау керек. Егер кептіргіш сынып немесе жұмыс істемей қалса,
жер қосылымы, электр тоғының ағымына ең аз қарсылық көрсететін жолды ұсыну арқылы
электр қатерінен сақтандырады. Кептіргіш 3-істікшелі жерге тұйықтау ашасы бар қуат сымымен
бірге жеткізіледі. Ашаны барлық жергілікті ережелерге және заңнамаларға сәйкес орнатылған
және жерге тұйықталған тиісті қуат көзіне қосу керек.
Электрге немесе жерге тұйықтау талаптарына қатысты сұрақтарыңыз болса, Samsung
орталығына немесе білікшті электршіге хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ
Қуат сымын тоғы жерге тұйықталған 3 істікті розеткаға жалғаңыз.
Нұқсан келген ашаны, қорек сымын немесе босап қалған розетканы қолданбаңыз.
Адаптерді немесе ұзартқыш сымды пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жерге тұйықтайтын өткізгіш дұрыс жалғанбағанда электр қатері орын алады.
Кептіргіштің жерге дұрыс тұйықталғанына сенімсіз болсаңыз, білікті электр маманына
хабарласыңыз.
Қуат ашасын, сымын немесе қуат көзін өзгертпеңіз.
Жерге тұйықтайтын сымды ешқашан пластик құбыр жүйесіне, газ жүйелеріне не ыстық су
құбырына жалғамаңыз.
U-PJT_DRYER_SimpleUX_DC68-04169J-00 (LP)_KK.indd 16 2020/12/1 9:16:19

Содержание