Samsung DV90T5240AT [68/168] Қауіпсіздік шаралары

Samsung DV90T5240AT [68/168] Қауіпсіздік шаралары
Қазақша
Қауіпсіздік шаралары
Қазақша
12
Тазалауға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
Құрылғының бетіне суды тура бүркіп тазаламаңыз.
Құрылғыны бензол, сұйылтқыш немесе спирт тәрізді заттармен тазаламаңыз.
Себебі, құрылғының түсі кетіп, деформацияланып, бүлініп, электр қатері орын алып немесе өрт шығуы
мүмкін.
Тазалау немесе жөндеу жұмыстарын орындар алдында, құрылғыны розеткадан ажыратыңыз.
Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Сүзгінің корпусын кептіргішті пайдалану алдында және пайдаланып болғаннан кейін тазалаңыз.
Құрылғының ішін уәкілетті техникке мезгіл-мезгіл тазалатып отырыңыз.
Қызу алмастырғышты жұмсақ шөткемен не шаңсорғышпен айына бір рет тазалаңыз.Қызу алмастырғышты
қолыңызбен ұстамаңыз. Бұлай істемегенде, күйіп қалуыңыз мүмкін.
Кептіргіштің ішкі жағын білікті маман уақытылы тазалауы керек.
Мұздаудың алдын алу шарасы
Кептіргішті температура Цельсий бойынша нөлден төмендемейтін орынға орнатыңыз.
Ұзын ағызу шлангісін пайдалану арқылы ағызылатын болса, шлангінің ішінде қалған су қыста қатып қалуы
мүмкін. Пайдаланғаннан кейін шлангінің ішінде су қалмағанына көз жеткізіңіз.
Ағызу шлангісі қатып қалса, шлангідегі суды еріту үшін, оны жылы суға малынған сүлгімен шамамен он минут
орап қойыңыз.
U-PJT_DRYER_SimpleUX_DC68-04169J-00 (LP)_KK.indd 12 2020/12/1 9:16:17

Содержание