Samsung DV90T5240AT [61/168] Ескерту

Samsung DV90T5240AT [61/168] Ескерту
Қазақша
Қазақша
5
Қауіпсіздікке қатысты маңызды ескертулер
ЕСКЕРТУ
Осы құрылғыны пайдаланған кезде өрт, электр немесе жарақат алу қатерін азайту
үшін, негізгі сақтық шараларын, соның ішінде келесі шараларды орындаңыз:
1. Бұл құрылғыны кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем немесе
құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса
алғанда) пайдаланбауға және олар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның
нұсқауы немесе қадағалауы бойынша ғана пайдалануға тиіс.
2. Еуропада пайдалану үшін: Бұл құрылғыны жасы 8-ден асқан балалар қолдана
алады және кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем немесе құрылғыны
қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса алғанда)
пайдаланбауға және өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе
қадағалауы бойынша ғана пайдалануға тиіс. Балалар құрылғымен ойнамауға тиіс.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын ересек адамдардың қарауынсыз
орындамауы керек.
3. Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.
4. Егер қорек сымына зақым келсе, қатерлі жағдай орын алмас үшін оны өндіруші
немесе өндірушінің уәкілетті агенті немесе сол сияқты білікті адам ауыстыруға тиіс.
5. Құрылғымен бірге жеткізілген жаңа түтіктер жинағын қолдану керек, ескі түтіктер
жинағын қайта қолдануға болмайды.
6. Желдеткіш саңылаулары табанында орналасқан құрылғылардың саңылауларын
кілем немесе басқа заттар бөгеп тастамауы керек.
7. Еуропада пайдалану үшін: 3 жасқа толмаған балаларды үздіксіз бақылап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
8. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Тоқты айырып-қосқыштардың параметрін дұрыс орнатпау
нәтижесінде тоқ сөніп қалған жағдайда қауіпті жағдайларға жол бермеу үшін бұл
құрылғыға таймер тәрізді сыртқы құралды орнатпау керек немесе құрал арқылы
жиі қосылатын және сөндірілетін тізбекке қоспау керек.
9. Өндірістік химикаттармен тазаланған заттарды кептіргіш машинамен кептіруге
болмайды.
U-PJT_DRYER_SimpleUX_DC68-04169J-00 (LP)_KK.indd 5 2020/12/1 9:16:17

Содержание