Samsung DV90T5240AT [106/168] Ақаулықты түзету

Samsung DV90T5240AT [106/168] Ақаулықты түзету
Қазақша
Ақаулықты түзету
Қазақша
50
Ақаулық Әрекет
Кептіргіштен иіс келіп
тұр.
Бояу, лак, тазалау құралдары және басқа да тұрмыстық
нысандардың иісі ауада болып, кептіргішке кіруі мүмкін. Мұндай
істерді байқасаңыз, кептіргішті пайдаланудан бұрын толықтай
желдетіңіз.
Жабық аймақта кептіретін болсаңыз, кептіргіш орта
температурасының артуына себеп болуы мүмкін. Сәйкесінше
терезелерді ашып, бөлмені желдетіңіз.
Ылғал киімдерді кір жуу машинасында немесе кептіргіште ұзақ
уақыт қалып қойғаннан кейін кептіруге әрекет етпеңіз.
Кептіргіш бұйымдар
кептірілмей өшеді.
Салынған кір өте аз. Сүлгілер сияқты қосымша бұйымдарды салып,
қайта кептіріп көріңіз.
Киімдердің түктері бар.
Бұйымдарды кептіргіштің ішіне салмас бұрын, қыл-қыбыр
сүзгісінің тазалығын тексеріңіз. Көп мөлшерде түктерді жинайтын
бұйымдарды кептіру кезінде, қыл-қыбыр сүзгісін циклдің
ортасында тазалау қажет болуы мүмкін.
Кейбір маталар (ақ сүлгілер сияқты) көбірек түк шығарады және
түктер оңай жабысатын басқа бұйымдардан (қара зығыр шалбар
сияқты) бөлек кептірілуі керек.
Кептіруден бұрын қалталар бос екенін тексеріңіз.
Кептіргіштің
айналасындағы
температурасы артады
немесе ылғалдың иісі
шығады.
Қыздырғыш сорғысы бар кептіргіштер жүйені салқындату үшін,
кептіру процесі барысында кептіргіштің ішіндегі және сыртындағы
ауаны айналдырады. Кептіргішті нашар желдетілетін аймақта
пайдалану пайдалану ортасына байланысты орта ылғалдылық
деңгейін арттыруы және/немесе ылғалдықтың иісі шығуына себеп
болуы мүмкін. Кептіргішті пайдалану кезінде дұрыс желдетіңіз.
Су төгілмей тұр.
Төгу шлангісінде бұралған және бүгілген жерлері бар-жоғын
тексеріңіз.
Шланг бұралған немесе бүгілген болса, оны түзулеп, едендегі ағызу
жүйесіне бекем жалғаңыз.
Ағызу шлангісі қатып қалмағанын тексеріңіз.
Шланг қатып қалған болса, жылы суға салып, шлангінің ішіндегі
суды ерітіңіз және ағызыңыз. Шлангіні қайта жалғап, дұрыс ағып
тұрғанын тексеріңіз.
Егер мәселе сонда да шешілмесе, жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
U-PJT_DRYER_SimpleUX_DC68-04169J-00 (LP)_KK.indd 50 2020/12/1 9:16:29

Содержание