Samsung DV90T5240AT [96/168] Іске пайдалану

Samsung DV90T5240AT [96/168] Іске пайдалану
Қазақша
Іске пайдалану
Қазақша
40
SmartThings
Wi-Fi байланысы
Смартфонның Settings (Параметрлер) қойындысына өтіп, сымсыз байланысты қосып, КП (Кіру
протоколы) таңдаңыз.
Бұл құрылғы Wi-Fi 2,4 ГГц протоколдарына қолдау көрсетеді.
Жүктеу
Қолданба нарығынан (Google Play дүкені, Apple App дүкені, Samsung Galaxy қолданбалары)
SmartThings қолданбасын “SmartThings” көзін қолданып табыңыз. Қолданбаны құрылғыңызға
жүктеңіз және орнатыңыз.
ЕСКЕРІМ
Қолданба жұмысты жақсарту үшін алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Сонымен қатар операциялық жүйеңізде жаңартуларға қолдау көрсетілген жағдайда да,
қолданбадағы қосымша жаңартулар немесе қолданбадағы функция пайдалану және қауіпсіздік
себептеріне байланысты тоқтатылуы мүмкін.
Жүйеге кіру
Әуелі Samsung Connect қолданбасына Samsung есептік жазбаңызбен кіріңіз. Samsung есептік
жазбасын жасау үшін қолданбадағы нұсқауларды орындаңыз. Есептік жазба жасау үшін жеке
қолданба қажет емес.
ЕСКЕРІМ
Samsung есептік жазбаңыз бар болса, оны жүйеге кіру үшін пайдаланыңыз. Тіркелген Samsung
смартфон пайдаланушысы жүйеге автоматты түрде кіреді.
Құрылғыңызды SmartThings қолданбасына тіркеу үшін
1. Смартфонның сымсыз желіге қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз. Қосылмай тұрса, Settings
(Параметрлер) қойындысына өтіп, сымсыз байланысты қосып, КП (Кіру протоколы) таңдаңыз.
2. Смартфоныңызда SmartThings қолданбасын ашыңыз.
3. A new device is found.” (Жаңа құрылғы табылды.) жазуы көрінгенде Add (Қосу) параметрін
таңдаңыз.
4. Ешбір хабар көрінбесе + таңдап, қолжетімді құрылғылар тізімінен құрылғыны таңдаңыз.
Құрылғы тізімде болмаса, Device Type (Құрылғы түрі) > Specific Device Model (Нақты құрылғы
үлгісі) таңдап, құрылғыны қолмен қосыңыз.
5. Құрылғыңызды SmartThings қолданбасына төмендегіше тіркеңіз.
a. Құрылғыңызды SmartThings қолданбасына қосыңыз. Құрылғыңыздың SmartThings
қолданбасына қосылғанына көз жеткізіңіз.
b. Тіркеу аяқталғанда құрылғы смартфонда пайда болады.
U-PJT_DRYER_SimpleUX_DC68-04169J-00 (LP)_KK.indd 40 2020/12/1 9:16:26

Содержание